Қазақ мәдениетінің дәстүрлі музыкалық аспаптары, кино және театр тарихы мен қазіргі жағдайы


Slide 1

Мәдениет

Slide 2

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет - адам жасаған «екінші табиғат».

Slide 3

Қазақтың саз аспаптары - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз. Қазақтың музыка аспаптарын Мәскеу, Санкт-Петербор, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларынан да кездестіруге болады. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 20-дан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде музыка аспаптарын жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты, аңды үркіткенде, бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда пайдаланған.

Топтастырылуы

Аспаптарды бес топқа бөлуге болады:

дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар: сазсырнай, қоссырнай, қамыссырнай, мүйізсырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней;

дыбысы шек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетіген, шертер, екі және үш шекті домбыралар, қылқобыз;

жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап: шаңқобыз немесе шаңқауыз;

аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар: даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, кепшік, шың;

аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы - асатаяқтың бірнеше түрлері.

Қазіргі жағдай

Көне музыка аспаптарының табылуымен байланысты музыка мамандарының алдына жаңа міндеттер жүктелді. Ол міндеттер көне аспаптарды жетілдіріп жасап шығару, орындаушыларды тәрбиелеу, түрлі ансамбльдер ұйымдастыру, т. б. Музыкалық аспап жасау шеберлері Оразғазы Бейсембайев пен Абузар Аухадиев көне аспаптардың біраз түрлерін жаңартып жасап шығарды. Жетігенді, шертерді, үш шекті домбыраны, сыбызғыны, шаңқобызды, қылқобызды, асатаяқтың көптеген түрлерін меңгеріп ансамбльге қосып, жеке ән-күй орындап жүрген жас музыканттарымыз да бар. Орындалатын көне күйлердің кейбірі халқымыздың өткендегі тұрмыс салтын, табиғатын бейнелейтін, осы күнге дейін ұмытылып қалып тартылмай келген.

Саз аспаптары

Slide 4

ДОМБЫРА

Slide 5

Нарқобыз

Қылқобыз

Slide 6

Шертер

Slide 7

АДЫРНА

Slide 8

Кино

Қазақ киносы - Қазан төңкерiсiнен кейiн пайда болды.

20 ғ. басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшiк кино залы жұмыс iстедi. Олар негiзiнен iрi қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т. б. ) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бiрiншi киносеанстар 1910 жылдан көрсетiле бастады.

Киноның алғашқы белсендi насихатшыларының бiрi - Ә. Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерiнде саяхатта болып, Испания, Үндiстан, Қытай, т. б. елдердiң өмiрiнен түсiрiлген этногр., тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келдi.

1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерiнiң 5-съезiн Мәскеу киношежiрешiлерiнiң пленкаға түсiруi Қазақстандағы бiрiншi кино түсiру қадамы болып саналады. Сол жылы орт. «Культкино» студиясы жасаған «ҚАССР-нiң 1 жылдық мерекесi» атты тұңғыш деректi фильм шықты (қ. Кино) .

Киноның негiзгi түрлерi: көркем фильм, ғылыми-көпшiлiк кино, деректi кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бiр саласы, фильмнiң әдеби, көркемдiк негiзi болып табылатын - кинодраматургия, кино өнерiнiң жанры, бейнелеу құралдарының бiрi - киномузыка және тұтастай кино өнерi мен оның ерекшелiктерiн, түрлерiн және жанрларын зерттейтiн ғылым саласы - кинотану ғылымы дамыды.

Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн де қазақ киносы өзiнен бұрынғы дәстүрдi лайықты жалғастыра отырып, әлемдiк кино өнерi туындыларының байқауларында жүлделi орындарға ие болды.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Қазақ театры

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры - 1934 жылы 13 қаңтарда М. Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен ашылды. Қойылым барысында Иван Коцыктың өңдеуімен жазылған қазақ халқының халық әндері мен күйлері орындалды. Спектаклдің қол жеткен табысы орасан болды, барлық ел жаңа театрдың ашылғанынан хабардар болды.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ көне музыкалық аспаптарының қалпына келтірілуі және Қазақ халық музыкалық саз аспаптары музейінің қазіргі жағдайы
Кеңес кезеңіндегі Қазақстан мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы: театр, музыка, көркемсурет, кино және әдебиет
Қазақ дәстүрлі музыкалық аспаптары мен күйлері: түрлері және орындаушылық дәстүрлер
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары: сипаттары мен тарихи маңызы
Қазақ мәдениетінің бастаулары: көшпелілік өркениеті мен музыкалық мұра тарихы
Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары: домбыраның құрылымы, тарихы және дәстүрдегі рөлі
Қазақстанның опера, театр және кино өнерінің қалыптасуы мен тарихи дамуы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: тарихы, түрлері және сипаттамасы
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары: домбыра, қобыз және көне үрмелі, шертпелі, ұрмалы аспаптар
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: тарихы, құрылысы және орындау дәстүрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz