Отырар өлеңі
Презентация қосу
Қазыбек би атындағы
№36 жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет
пән мұғалімі Алахунова
Райхан Керімқызы
Мұхтар Шахановтың
«Отырар» өлеңі
5-сынып
Сабақтың мақсаты:
білімділік: әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға,салыстыруға дағдыландыру.
дамытушылық: оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру,
әдеби шығарманы талдау біліктілігін дамыту.
тәрбиелік: туған жерді қастерлеуге, оны аянбай қорғауға, ата-бабаларымыздың
ерлік рухын сезіндіру арқылы ұлтжандылыққа, азаматтыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі, бейнелеу, тарих.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгелдеу;
ә) оқушылардың назарын аудару;
б) сабақтың тақырыбы мен оның мақсаттарымен таныстыру;
Ой қозғау.
М.Шаханов туралы не білеміз?
М.Шаханов туралы
не білеміз?
Жаңа сабақ
І. М.Шахановтың «Отырар» өлеңінің
1-ші бөлімін мәнерлеп оқу.
1. Сұрақ: Шыңғыс пен Шағатай тілдесулерінен не
ұқтыңдар? Шыңғыс сөзін әңгімелеп айтып беріңдер.
2. Сұрақ: Шағатай әкесі Шыңғысқа не деп жауап
берді? Шағатай сөзінде халық ерлігін мойындау бар
ма?
ІІ. М.Шахановтың “Отырар” өлеңінің басты түйінді
оқиғаларына тоқталу. “Отырар” өлеңінің 2-ші бөлімін
мәнерлеп оқу арқылы оқушыларға тыңдату.
«Отырар» өлеңінің басты түйінді оқиғаларына
тоқталу.
1219 жылы қыркүйек айында Шыңғыс хан жасағы Отырар қаласын 200 мың
әскермен қоршап алды. Бірақ қаншама шабуыл жасағанмен, моңғолдар қаланы ала
алмады. Шыңғыс хан қаһарланып: «Бүкіл қол қырылса да, Отырарды алу керек!»- деп
бұйрық береді. Күн санап Отырар тұрғындарының жағдайы нашарлайды. Азық-түлік,
су таусылады. Әскер басшысы опасыздық жасап, қараңғы түнде өздері қорғап тұрған
қаланың қақпасын ашып жібереді. Жау әскерлері кәрі-жас, бала-шаға демей қала
халқын қырып салады. Қалаға жаппай өрт қояды. Отырардың аянышты зарлы өмірі
басталады. Алты ай бойы берілмеген әлемге әйгілі Отырар қаласының орнында төбе-
төбе топырақ пен күл үйінділері қалады. (Сурет: Шығысхан портрет, Отырар шайқасы,
сол кездегі жер картасы).
Қайырхан шамамен 1165-1220 жылдары өмір сүрген Отырар қаласының
билеушісі болған. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын «Отырар опаты» деген атпен
берілген.
Осы тарихи шындықты ақын Мұхтар Шаханов негізге ала отырып, сыртқы
басқыншы жауға қарсы күрескен Отырар халқының ерлік ісін, оның басшысы
Қайырханды мақтап жырлайды. Сол арқылы Отанына, еліне опасыздық жасаған
сатқынның қай дәуірде де алар сазайын сездіреді.
ІІІ. Сұрақ: «Отырар» өлеңіндегі оқиғалар мазмұнына қарай бөлімдерге бөліп,
өлең шумақтарымен көрсетіңдер.
а) Кіріспе бөлімі:
Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала-алмау...
Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба.
ә) Негізгі бөлім:
1.Әр мықтының осал жері болмай ма?
Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында...және
2. Қайран тірлік,
бақ пен сор қырқысқан
Түлкі-сайға,
Қыран өрге тырмысқан.
б) Қорытынды бөлімі:
Жылан туса жыланнан,
Құлан туса құланнан,
Таңданатын түк те жоқ.
Бірақ жылан қалай туды қыраннан?
ІV. Сұрақ: Өлең мазмұнына сүйене отырып, Қайырхан мен Қарашоқыға
мінездеме беріңдер.
Оның бірі – аты аңызға айналған, Екіншісі – қара мұртты қара түн,
Алты ай бойы Отырарды Қара түнде қаққан қара қанатын,
Құтқарам деп арпалысқан қайраннан,
Шағатайға Отырардың қақпасын
Аман өткен сан алапат майданнан,
Ашып берген Қарашоқы болатын
Жүрек шамы ізгіліксіз жалғайтын,
Қанаттыны талаптыға жалғайтын,
Фараби мен Йасауидың жырларын
Таңнан-таңға жатқа айтудан талмайтын,
Әрі өзгеше ел басқару мәнері
Отырардың Қайыр ханы еді.
V.Сұрақ: Опасыздық жасаған Қарашоқыға Шыңғыс қандай баға берді?
Өлеңнен тауып, оқыңдар.
...Сорлы Отансыз
Қарайыпсың қаныңа
Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату
Ұқсамай ма табиғаттың заңына?-
VI. Сұрақ: Қайырхан нені армандады? Ол арманы орындалды ма? Жауабын
рольге бөліп, оқу.
VII. Дәптермен жұмыс. Ақынның тапқырлықпен айтылған сөздерін өлеңнен
тауып, жазу.
а)Ойы – дауыл,
Сезімі – аспан.
ә)Рухы -өр,
Тәні –бекем.
б)Қайран тірлік, бақ пенен сор қырқысқан,
Түлкі – сайға,
Қыран өрге тырмысқан.
в)Тірліктен де артық қойған бірлікті.
VIII. Сұрақ: өлең мәтінінен көнерген сөздерді тауып, атап бер.
IX. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
1. Ер басына күн туса жүректен.
2. Мейірімділік еңсесі биік.
Мейірімсіздік етігімен су кешер.
3. Елін сүйгеннің ел намысы.
4. Ер намысы – ез мың өледі.
5. Ер бір рет өледі, білектен.
Сабақты бекіту. Семантикалық карта. Берілген сөздердің дұрыс
жауабын көрсету.
Сабақты қорыту. Қайыр хан мен Қарашоқы қасиеттерін салыстыру.
Қайырхан Ұқсастығы Қарашоқы
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
1. «Отырар»өлеңінен ұнаған үзіндіні жаттау.
2. «Отырар» өлеңінің мазмұнын айту .
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz