Негіздердің химиялық формулалары



Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Жаңа сабақты меңгеру, білімдерін жетілдіру.
2. Дамытушылығы:
Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және білімге
деген ынтасын арттыру,
есте ұстау қабілетін жетілдіру.
3. Тәрбиелілігі:
Оқушыларды ұқыптылыққа,
инабаттылыққа, тазалыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу,
қауіпсіздік ережесін есте ұстау.

а) Төмендегі сұрақтарға сәйкес келетін жауаптарын табыңдар.
1. Оксидтер дегеніміз не?- 4. Сутек атомдарынан және қышқыл
қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.
2. Негіздер дегеніміз не?- 1. Екі элементтен тұрып оның біреуі
міндетті түрде оттегі болып келетін
күрделі заттар.
3. Тұздар дегеніміз не?- 2. Металл атомымен және бір немесе
бірнеше гидроксотоптардан құралған
күрделі заттар.
4. Қышқылдар дегеніміз не?- 3. Металл атомдарымен және қышқыл
қалдықтарынан құралған күрделі заттар
б) Формулалар бойынша қосылыстардың кластарын айыру.
1. Оксидтердің химиялық формулалары?- 2. КОН, Са(ОН) 2, Cu(OH) 2,
2. Негіздердің химиялық формулалары?- 4. Н2SO4, HNO3, H2CO3,
3. Тұздардың химиялық формулалары?- 1. Al2O3, ZnO, CaO,
4. Қышқылдардың химиялық формулалары?- 3. MgSO4, Na2SО4, Ca(NO3) 2

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Негіздердің жіктелуі
Негіздер дегеніміз-молекулалары металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксо-тобынан тұратын күрделі заттар.
Суда еритін (сілтілер)
LiOH, Ca(OH) 2,
Ba(OH) 2;
Екідайлы Zn(OH) 2, Al(OH) 3, Be(OH) 2, Cr(OH) 3;
Суда ерімейтін
Cu(OH) 2, Fe(OH) 2, Fe(OH) 3;
Негіздердің жіктелуі

2. Негіздердің құрылымдық формуласы:
- O-H - O-H
Na-O-H, K-O-H, Ca Al - O-H
- O-H - O-H
3. Негіздердің алынуы:
Суда еритін негіздерді алу.
а) Белсенді металдарды тікелей сумен әрекеттестіреді.
2Na+2H2O=2NaOH+H2
Ca+2H2O=Ca(OH) 2+H2
Тәжірибе жасау: №1
1. Ca+2H2O=Ca(OH) 2+H2
2. Ca(OH) 2 + фенолфталеин = малина түске боялады.
Егер кальции гидроксиді малина түске боялса реакция жүріп жатыр дегені.
б) Белсенді металл оксидтері сумен қосылғанда түзіледі.
Na2O+H2O=2NaOH
CaO+H2O=Ca(OH) 2

в) Суда ерімейтін және екідайлы гидроксидтерді алу үшін металлдардың ерімтал
тұздарына
CuCl2, FeSO4 AlCl3 сілті қосады.
CuCl2 + 2NaOH = Cu (OH) 2 + 2NaCl
FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH) 2 + Na2SO4
AlCl3 + 3NaOH = Al(OH) 3 +3NaCl
г) Өнеркәсіпте өздеріне сәйкес тұздарының балқымаларын электролиздеп алады.
Электр тогы
2NaCl 2Na+Cl2
4. Негіздердің физикалық қасиеттері:
Негіздердің түстері әр түрлі болады және қатты күйде кездеседі. Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және терімен матаны күйдіреді, сондықтан да күйдіргіш сілтілер деп аталады. (Сақтық ережесін еске түсіру)
5. Негіздердің химиялық қасиеттері:
Сілтілер индикатор түсін өзгертеді. Қызыл лакмус көгереді, метилорнж сары түске өзгереді, ал түссіз фенолфталеин таңқурайдың түсін береді.

Тәжірбие жасау №2
1. NaOH + лакмус = көк
2. NaOH + метилоранж = сары
3. NaOH + фенолфталеин = малина
а) Сілтілер қышқылдық окситтермен әрекетесіп, тұз бен су түзеді.
2NaOH+SiO2=Na2SiO3+H2O
натрии
силикаты Тәжірибе жасау №3
2NaOH+СO2=Na2СO3+H2O
натрии
карбонаты
б) Негіздермен қышқылдар арасында бейтараптану реакциясы жүреді.
2NaOH+Н2О=Na2SO4+2H2O
Fe(OH) 2+2HNO3=Fe(NO3) 2+2H2O
в) Сілті мен металл тұздары әрекеттесіп, жаңа тұз және ерімейтін негіз
алынады.
3NaOH+FeCl3=Fe(OH) 3+3NaCl
г) Ерімейтін негіздер қыздырғанда айырылады.
2Fe(OH) 3→ Fe2O3+3H2O

Негіздердің химиялық қасиеттері төмендегі
сызбанұсқада көрсетілген.
д) Екідайлы гидроксидттер негіздік қасиет көрсетіп
қышқылмен, сол сияқты қышқылдық қасиет көрсетіп
негіздермен әрекеттеседі.
Al(OH) 3+HCl=AlCl3+3H2O
H3AlO3+3NaOH= Na3AlO3+3H2O

IV. Сергіту сәті: «Жұмбақ»
1. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, металл)
2. Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түріне караса алтынға ұксайды (күкірт, бейметалл)
3. Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (сутек, бейметалл)
4. Өзі жылтыр күмістей,
Жұмсақтығы тағы бар.
Жеңілдігін ескерсең,
Пайдаланар жері табылар. (Алюминий, металл)

VI. Ойын қызығушылықты ояту. «Сақиналарды жинау, берілген жапыраққа
орналастыру»
Na
S
O
K
Fe
Fe
P
Al
Sn
Pb
C
Cl
Металдар
Бейметалдар
Екідайлы элемент
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz