АҚПАРАТТЫ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР
Презентация қосу
Байжанова Шолпан
Нұрлыбайқызы
№34 Ә.Бердаулетов
атындағы орта мектептің
информатика пәні мұғалімі
Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау
ережесі және қауіпсіздік техникасы
•Электр тогының сымын, қосқыштарын және т.б.
электр өткізгіш құралдарын мұғалімнің рұқсатымен
қосу керек.
•Компьютерді ылғал қолмен және су киіммен
жұмыс істеуге болмайды.
•Қорабы немесе сымдары бүлінген компьютерде
жұмыс істеу қауіпті.
•Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютер сыныбына
кіруге және шығуға болмайды.
•Сынып ішінде мұғалімнің рұқсатынсыз жүруге
болмайды. Компьютердің үстіне кітап,сөмке қоюға
болмайды.Үстел үстінде қалам мен дәптер жату
керек.
•Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға басқа да
іспен айналасуға тиым салынады.
ИНФОРМАТИКА. АҚПАРАТ. АҚПАРАТТАРДЫҢ
АЛУАН ТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУДІҢ
ТӘСІЛДЕРІ
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген
ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан. Қазіргі кезде
ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия,
экономика физика, математика, информатика т.б салаларында
кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті
қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз
белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың
мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де
бізге көп ақпарат береді.
Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану
нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер
Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81% -ын -
көру арқылы, 10 % -ын есту арқылы, 4 % -ын – иіскеу арқылы,3
% -ын дәм сезу арқылы аламыз.
Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат: сандық, мәтіндік,
графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болып бөлінеді.
Ақпараттың қасиеттері: объективтілігі, толықтығы,
жеткіліктілігі, қолжетімділігі, өзектілігі.
Тапсырма-1 Кестені толтыр
Зат Қасиеті Арна Мүше
қоңырау шылдыр есту құлақ
Тапсырма-2
1Кб=
1Мб =
1024Мб =
1024Гб =
Тест сұрақтары
1. Адам ақпараттың ең көп мөлшерін ..............
арқылы алады
А) есту органдары В) көру органдары
С) иіс органдары
2. ....органы арқылы қабылдайтын ақпаратты
аудиоақпарат деп атайды.
А) көру органдары В) иіс сезу органдары
С) есту органдары
3. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені
қолданбайды?
А) қағазды В) тасты С) суды
4. Ақпараттың ең кішкене бөлігі
А) бит В) байт С) 1
5. 1 Терабайт неге тең?
А) 100 Гб В) 8Гб С) 1024Гб
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Компьютерде сақталған ақпарат көлемін қарап
шығыңдар
1.Пуск-Компьютер батырмаларын таңда.
2.Пайда болған терезедегі дискілердің бірін
тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойство
батырмасын басыңдар
3.Дискідегі толған және бос орындардың көлемін
қарап шық
4.Дәптерге бос орынның байтпен, Кбайтпен,
Гигабайтпен өлшенген көлемін жазып ал.
КОМПЬЮТЕРДІҢ НЕГІЗГІ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ
МҮМКІНДІКТЕРІ.
Қазіргі кезде компьютерлерді суретте көрсетілгендей,
өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.
Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты
тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін
детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар
жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын
компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген
процессорлар керек. Суперкомпьютердің орсан зор жедел
жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай
компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір
бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның
жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте
суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.
Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар үлкен көлемді
ақпаратты сақтауға арналған. Әдетте ол – дерек қорлары,
Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс
жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет.
Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен
компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.
1. Құрылғыларды орналастыр:
Принтер, тышқан, джойстик, сканер, пернетақта,
монитор.
Енгізу құрылғысы:
Шығару құрылғысы:
Сөйлемді аяқта:
1. Компьютермен жұмысты
басқарады ...................................................
2. Жұмыс кезінде барлық ақпарат
сақталады..........................................
3. ..........................................ақпарат енгізудің негізгі
қондырғысы.
4. Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағазға
шығару үшін .............қажет.
Ребусты шеш
, ,
М
Сұрақтарға жауап бер
1.Компьютер деген не?
2.Компьютердің түрлерін ата
3.Принтер не үшін керек?
ПЕРНЕТАҚТА.
Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда
101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу
қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып
табылады.
Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:
1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы
микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.
2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға
бекітілген нөмірі бар түзу береді.
3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге
қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын
бағдарламаныңадресін табады.
4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта
оралады.
5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның
буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып
кеткенше сақталады.
Сұрақтарға жауап бер
1.Әр жерде орналасқан обхектілерді ерекшелеу үшін
қолданылатын перне.
2.Бір объектіден келесіге көшу пернесі
3.Алдыңғы символды өшіру үшін қолданылатын
перне
4.Кіші әріптерді баспа әріптерге және керісінше
өзгертуге арналған перне.
5.Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіруге
арналған перне
6.Әрекетті болдырмау пернесі
7.Пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс
режимін ауыстырып, қосатын перне
Басқатырғыш.
Өзіңе таныс пернелерді тауып жаз.
E S C K C O L M U N
B A C K S P A C E D
S K C O L S P A C E
H C H O M E A N T L
I T A Y E N D U A E
F R L E N T E R B T
T L T I F D B F H E
Q P A G E D O W N H
S C R O L L L O C K
A W W J P U E G A P
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ.
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ ҰҒЫМЫ.
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның
программалық жабдықтамасын құрайды.
Бағдарламалық жабдықтама, программалық жабдықтама,
математикалық жабдықтама — ЭЕМ-нің автоматты түрде
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалар мен
нұсқаулар жиынтығы. Ол базалық Бағдарламалық
жабдықтама және қолданбалы Бағдарламалық жабдықтама
болып ажыратылады. Базалық Бағдарламалық жабдықтама —
жүйелі Бағдарламалық жабдықтама деп, ал оның құрамына
енетін бағдарламалар жүйелі бағдарламалар деп те аталады.
Әдетте, базалық Бағдарламалық жабдықтамаға операциялық
жүйе, бағдарламалау жүйесі және деректер базасын басқару
жүйесі жатады. Дербес ЭЕМ мен терминалдың дамуына
байланысты базалық Бағдарламалық жабдықтаманың
құрамына интерфейс те енеді. Қолданбалы Бағдарламалық
жабдықтама көп түрлілігімен ерекшеленеді. Ол базалық
Бағдарламалық жабдықтама сияқты ЭЕМ-нің құрамына
енбейді, әр пайдаланушының қажетіне қарай сатылып
алынады. Мұндай Бағдарламалық жабдықтама стандартты
бағдарламалардың кітапханасы, сондай-ақ, нақты қолдануға
арналған жеке бағдарламалар түрінде жасалынады.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
1. Жұмыс үстелінде орналасқан белгішелірдің ретін өзгерт.
Ол үшін экранның бос жерінде тышқанның оң жақ
батырмасымен қалқыма мәзірді шақырып, Вид бұйрығы
үлгілерінің бірін таңда .
2. Жұмыс үстеліндегі белгішелерді жасыр
3. Белгішелерді қайта шығар
4. Белгішелерді тышқан көмегімен жылжытып, орын
алмастырыңдар
5. Белгішелерді қайта орнына әкел
Сұрақтарға жауап бер
1. Компьютердің программалық жабдықтамасы
деген не?
2. Операциялық жүйе деген не?
3. Операциялық жүйе қашан жүктеледі?
4. Драйверлер не үшін керек?
5. Утилиталар деген не?
Артық компоненттерді сызыңдар
А) монитор, жүйелік блок, пернетақта, тышқан,
принтер;
Б) аналық тақша, процессор, оперативтік жады,
винчестер;
В) винчестер, бейнекарта, дискжетек, CD-ROM
Г) дыбыстық карта, желілік тақша, бейнекарта,
процессор.
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІ БАСҚАРУДЫҢ
НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІЛЕРІ.
ФАЙЛДАР, БУМАЛАР ЖӘНЕ БЕЛГІШЕЛЕР.
Компютердегі барлық ақпарат белгілі бір
тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп
аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз
етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары
файлдар, бумалар және жарлықтар.
Windowsоперациялық жүйесінде файл атының
ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін.
Файлдың атын жазу үшін мына символдарды
пайдалануға болмайды. / : * < > [} .
Тест тапсырмалары:
1. Байттардың аты бар тізбек
А) Файл В) Бума С)Программа
2. Басқа буманың ішіндегі бума қалай аталады?
А) Ішіне салынған
В) Түпкі
С) Каталог
3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың
ең үлкен саны:
А) 50 В) 100 С) 255
4. Белгіше -ол
А) Файл В) Жарлық С)Қоржын
5. Белгіше -ол
А) Файл В) Жарлық С)Бума
Сұрақтарға жауап бер
1. Файл деген не?
2. Бума деген не?
3. Файлдың бумадан айырмашылығын айт
4. Жарлық деген не?
5. Файлдың атауындағы шектеулерді ата
Бірге табайық
Терезені жабу батырмасын қорша
Терезені жаймалау батырмасын қорша
Терезені жинау батырмасын қорша
ОБЪЕКТІЛЕРДІ ІЗДЕУ. БУМАЛАР МЕН
БЕЛГІШЕЛЕРДІ ҚҰРУ. АТЫН ӨЗГЕРТУ.
Бума — бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 - дің
бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы
кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын бумалармен
салыстыруға болады. Windows 98 - дегі барлық файлдар,
құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады.
Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете
алады.
Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда
таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін.
Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілер
болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін,
тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Бумалар екі түрлі болады:
- жүйелік бума - каталогтар;
- жұмыс бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.)
Бумаларды құру оның құрылымы:
Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару
батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы,
қалып күй жолы.
Суретін сал:
Файл
Жарлық
Тышқан көрсеткіші
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1. Кез келген файл үшін жарлық құрыңдар
2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды реттеп қойыңдар
3. Құрылған жарлықтардың аттарын ауыстырыңдар
4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін
ауыстырыңдар
5. Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар
6. Жарлықтарды жойыңдар
В деңгейі
1. Бірінің ішіне бірі салынған 3 бума құрыңдар
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар
3. Жұмыс үстеліндегі өзіңнің бумаларын үшін
жарлық құрыңдар
4. Құрылған бумалардың ішіне басқа да файл
салыңдар
5. Жасаған бумалардың бәрін жойыңыздар
6. Бір ғана бума жасап, оны өз фамилияңмен ата
С деңгейі
1. Жұмыс үстеліндегі өз бумаларыңыздың
көшірмесін жасаңдар
2. Оның белгішесін ауыстырыңдар
3. Ол буманы жасырын етіңдер
4. Буманы Қоржынға апарыңдар
5. Қоржыннан қайта орнына орналастырыңдар
ОБЪЕКТІЛЕРДІ КӨШІРМЕЛЕУ, ОРЫН
АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОЮ
Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру
немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.
Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орында
қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша
көшірмеқажет болса, сонша алуға болады. Объектіні
жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да,
бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.
Объектілердіжылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар.
Соларды қарастырайық:
Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.
Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру
үшін, тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып,
оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орын
жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда
динамикалық меню пайда болады . Онда келесі: егер көшіру
қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса,
Переместить, таңбаша қажет болса, Создать ярлык
командаларының бірін таңдауға болады.
Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.
Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда,
Ctrl немесе Shift пернелер қолдануға болады.
Жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған
объектілер файлдың типі және оның тағайындалған орнына
қарамастан көшіріледі.
Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.
Естеріңде болсын! Егер сендер тасығышқа, мысалы,
флешкаға, жарлықты көшірсеңдер, онда басқа компьютерде
файлдарың ашылмай қалады. Ақпаратты тасымалдау үшін
жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек.
.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
1. Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құр.
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құр.
3. Жұмыс үстелінде өзіңнің бумаларың үшін
жарлықтар құр.
4. Құрылған жарлықтың атын алмастыр.
5. Құрылған жарлықты атын белгішеге алмастыр.
6. Құрылған бір жарлықты Қоржынға апар.
7. Қажетсіз жарлықты жой.
Бұйрықтарды пернетақтадан бірнеше
пернелерді басып тұрып орындауға болады.
Ол қандай пернелер?
Көшіру –
Қиып алу –
Кірістіру -
Жаңа қалтаны қалай құрамыз?
____________________________________________
________________________________________
________________________________________
________________________________________
________________________________________
_
АҚПАРАТТЫ ЖАЗУ ЖӘНЕ САНАУ. АҚПАРАТТЫ
ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР
Ежелгі заманан бастап адамдар ақпаратты сақтап қалу
амалдарын ойластырған, алғаш ақпарат тасымалдаушылар:
құм,жер,тас.
Құмға, жерге таяқшамен таңбалар түрінде салынған
ақпарат ұзақ мерзімге сақталмады,өйткені су толқыны шайып
кетеді,жамбыр жауғанда өшіп қалады.Сондықтан ақпаратты
тасқа сақтау амалын ойлап тапты. Әрине тасқа жазылған,
ақпарат ұзақ мерзімге сақталады, бірақ адам тасқа жазылған
ақпаратты алу үшін ұзақ жол жұру керек және ол тасты басқа
жерге тасымалдау үшін көп уақыт және күш керек. Сонымен
ақпаратты сақтау және тасымалдаудың тағы бір амалын ойлап
тапты, ол топырақтан жасалған тақта, тақтаға дымқыл кезінде
таяқшамен таңбалар салынатын. Әріне бұл ақпарат
тасымалдаушы ретінде өте жеңіл, кемшілігі топырақтан
жасалған тақтаны тасымалдау үшін,оның кепкенің күту керек
және оны тасымалдау кезінде абайламаса, үгітіліп қалады.
ҚАТТЫ ДИСК - (винчестер) деректер мен бағдарламаларды
ұзақ уакыт сактау үшін қолданылады. Негізінен ол бір оське
орналасқан дискілер тобынан тұрады. магниттік қабатпен
жабылып, жоғары жылдамдықпен айналым жасайды.
Сондықтан оның құрамы 2 п беттен түрады. Мұндағы п –
топқа кіретін дискілер саны.
Компакт-диск – бұл металмен қапталган оптикалық диск,
оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған
шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс
бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-
дискілер арнайы орауышта сақталады.
Ақпаратты сақтау үшін адам әр түрлі ақпарат
тасығыштарды пайдаланды. Суретте солардың
бірнешеуі көрсетілген. Соларды белгіле.
Өз пікіріңді айт
Ақпаратты адам қалай сақтайды?
Ақпаратты жөнелту арналарына мысал келтір
Бізге ертеден келе жатқан ақпарат қалай жетті?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz