ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ




Презентация қосу
Қостанай облысы Аманкелді ауданы
Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта
мектебі

Сабақтың тақырыбы:

Отбасы – шағын қоғам

Өткізген: Уашова Торғын Үйсінбайқызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға жанұя,шаңырақ,отбасы,Отан ұғымдары
жөнінде,отбасының қоғамның бір бөлігі екені жөнінен толық
мағлұмат беру;
Дамытушылық: отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері
жайлы айта отырып,іс-әрекеттері үшін жауап беру,туысына
қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру;
Тәрбиелік:отбасы мүшелеріне
деген құрмет пен сүйіспеншілікке
баулу;
Қолданылатын әдістер:
Сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру,әңгімелеу,
салыстыру,тест әдісі;венн диаграммасы;

Қолданылатын көрнекіліктер:
Сызбалар,суреттер,кестелер
1.Ұйымдастыру кезеңі;
2.Үй тапсырмасын сұрап,пысықтау;
Жаңа сабақты түсіндіру;
Тест сұрақтары
1. Жердің серігін ата
А) Ай
Ә) Күн
Б) Шолпан
2.Ғарыштық қашықтық қандай өлшем бірлікті
көрсетеді?
А) Километр
Ә) Сағат
Б) Ғалам
3.Ғарыш деген не?
А) Аспан
Ә) Қара кеңістік
Б) Ғалам
4.Жердің өз білігін толық айналып шығуын не деп
атайды?
А) Күн
Ә) Тәулік
Б) Ай
5.Адам алғаш рет ғарышқа қашан ұшты?
А) 12 сәуір 1961 жыл;
Ә) 5 қазан 1957 жыл;
Б) 12 сәуір 1964 жыл;
ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ
1.А
2.А
3.А
4.Ә
5.А
Мотивация
кезеңі
Жаңа сабақ:
Мәтінмен жұмыс
Отбасы-неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы.Отбасы
дегеніміз-әкесі мен анасы, олардың балалары және ата-әжесі. Оларды бір-біріне деген
махаббат,құрмет, бауырластық біріктіреді, олардың ортақ шаруашылығы, мүлкі
болады.Отбасында балаларды ата-анасы өсіріп, тәрбиелейді.Оған аталар мен әжелер
көмектеседі.Олар бала тәрбиелеу жөнінде кеңес береді,немерелерін күтіп-бағады.Ата-
ана отбасын не қажеттің бәрімен қамтасыз етеді,сүйіспеншілікке және бірін-бірі
құрметтеуге жағдай жасайды.Қазақ отбасында үлкенді сыйлау,құрметтеу және кішіге
қамқорлық, Отанды шексіз сүю дәстүрі сақталған.
Туған жер –алтын бесік.
Отаннан артық жер жоқ,отандастардан артық ел жоқ.
Үлкендер-кішілердің ақылшысы.Ана өз баласына: “Жаман істен,жағымсыз
сөзден аулақ бол”, “Егіннің соры-арамшөп, жігіттің соры-жалқаулық”деп
үйретеді.Кішілер ата-ананың,аталар мен әжелердің және басқа туыстардың
жәрдемшісі.Отбасының әр мүшесі өз міндетін,өз ісін атақарады. Отбасындағы бірін-бірі
құрметтеу және бірін-бірі жақсы көру көптеген қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді.
Отбасы-біздің мемлекетіміздің,халқымыздың бір бөлігі.Отбасына қамқорлық-
мемлекеттің басты мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясының
27-бабында: “Неке мен отбасы,ана,әке және бала мемлекеттің қорғауында
болады”деп көрсетілген.Бұл мемлекет ата-аналарға балаларды өсіруге және тәрбиелеуге
жәрдемдеседі деген сөз.Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын бағып-
қағуға міндетті.Олардың тәрбиесіне,білім алуына және денсаулығына қамқор болуы
тиіс.Олар өз балаларының іс-әрекеттері үшін жауапты.Ал есейгеннен кейін ата-анасына
қамқорлық жасап,көмек көрсету-балалардың парызы.Толыққанды отбасында өзара
сыйластық орын алады. Отбасының татулығы қоғам дамуы үшін өте маңызды.
Мәтінді оқушылардың
тізбектей отырып оқуы.
30 30 30
20 20 20
10 10 10
Бағалау. Рефлексия

- Сабақ саған ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Саған жаңалық болған не?

Ұқсас жұмыстар
Квадрат теңсіздіктер
ҰБТ-ға дайындық "Қазақтың ұлттық тағамдары"
Шартты операторлар
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру
Құрама тест
Қорытынды тест
Аралас бездер
Тұрақты электр тогы
Алғашқы пайда остикалық тестілеудің болуы әдістердің шығуы топтамасы
Сабақ - мақсатты-дамытпалы құрылым
Пәндер