Еңбекке тәрбиелеу және шығармашылық: жалқаулықтың зияны мен еңбектің маңызы


Slide 1

Қош

келдіңіздер!

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Құндылық:

Дұрыс іс-әрекет.

Қасиеттер:

Адамның шығармашылық қабілетін ашу, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Slide 5

“Сұлулық әлемі”

эссе жазу

Slide 6

Тыныштық сәті

Slide 7

Дәйексөз

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік- бәрі осыдан шығады.

Абай

Slide 8

Әңгімелеу

Slide 9

Ықылас еңбекқор шаруа еді. Жыл бойы таң атпастан тұрып, өзінің егістік жерінде еңбек етеді. Көршілері жерді бір рет аударса, ол-екі рет, кейде үш рет аударады. Оның жері аса үлкен болмаса да, ешкімдікінен кем болмай иесін асырап отырды. Ықыластың екі ұлы бар еді. Ұлдары өз әкелеріне ұқсамады: күні бойы ештеңе істемей бос жүрді, жұмыс істегілері келмеді. Әкесі олардың ақылға келіп, жалқаулыққа салынбай, жұмыс істеуін өтінеді. Олар оған құлақ аспады. Ықылас балаларының болашағынан қорықты. Жалқау ұлдарының өзі дүниеден өткен кезде қалай күн көретініне алаңдады. Бір күні Ықылас ауырып қалады. Бірнеше күннен кейін оның ауруы ұлғайып, енді сауықпайтынына көзі жетеді. Ол екі ұлын шақырып былай дейді:

-Балаларым, менің аз ғана демім қалды. Сендерге артымнан ештеңе қалдыра алмай барамын. Бірақ, таудың шығыс жағына қарай төрт аршын жерде біраз алтын көмілген еді. Сол алтынды тауып алыңдар, ол үшін сендерге жерді тау етегіне дейін терең және мұқият қазу керек. Артынша ол қайтыс болады. “Егер біз алтынды тауып алсақ, өмір бойы бай боламыз”, -деп ағайындылар көмілген алтынды іздей бастайды. Егіс алқабына барып, барлық жерді аударып, қазып тастайды. Бірақ алтынды таба алмайды.

-мүмкін, біз жерді терең қазбаған шығармыз, -дейді үлкен ұлы. Олар қайтадан жерді тереңірек қазып, аударып шығады. Тағы да ештеңе таппайды.

-Мүмкін, біз жерді тым тез қазып, алтынды байқамай қалған шығармыз, -дейді тағы да үлкен ұлы.

Ағайынды ұлдар жерді қайта-қайта қопарып, қазып-қазып, алтынды таба алмайды.

-Әкеміз бізді алдаған екен!-деп ойлайды ұлдары.

Осындай бірнеше рет өңдеуден кейін жер жақсы қопсып, ағайындылар егіс еккен кезде, егін өте тамаша шығады. Өздерінің төрт аршын жерінен, жұрттың сегіз аршын жерінен алынатын өнім алады. Сол кезде ғана ағайындылар әкелерінің сөзін естеріне алып, сөздің мәнін түсінген еді.

Slide 10

Егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда тіршілігі өзгерер ме еді?

Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

Еңбек сүйгіштік қасиетті қалай түсінесіңдер?

Slide 11 Slide 12 Slide 13

1. Нұржан мен Болат 9-сыныпта бірге оқитын. Екеуі бүгінен бастап, Ұлттық тестілеу сұрақтарына дайындықты бастайтын болып келіскен. Бірақ Нұржан үйге келген соң Болатқа бара алмайтынын айтып, телефон шалды. Болат себебін сұрағанда, Нұржан:-Әлі де уақыт бар емес пе, үлгереміз ғой, -деді. Болат . . .

Нұржанның әрекетін қалай түсіндіресің?

2. Мұғалім оқушыларға “Табиғат” тақырыбына ғылыми жоба дайындауға тапсырма берді.

Нұржан:

-Болат, кітапханаға барып жобамызды әзірлейік.

-Жоқ, табиғат туралы мәліметтерді жинақтай салуды ағама тапсырғанмын, -деді Болат.

-Ағаң бізге қажет нәрсені білмейді ғой, -деді Нұржан.

-Ештеңе етпес, жобамызды тапсырсақ болды емес пе?!

-Жоқ ол . . .

Нұражан мен Болатқа қандай кеңес берер едің?

Slide 14

Оқушылар, ән шырқайық

Slide 15

«Қырманға кел, қалқатай»

әнін қосылып айту

Күн сүйеді бетімді, қыз сүймеген

Ту қададым тың жерге қол тимеген

Бұлаңдамай алыстан, қырманға кел

Кім бар екен еңбекке бас имеген

Ааа-ай. ., құшағыма сені алып

Би билейін қуанып

Қырманға кел, қалқатай

Білегіңді сыбанып

Бермей-ақ қой орамал кестелеген

Бірге жүрші бидайға дестеленген

Жалқау болсаң ақ саусақ, қызыл тырнақ

Мен болар ем сендейді ескермеген

Slide 16

Үйге тапсырма: “Адам көркі-еңбек” тақырыбында ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме құрастыр; суретші ретінде сурет сал.

Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше,

ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды.

Д. И. Менделеев

Slide 17 Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Еңбекке баулу пәніндегі шығармашылық жұмыс түрлері мен әдістемелік негіздері
Еңбекке тәрбиелеу: адамгершілік пен әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру
Мектепке дейінгі жастағы балалардың еңбекке деген көзқарасын дамыту: маңызы, міндеттері мен әдістері
Бунақденелілер класы: құрылымы, даму жолдары және маңызы мен зияны
Ашық сабақ: Еңбектің наны тәтті - еңбекқорлық пен адал еңбектің тәрбиелік мәні
Сананың қалыптасуындағы тіл мен еңбектің рөлі
Халықтық қолөнер мен ою-өрнектің маңызы: бастауыш сыныпта көркем еңбекке баулу, топсеруен ұйымдастыру және қолданылатын материалдар
Оқытушылар еңбегінің гигиенасы: балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру және еңбекке тәрбиелеудегі санитарлық бақылау
Үйкеліс күші: пайдасы мен зияны, табиғат пен техникадағы маңызы
Өзін-өзі тәрбиелеу: теориясы, әдістері және педагогикалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz