Қуана біл



Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 6 Талап орта мектебінің педагог - психологі Битенова Бану Мажитовна.

Өмір, өмірдің мәні.

Мақсаты:
Оқушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
өмірге құштарлықтарын арттыру;
өмірдің мәніне түсіне қарауға бағыт-бағдар беру;
өмірден өз орнын табуды мақсат етуге үйрету.

Кіріспе:
«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», - деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

I. Шаттық шеңбері.
Оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірімен сәлемдеседі де
М. Махатаевтың «Өмір жайлы» әнін айтады.
Талдау сұрақтары:
1. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
2. Өмір, өмірдің мәні дегеніміз не?

2. Жаттығу. «Түймедейді түйедей ету».
Шарты: Әр қатысушы өзінің ойларын ортаға салады. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Қатысушыларының айтылған қасиеттер бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.
Талдау сұрақтары: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?

Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация-бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басына келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз, ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: “Өмірдің мәні дегеніміз не? . . . . . . . . . . . ”
3. “Ассоциация» жаттығуы”

“Екі бақа” туралы аңыз оқылады.
Шарты:
Оқушылар шеңбер (өмір) болып тұрады, ортада науқасы бар ауру адам, ол өмір сүру үшін күресіп шеңберден шығуы керек. Қатысушылар оны шығармауға тырысады.
Әркім өзі қиындықтан қалай шығатынын ортаға салады.
Талдау сұрақтары:
1. Өмір күрестен тұрады - дегенді қалай түсінесің?
2. Мақсатқа қалай қол жеткізу керек?
4. Жаттығу. «Мен жалғыз емеспін».

5. Ойланайық, пікірлесейік. Төмендегі таблицада Робинзон Крузо пікірін қарап шағып, әр оқушы өз ойын ортаға салып, ой бөлісу.
№
Жамандық.
Жақсылық.
1
Мен адам аяғы баспаған аралдамын, бұл жерден кететін еш үмітім жоқ.
Бірақ мен тірімен, жолдастарым сияқты суға батып кеткен жоқпын.
2
Мен қатты қайғырамын, бүкіл әлемнен, елден жырақта болғаныма.
Барлық экипаждағы адамдардан бөлініп қалдым, мені өліммен кім құтқарды, енді бұл жерден де құтқаратын шығар.
3
Мен халықтардан жырақтамын, жалғызбын.
Бірақ, мұнда адам өмір сүретіндей тамақ болмаса да, мен аштықтан өлген жоқпын.
4
Мен жабайы адамдар мен аңдардан қорғансызбын.
Мен түскен жерде адам жоқ, Африка жағалауындағыдай жабайы аңдарда жоқ. Егер де мен Африка жағалауында болғанда не істер едім.
5
Менің сөйлесетін ешкімім жоқ, маған басу айтып, мені жұбататын да ешкім жоқ.
Бірақ алла тағала біздің кораблімізді жағаға таяу жерде қалдырды, мен өзімді қанағаттандыратын қажетті заттармен қамтамасыз ете алмасам да, өмірімнің соңғы күніне дейін аш болмайтын жағдайдамын.
6
Менің киімдерім аз, жақында денемді жабатын киім де болмайды.
Бірақ мен ыстық жақта өмір сүріп жатырмын, бұнда кіимсіз де жүруге болады.
Талдау сұрақтары:
1. Сен жақын жолдасыңмен қатты ренжісіп қалдың. Робинзон Крузо пікірі сияқты ренжудің жақсы, жаман жағын ажыратып айтып беріңдер.

Шарты:
Топ дөңгелек болып отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Әрбір қатысушыға 4 минут уақыт беріледі.

Есте сақтаңдар:
Еш уақытта қайтып келмейтін үш нәрсе бар, ол :
уақыт, сөз, мүмкіндік.
Адамды айқындайтын үш нәрсе бар: еңбек, адалдық, жетістік.
3. Адам ақылға салса, өзін айқындауға қол жеткізіп, қайтып келмейтін нәрсеге өкінбес болар.
Өмір - бұл мүмкіндік. Сол мүмкіндікті қолдана біл.
Өмір - бұл әдемілік. Әдемілікке қызыға біл.
Өмір - бұл арман. Арманыңды орындата біл.
Өмір - бұл ойын. Ойыншы бола біл.
Өмір - бұл байлық. Байлықты шаша берме.
Өмір - бұл қуаныш. Қуана біл.
Өмір - бұл махаббат. Махаббатқа рахаттана біл.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz