Қой атасын ата


Slide 1

Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні!

Орындаган: 3- класс оқушылары

Класс жетекшісі: Мұханова Ғ. Қ

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Ата - аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және кеңейту.

Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып балаларға ұғындыру.

Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Slide 3 Slide 4

Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, интербелсенді тақта

Slide 5 Slide 6

Сабақтың барысы:

1. Наурызға байланысты тақпақтар айту

а/ Әр топ ұранымен, атымен, топ әнімен таныстыру

ә/ Наурызға арналған тақпақтарын жатқа, мәнерлеп айту

2. Ұлттық би билеу сайысы

3. Қазақтың тыйым сөздері

4. Сұрақтарға жауап алу

5. Шынықсаң шымыр боласың (қол күресі ер балалар арасында, арқан тартыс топ болып)

6. Ата-аналардың салт-дәстүрді көрсетуі

а/ салт-дәстүрден көрініс

ә/ ұлттық тағамның жасалу жолын түсіндіру

7. Қорытынды (құттықтау сөздер)

8. Дастарханнан дәм тату

Slide 7 Slide 8

Ұйымдастыру

Әділқазылар сайлау

Класты екі топқа бөлу

Мұғалім сөзі

Slide 9 Slide 10

Құрметті ұстаздар, қауымы, ата-аналар, оқушылар!

Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

Бүгін- Самарқанның көк тасы еріген күн.

Бүгін - жаңғыру мейрамы!

Бүгін - жыл басы, Жаңа жыл!

Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға кутетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке - бақыт пен бейбітшілік дарытқан Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын!

Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле төгетін, Табиғат - Ана бусанатын көктем айы, табиғат мейрамы. Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт- береке дарытқан әз-Наурыз!

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тілі бітіріп өзгеше

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың, - дей отыра, осы Наурыз мерекеміздің құрметіне арналған «Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні » атты 3-кластың дайындаған өнеге сабағымызды бастаймыз.

Slide 11

Ұраны:

Ботақанбыз маң басқан

Жұлдыз бүгін таласқан

Мүшелері:

Бисенәліқызы Еркеназ

Алдоңғарова Аружан,

Алтынбекова Аяжан

Текібай Диас

Сабыров Жамбыл

Әні : «Төлдер әні»

Ботақан тобы

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Ұраны:

Қошақанбыз момақан

Жарысқа бүгін жол ашқан

Мүшелері :

Серіков Арсыланбек

Нұрланқызы Гүлзар

Мырзабаева Қарақат

Ізбаева Жанбота

Жақсыкелдіұлы Мәди

Әні «Төлдер әні»

Қошақан тобы

Slide 15 Slide 16

Хор: Наурыз келсе құт келгені халайық

Есік ашып, шашу шашып, ел болып қарсы алайық

Slide 17

1. Әнге ырғағы жарасқан,

Асқар таудың шыңдары.

Қарсы алайық құрметпен,

Ақжаулықты әжені.

2. Наурыз құтты болсын

Осы мейрам әр шаңыраққа

Бакыт, табыс, қуаныш әкелсін,

Ұлыс бақытты болсын

Әр күндерің жақсы болсын

Ақ молынан болсын!

Бәле жала жерге енсін

Ұлыс бақытты болсын!

Қайда барсаңдарда жолдарың болсын!

3. Балалар-ау балалар,

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

4. Наурыз ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын

Жаңа жыл бақ-береке, молшылық әкелсін!

5. Көкке бояп өңірді

Көктем келді көңілді

Бау-бақшада орманда

Құстар әнге төгілді

6. Наурыз қайтып оралды аты да аңыз

Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз

Үй дастархан думанымыз сахнамыз

Ұлы мейрам наурызға шақырамыз

7. Ақ қар кетіп, қыс өтіп,

Шырайлы шуақ жаз жетіп

Шаруаның бұл кенелген

Күй тартылып ежелден

Құтты болсын, бұл Наурыз!

8. Наурыз жырын жырлаймыз.

Оныменде тұрмаймыз

Шыңдалып жеткен бұл күнге,

Ел дәстүрін сыйлаймыз

9. Жаңғырар дәстүр салтымен,

Көзделсін бұлақ жалғасы

Қастерлі менің халқымның,

Мереке наурыз -жыл басы.

10. Бата беріп атамыз

Тәтті беріп апамыз

Наурыз дәмін татамыз.

Ботақан тобы

Slide 18 Slide 19

Хор:

Ән қосылсын әніне

Сән қосылсын сәніне

Ырысты боп наурызым,

Бақ дарысын бәріңе.

Аман есен жетейік,

Келер наурыз тойына.

Slide 20

1. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Той дабылын қағып тұрған,

Мұнда думан қауым бар.

2. Сансыз көкек сұңқылдап,

Көктем келді еркелеп.

Бұйра бұлақ сыңқылдап,

Көкте бұлттар еркелеп,

Жерге төкті күркіреп.

3. Көптен күткен наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп, міне жатыр маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

4. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

Аман ба? -деп мал жаның!

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

.

5. Келіп көктем құстары

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.

6. Наурыз келді, жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

7. Көктем келді бүгін

Күнім төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

8. Күн мен түн теңелді,

Күн шуаққа бөленді.

Наурыз тойы салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз.

9. Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын,

Кіргізіп көркін даланың

Қошақан тобы

Slide 21

ІІ. Ұлттық би билеу сайысы

Ау, халайық, тұрмайық,

әндетейік шырқайық.

Ортамызды ашайық,

Думандатып би билеп,

Жиналған жұрт таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық

Slide 22 Slide 23 Slide 24 Slide 25

ІІІ. « Қазақтың сөзі - тәрбие көзі »

(ырым мен тыйым сөздерді жатқа айту)

Slide 26 Slide 27

IV. Сұрақтарға жауап беру

1. Ұлттық тағамдарды атаңыз?

2. Ұлттық ойындарда атаңыз?

3. Сүттен жасалатын тағамдарды атаңыз?

4. Қазақша ай аттарын атаңыз?


Ұқсас жұмыстар
"Дарабоз" сайысы
"Жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз
Ешкінің пірі - Сексек ата
Әдет –ғұрып сақтайтын Біз әдепті баламыз топ аралық жарыс
Жеті ата
Жеті ата Жеті ұрпақ
Жеті саны қазақта киелі сан
Наурыз. І кіші топ
Генетика
Қой шаруашылығын өндірістік негізде дамытудың еліміздегі ұтымды мысалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz