Платиналық пирамида


Slide 1

Пирамидалық қарым-қатынас арқылы қазақ тілін меңгертудің интерактивті тәсілдері

Идеяның авторы: Даркенбаева Бибі-Жар

Бақбергенқызы

№1 ОМ тіл маманы

Жезқазған қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Әдістемелік кабинет

Slide 2

«Пирамида» тәсілінің басты мақсаты - оқушының білімге құмарлығын ояту. Пирамиданың шыңына тек көп ақпаратқа ие болған ғана шығады. Тек оның ғана есімі мектеп тарихында алтын әріптермен жазылары хақ.

Slide 3

Міндеттері:

Ақпараттың қызықты болу жағын қарастыру

Меңгерілуге қажетті ақпарат мөлшерін анықтау.

Ақпараттың шынайылығына ақпарат көздері арқылы көз жеткізу

Ақпаратты таратуда пирамида принципін ұстану

Көп ақпаратқа ие болғандарды марапаттап отыру.

Олардың жаңа ақпарат таратуына да мүмкіндік беру.

Ақпарат сараптамасын жүргізу

Сынып жихазын ақпарат таратуға лайықтап қою.

Платиналық пирамидаға жетуге мүмкіндік жасау.

Платиналық пирамидаға жетудің жоспарын құру, мақсатқа жеткізетін міндеттерді айқындап, орындалысын бақылауға қажет үнемі күнделік толтыру.

Slide 4

Педагогикалық идеямның өзектілігі:

Оқушы өзіне қажетті білімнің мәңгілік екендігін мойындайды. Мектеп қабырғасынан алынған білім оның алдағы өміріне қажет болатындай орнығады.

Slide 5

Ғылыми құндылығы:

Баланың үйрене отырып, өзгені үйрете алу принципімен тіл білімінің негіздеріне емін-еркін қанық болуы. Ақиқаттың шынайылығына көз жеткізу үшін ізденудің, талдау мен талқылаудың жан-жақты тәсілдерін жетілдіру.

Slide 6

Болжамы:

Оқушы заман талабына лайық қарым-қатынас жасай алады, өзіне қажетті білімді емін-еркін ешқандай мәжбүрлеусіз алады. Ақпаратты алғысы келмеген жағдайда оған ол білімнің аса қажет еместігін де байқауға болады.

Slide 7

Нәтижесі:

Өз бетімен шешім қабылдай алатын, тіл білімінің негіздерін жетік меңгерген, өзіне де, басқаға да жақсылық жасай алатын, жетістікке жету жолындағы кедергілерге төтеп бере алатын, ең бастысы - еліне пайда келтіре алатын азамат тәрбиеленеді.

Slide 8

«Пирамида» педагогикалық идеясының құрылымы:

Теориялық білімді алу пирамидасы.

Теориялық білімнің анық-қанығына көз жеткізуде кедергілерге төтеп беру, ақпарат көздерін іздеу, ақпаратты өңдеу, күнделікке түсіру.

Меңгерілген ақпаратты қайтару траекториясы. Төменнен жоғарыға талпыныс.

Slide 9

Ірі пирамида тобының схемасы:

Slide 10

М

Кіші пирамида топтарының схемасы

М-мұғалім

О-оқушылар

Slide 11

Күнделік толтыру тәртібі:

Ақпарат алған күн, ай, жыл, уақыт.

Қандай ақпаратқа зәру едің?

Ақпарат не жайлы?

Ақпараттың реттік номерін міндетті түрде жазу қажет.

Ақпаратты жеткізген кім және ол қалай жеткізді?

Ақпараттың анық-қанығына қалай көз жеткізе алдың?

Қандай қосымша ақпарат көздерін пайдаландың?

Бұл ақпарат саған келешекте не үшін қажет деп ойлайсың?

Осы ақпаратты басқаларға қалай жеткіздің?

Енді қандай ақпаратқа зәрусің?

Осы күні сен қанша ақпаратқа ие болдың?

Slide 12

«Пирамида» педагогикалық идеясындағы марапаттаулар:

платиналық пирамида иегерлері

алтын пирамиды иегерлері

күміс пирамида иегері

құм пирамида иегері

пирамида мүшесі

Slide 13

Марапаттық лауазымдарға ие болғандардың білім пайызын меңгеру көрсеткіші:

Платиналық пирамида иегері

100 пайыз

Сұранысқа ие

Алтын пирамида иегері

90%

Сұранысқа ие

Күміс пирамида иегері

85%

Сұранысқа ие

Құм пирамида иегері

80%

Анда-санда

Пирамида мүшесі

80%-дан төмен

кейде

Slide 14 Slide 15

Платиналық пирамида иегері атану үшін жоспар құрылу қажет.

Алынатын білім көлемін байқап алу.

Әр ақпаратты алу күндерін белгілеп алу.

Өзіңнің кімнен ақпарат алғанды қалайтыныңды анықтап алу.

Өзің алған ақпаратты кем дегенде 5 адамға жеткізуге талпыну қажет.

Мақсатыңа қалай жеттің? Немесе неліктен жете алмадың? Сараптама жасау.

Slide 16

Пирамидалық қарым-қатынас жасаудың қағидалары:

Уақытты тиімді пайдалану

Серігіңнің жеке басын қадірлеу

Ақпаратты түсінікті, дәлелді, әр түрлі формада жеткізуге тырысу керек, тыңдарман келесіде сенің түсіндіргеніңді қалайтындай болу керек.

Ешқашан дауыс көтермеу, дөрекі сөйлемеу, «Жоқ, білмеймін» деп айтпау.

Көп сөзділіктен аулақ болу

Көрнекілік пайдалану жағын қарастыру.

Басқалардан көбірек білуге, басқаға көбірек үйретуге асығу керек. Оны күнделікке түсіру.


Ұқсас жұмыстар
Қиық пирамида
Пирамида өмірде
Пирамида
Маңдай үлесіндегі қыртыста орналасқан, функциональды орталықтар
Пирамиданың бүйір
Пирамиданың төбесін табанының нүктелерімен қосатын кесінділер - пирамиданың бүйір қырлары төбесі
Қөпжақтар Айналу денелері
Қыртыстың бөлімдері
Экология пирамидасының түрлері
Египеттегі ғылым мен мәдениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz