Дала жұлдызы




Презентация қосу
«Халық мектептері үшін ең керектісі-оқытушы.
-Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет
бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспектор бақылауы
да оқытушыға тең келе алдмайды.» - Ыбырай Алтынсарин

Дала жұлдызы
Мақсаты: Ы.Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына
мектептер ашқан алғашқы ағартушы ұстаз екендігі жөнінде
әңгімелеу
Білімділігі: Ы.Алтынсариннің өмірі, ағартушылығы, еңбектері,
шәкірттері жайлы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын
дамыту.
Тәрбиелілігі: Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды,
ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, топпен жұмыс
Қолданылатын стратегиялар: көрнекілік, талқылау, бес жолды өлең,
алма-кезек оқыту, топтастыру.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, портрет, сызбалар, плакатқа салынған
суреттер, С.Мауленов портреті
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қырдан келген жас қазақ
Мазмұнын ашуға арналған сұрақтармен жұмыс
Бөлімдерге бөліп, сол бойынша әр топ әңгімелейді
а) Шоқан келген оқу орны немесе Кадет корпусы
ә) Шоқанның ұстаздары
б) Потанин мен Шоқан арасындағы достық
в) Шоқан – данышпан
ІІІ. Бекіту
Оқушылардың өздігінен ізденіп келген тапсырмаларына шолу
IV. Жаңа сабаққа дайындық
1. «Көрнекілік» стратегиясы
Мына сурет не туралы деп ойлайсындар?
Бұл суретте қандай оқиға бейнеленген?
Оқиға не туралы деп ойлайсындар?
2. «Кел, балалар, оқылық» өлеңі оқылады
Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай даласында туған. Әкесі Алтынсары
ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. 1864 жылы 8 қаңтарда
мектеп ашып, мұғалім болды.
3. Автормен таныстыру
С.Мауленов 1922 жылы Торғай облысының Жанкельдин ауданында туған. Ақын,
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. «Ақкөл», «Ізгілік»,
«Өмірімдей өзімнің» т.с.с. шығармалардың авторы.
V. Жаңа сабақ
1. Алма-кезек оқыту стратегиясы
2. Топтық жұмыс
1-топ: Әңгіменің басында не туралы айтылады?
2-топ: Әңгіменің ортасында не туралы айтылады?
3-топ: Әңгіменің соңында не туралы айтылады?
4-топ: Әңгіме неліктен «Дала жұлдызы» деп аталады?
3. Сөздік жұмыс. Даталарды дәптерге жазу.
4. Поэзия минуты. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жатқа айту. «Кел, балалар, оқылық»,
«Өнер-білім бар жұрттар», «Бұл кім?», «Өсиет», «Өзен»
5. «Ойлан» кестесімен жұмыс. Әңгімелерін еске түсіру.
«Аурудан аяған күштірек», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен
жарлы баласы», «Әке мен бала», «Таза бұлақ», «Асыл шөп»
6. Сергіту сәті
7. Дамытушылық тапсырма.
Ы.Алтынсарин кім?
Тұңғыш ағартушы
Тамаша ұстаз
Ы.Алтынсарин портреті Аудармашы
Жазушы
Дала жұлдызы

Мұғалімдер Тұңғыш хрестоматияның
дайындады авторы
VI. Қорытынды

1. Сұрақ-жауап.
«Ы.Алтынсарин – қазақ даласының жарық жұлдызы» талқылау,
пікірлесу

2. Шәкірттер жайлы не білеміз?
С.Көбеев, А.Байтұрсынов «Еңбекпен ел көгерер», «Екі
балықшы», «Керіскеннің кесірі келесінді кетірер», «Ата
насихаты», «Тірліктің күші бірлікте».

3. Шығармашылық тапсырма.
1. Азбайды, тозбайды 2. Білім бітеді басқа
Ақыл, білім Бітеді қына тасқа
3. Аты өлмейді жақсының 4. Адам бала болатын
Ғалымның өлмейді хаты Қарайды алысқа
4. Болашаққа болжам. Топтастыру
батыл тапқыр

қарапайым табанды

іскер әдепті
Мұғалім болсам...

төзімді
мейірімді

талғампаз шыншыл әділ биязы

5. Бес жолды өлең. Ұстаз
VII. Үйге тапсырма
Еңбек, оқу білім туралы мақалдар. Ы.Алтынсарин жайлы дерек жинау.
Мәтінді оқу, әңгімелеу
VIII. Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік елтаңбасы
Жеті қасиет
С.Сейфуллиннің "Дала" өлеңі
Бейне баян
Отан отбасынан Отансыз адам - ормансыз басталады бұлбұл
Ұлт - азаттық көтеріліс жылдары
Қазақстан Республикасының рәміздері
Саяхат сабақ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру, авторларымен таныстыру
Рәмізді құрметтеу-халықты құрметтеу
Пәндер