Панорамалық сабақ. Сабақтың тақырыбы




Презентация қосу
Панорамалық сабақ
Күні: «----------»-----------------------------------200-----ж
Пәні: Адам және қоғам
Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз... (қорытындылау сабағы)
Сабақтың мақсаты: Оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша
білімділік: білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына
ықпал жасау, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге
дағдыландыру.
дамытушылық: Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау,
танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Философиялық
көзқарастарын қалыптастыруға баулу.
тәрбиелік: Абай ғақлияларынан ғибрат алуға, адамдық асыл
қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Ұлы ойшылдың насихат сөздеріндегіөмірлік тағылымдардың
мағынасын ашып, бүгінгі өмірге байланыстылығын жете
түсіндіру. Адами қасиеттерді бойына сіңіре білуге
дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Ғылыми негіздегі іздену және зерттеу сабағы – дебат үлгісі
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, пікірталас, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: портреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, әдеби
кітаптар, Абайдың қара сөздері, өлеңдері
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, өмірмен байланыс
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру
2) Дебат сабағының жалпы барысы
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі (дебат барысы, ережесімен таныстыру)
3) Қорытындылау
4) Оқушыларды бағалау
5) Үйге тапсырма беру
Сабақты ұйымдастыру барысы:
1) Алдын – ала сабақ басталмастан бірнеше апта, күн бұрын проблемалық
сұрақтар беріліп, оқулықтан тыс Абай шығармаларын іздеп, танысуға
тапсырмалар беріледі.
2) Өз еркімен пікірсайысқа қатысушы топтар:
1 топ – 11 сынып оқушылары
2 топ – студент жастар
3 топ – жас мамандар
4 топ – орта буын ұстаздар
3) Проблемалық тақырып «Адам болам десеңіз» дебат ойнының ережесі бойнша
жүреді.
4) Әр топ 6 пікірсайысшыдан тұрады.
5) Көрермендердің,оқушылардың мақсаты: өткен сабақтарды қайталау,өз
көзқарастарын білдіру талдау жасау, баға беру, толықтыру, сұрақ қою.
Сабақтың барысы:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Оқушылар! Біз «Адам қоғамның жігерлі субьектісі атты
VI бөлім тақырыптарын қайталап, қорытындылау ретінде Абайдың мына өлеңіне
назар аударайық.»
Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.
дей отырып. Абайдың «Адам болам десеңіз...» деген сөзіне пікірсайыс
сабағымызды бастаймыз.
Абайдың «Адам болам десеңіз» сөзінің мән – мағыналарын ашу біздің
мақсатымыз. Абайдың айтқан сөзі өмірлік мазмұнын жоймайды - деп филолог
Мекемтас Мырзахметов айтқанындай бірнеше сұрақтарға да өз ойымызды
білдірейік.
1.Қазіргі қоғамдағы адамның ролі қандай?
2.Адам болу міндетіміз бе?
3.Бақытты болу дегенді қалай түсінеміз?
4.Өмірдегі менің мақсатым не? Келешекте мен өз өмірімді қалай құруым керек?
5.Абайша айтсақ: Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек – дегенді қалай түсінесің?
Дебатқа қатысушылар өздерінің ой пікірлерін ашық жеткізе білді. Ұлы философ
Абайдың бірнеше қара сөздерінен мысалдар келтіре отырып,пікірлерін дәлелдеді.
Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек».
Ақыл - парасат күші- адамның ойлауына,пайымдауына,ғылым мен өнерді ұғынуына
және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш,-деп айтқан.
Ендеше қоршаған ортаға оң әсер ету үшін адамдар бойында парасаттылық болу
керек.Физикалық құбылыстардағы оң және теріс зарядтар тәрізді адамдардың
күнделікті әрекетінде де оң және теріс істердің болатындығын айттым.
Қорытындылау.
Заман ортақ

Білімі мен білігін басында еркі жоқ, суға
жұмсап заманды билеушілер аққан қаңбақтай беті ауған
жаққа кетушілер

заманды алға сүйреушілер заманды артқа сүйреушілер

ақыл – парасатқа жүгінушілер
Ақылымен, парасатымен заманды алға сүйреу үшін мынадай қасиеттер керек.
Адам бойындағы қасиеттер
+ -
ізгілік күншілдік
мейірімділік қатігездік
сыпайылық дөрекілік
имандылық имансыздық
адамгершілік аманатқа қиянат
ар – ұят надандық
адалдық арсыздық
парасаттылық көрсе қызарлық
ізденімпаздық жалқаулық
талап, еңбек, терең ой, Өсек, өтірік, мақтаншақ,
қанағат рахым ойлап қой – Еріншек бекер мал шашпақ
бес асыл іс, көнсеңіз
бес нәрсеге асық бол,
адам болам десеңіз...
ешкім де заманнан тыс болмайды. Бұлардың арасындағы күрес бітпейді. Абайдың
6 – шы қара сөзінде адам бойындағы жан қуаты мен тән қуаты жайлы айтылған . Бұдан біз
адам бойындағы қуатты дұрыс пайдаланған жағдайда ғана рухани жағынан жан-жақты
өркендеу жолында болатынын көріп отырмыз. Сендердің алдарыңда сәл ғана уақыттан соң
өмір сахнасына жол жатыр, оның соқпақты, соқпақсыз жолдарын кезждестіресіңдер, тек ақыл
оймен әр нәрсені шеше беріңдер демекпін.
Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан демекші өмірде өз орындарыңызда
таба біліңіздер.

Ұқсас жұмыстар
Жәндік Жануар Қосмекен тер ділер лар
Дәстүрлі емес сабақтардың өзектілігі
«Таза бұлақ» әңгімесі тіл ұстарту сабағында
Панорамалық сабақ
Тексеру сабағы
Көсемшені табу Көсемшені қолдана
Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту
Электр тогының жұмысы
WRITE шығару операторы
WORD PAD мәтіндік редакторы жайлы
Пәндер