Қасым хан
Презентация қосу
Елеуова Асем Ауезхановна
Қостанай қазақ-түрік лицей-
интернатының
тарих пәні мұғалім
Қасым ханның тұсындағы
Қазақ мемлекетінің өрлеуі, жер
аумағының кеңеюі
Тарихи диктант
1.Әбілқайыр 3.Есен - Бұға 5.Керей 7.Барақ 9.М.Х.Дулати
2.Жәнібек пен 4.М.Шайбани 6.Жүніс 8.Болат
Керей
1 Қазақ хандығының негізін қалаған кім?
2 Алғашқы қазақ билеушілері қандай хандықтан бөлініп көшті?
3 Қазақ хандығының құрылуы туралы орта ғасырлардағы қандай тарихшы жазды?
4 Сыр бойы үшін қазақ хандығы кіммен шайқасты?
5 Керей кімнің баласы?
6 Жәнібек кімнің баласы?
7 Моғолдың қандай ханы көшіп келген екі сұлтанды өз жеріне қоныстандырды?
8 Ең бірінші болған қазақ ханы кім?
9 Қазақ сұлтандарын жеріне қоныстандырып алып, оларды өзінің туысына қарсы
күреске пайдаланбақшы болған моғол ханы?
Тексеру кілті
Тақтадағы 1 2 3 4 5 6 7 8 9
жазу
Жауап нөмірі 2 1 9 4 8 7 6 5 3
XVI ғасырдың бас кезінде Жәнібек ханның ұлы Қасым таққа отырды. Керей ханнан кейін хан тағы
оның ұлы Бұрындық ханның үлесіне тиген еді. Бастапқы кезде Қасым сұлтан әкесінің жолын қуып,
барлық істе Бұрындық ханға бағынып, соңын алдында бас иді. Алайда Бұрындық пен Қасымның
арасында билік үшін шиеленіскен күрес Қасым сұлтанның жеңісімен аяқталды.
Бұрындық хан жеңіліс тауып, елден кетті. 1511 жылдан бастап Қасым хандық билікті қолына
алды.Қасым хан Қазақ хандығының тағына отырысымен ішкі- қайшылықтарды –феодал-
ақсүйектердің наразылығын бәсеңдетіп, хандықты нығайтуға кірісті. Сөйтіп Қазақ хандығының жер
көлемін кеңейте түсуге бар күшін,ынта-жігерін аямай жұмсады. Нәтижесінде Қазақ хандығының
саяси және экономикалық жағдайы бұрынғыдан әлдеқайда нығая түсті.
Қасым ханның билік құрған кезіндегі қазақ хандығының қуаты мен беделі алыс елдерге танылды.
Қасым ханның Қазақ хандығына хан болуы кездейсоқ емес, XV – XVI ғасырдың басындағы қазақ
қоғамындағы ішкі саяси дамудың заңды қорытындысы. Қасым хан – хандықтың кеңеюімен
нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға. Қасым
хан бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қасым хандығының нығаюына онымен көршілес
отырған, сол кезде ауыр дағдарысты басынан көшірген Ноғай Ордасының әлсіреуі себепкер болды.
Руларды билеуші мырзалар билік үшін өзара күресіп жатты. Соның салдарынан Ноғай Ордасының
жеріне көшіп жүрген рулардың бір бөлігі- қыпшақтар, қаңлылар және басқалары Қазақ хандығының
құрамына келіп қосылды. Ноғай мырзаларының қол астында болған көптеген қауымдар Қасым ханға
бағынды.
Қасым хан – Жәнібек
ханның заңды мұрагері
Қасым хан ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің
қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын
арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз
шараларды жүзеге асырды.
Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-
султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет
шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау,
жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді
қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды.
Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік
хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға
құқысы болды.
Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен
тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп
отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің
орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ,
сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
ддддҚұқық (право). Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-
нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң
қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде
мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі
қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы
ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді.
Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін
ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.
Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.)
Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.
Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық
территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ –
даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи –
Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім
болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.
-Қасым хан әкесі Жәнібек ханның
саясатын одан әрі жалғастырды ма,
әлде басқа бағыт ұстанды ма?
-Қасым хан тұсында қазақ жерлерін
біріктіру толық аяқталды ма?
-Қасым хан тұсында Қазақ хандығы
қандай дәрежеге жетті?
-Қасым ханның елдің
ішіндегі әлеуметтік
қатынастарды реттеуге
күш салуы.
-Қасым ханның басқа
елдермен, Ресеймен
байланыс жасауға
ұмтылуы.
Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай
хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен
Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және
осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған
түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан
қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды
аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір
өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен
аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын
тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады.
Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге
бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-
қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен
шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
Тапсырма:
Бет 154-156
Мәтінді оқып
шығып, кластер
құрастыру.
Қасым ханның
Шайбани ханмен
жүргізген
соғыстары”
4.Қасым ханның Шайбани ханмен жүргізген соғыстары
XVI ғасырдың басында қазақ ханы Қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты
Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жолындағы күрес болды. Қасым ханның
Мауараннахрдың билеушісі болған Шайбани хан және оның ұрпқтарымен күресі
тоқтаусыз жүре берді. Бұл ұрпақтан ұрпаққа созылған соғыс эклономикалық сипат
алды.
Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығының экономикалық жағынан күшеюіне жол
бермеуге ұмтылды. Сөйтіп қазақ хандығының Сырдария бойындағы шұрайлы жерлер
мен қалаларға билік жүргізуіне бөгет жасады. Шайбани хан алғаш экономикалық
соққы беру үшін, екі ел арасындағы сауда байланысын үзіп, тоқтатуға тырысты. Ол
“Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын
болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас болмасын”
деген жарлық шығарды. Осымен қатар қазақ саудагерлерінің керуенін тонау туралы
бұйрық берді.
Оңтүстік қазақстан қалалары үшін күрес ұзаққа созылды. Шайбани хан 503,1505,1506
жылдары қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасады.
1509 жылы Шайбани көп әскермен Жаныш сұлтан қыстап отырған Караталға күтпеген
жерден шабуыл жасап, қазақтарды шығынға ұшыратты.
1510жылы Шайбани хан Қасымға қарсы тағы бір шапқыншылық жорық
ұйымдастырды. Ол Мерв түбінде Иран шахы Исмаилмен шайқаста қаза тапты.
4.Қасым ханның Шайбани ханмен жүргізген соғыстары
Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, 1518 жылы қайтыс
болған. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәулсіз , дербес мемлекет
есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды. XVI ғасып Қазақ
хандығының дәуірлеу кезеңі болды, жер көлемі ұлғайды, халқының саны артты,
халықаралық беделі өсті, хандықтағы талас-тартыстар біршама азайды.
2.Қасым ханның Қазақ хандығын
билеуінің қорытындысы туралы
дәптеріңе жазыңдар.
Бекітуге арналған сұрақтар
1.Қасым қалай хан болды?
2.Қасы ханның ішкі саясаты туралы айтыңдар.
3.Қасым ханның сыртқы саясаты қандай бағыт ұстады?
4.Қасым ханның Шайбани және оның ұрпақтарымен соғыс
жүргізуінің себебі не? Соғыстың барысы және оның нәтижесі
туралы айтыңдар.
5.Қасым ханның хан тағына отыруы неге заңды құбылыс
болды?
6.Қасым ханның ішкі және сыртқы ұстанған саясатының
бағыттары.
7.Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дамуының нәтижесі
қандай?
Қасым хан
Үй тапсырмасы:
- бет 152-156, тақырып: §37;
-Сөз жұмбақ құрастыру;
-Хақназар хан туралы қосымша
мәлімет дайындау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz