Жазу орталығы
Презентация қосу
Тақырыбы:
«Кітап-жан
азығы»
Мақсаты:
біл: Оқушыларды оқулықты, кітапты
құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға
баулу,оларға кітап оқудың маңыздылығын
түсіндіру.
дам: Кітап түрлерімен таныстыру, сапалы
білім, саналы тәрбие алу үшін кітаптың
маңыздылығын ұғындыру, рухани байлығын
толтыру, ой-өрістерін дамыту.
тәрб: Оқушылардың кітап оқуға құмарлығын
арттыру, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі
Типі: Аралас
Әдісі: Дамыта оқыту технологиясының
әдіс-тәсілдері, сын тұрғысынан ойлау
технологиясының тәсілдері (белсенділік
орталықтары, ассосация, бес жолды
өлең, эссе, Венн диаграммасы)
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,
қаламсап, оқулық, жұмбақтар, сөзтізбек,
нақыл сөздер, кітаптар көрмесі.
Барысы:
I. Ұйымдастыру:
Оқушылардың оқу құралын түгелдеу,
сабаққа назарын аударту және
орталықтарға бөлу. Оқушылар
геометриялық фигураларды таңдай
отырып, белсенділік орталықтарына
бөлінеді.
- Үшбұрыш (оқу орталығы)
- Шаршы (жазу орталығы)
- Дөңгелек (өнер орталығы)
- Тіктөртбұрыш (зерттеу орталығы)
II. Қызығушылығын ояту
Жұмбақтар
1- Бір сандық бар өзгеше,
Қасыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң,
Өмір сырын білесің.
Ол не? ( )
2- Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.
Ол не? ( )
Сөзтізбек
1.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады?
2.Киім-кешек ілетін зат?
3.Бұл қандай жануар,
Үстінде екі тауы бар?
4.Балық аулайтын құрал қалай
аталады?
5.Қалам, қаламсап, өшіргіш, т.б.
салатын оқу құралы не?
ІІІ. Жаңа сабақ
-Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда
кітап туралы, оның пайдасы туралы,
кітаптың түрлерімен танысамыз.
Сондай-ақ кітаптың шығу тарихы, оны
күтіп ұстаудың тиімділігі туралы сөз
болады. Олай болса тәрбие сағатын
бастауға рұқсат етіңіздер.
Шығармашылық
тапсырмалар:
1. Оқу орталығы
Мына авторлардың кітап туралы ойларын түсініп оқы
Кітап-халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ол көп
ақылдың құйылған көлі! Кітап көпке таралғанда, көптің
бойына сіңіп игілігіне жұмсалғанда ғана мүддесіне жетеді.
(Өтебай Тұрманжанов)
2. Кітап- ең жақсы дос. Өмірдің барлық қиын сәттерінде
кітаптарға жүгінуге болады. Олар ешқашан опасыздық
жасамайды. (А. Доде)
3. Кітап- адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол
елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға,
мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап- жаман
әдеттерден аулақ болуға үйретеді. (М. Горький)
Жазу орталығы
1. Эссе жазу. Кітап- ақылшы дос.
2. Кітап, білім туралы мақал-мәтелдер
жазыңдар.
3. Кітап (бес жолды өлең)
Өнер орталығы
“Кітаптар мұңы” мәтіні бойынша
сахналау.
-Иә, балалар, кітаптардың мұңы шынында да адам аярлықтай екен.
Олай болса кітапты күтіп ұстау-бәріміздің міндетіміз. Кітаптардың
пайдасы туралы жақсы білеміз. Себебі кітап біздің ақыл-ойымызды
өсіреді, ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстырады,
өмірде не болып жатқанына хабардар етеді. Білім бастауы болған
кітапты ұқыпты ұстау, оны жан досындай қадірлей білуге
әрқайсысың міндеттісіңдер. Кітап қай кезде де ақылшы досың.
Зерттеу орталығы
1.Кітаптың қандай түрлерін білесіңдер?
2.Кітапханада қандай кітаптармен
таныстың?
IV.Сергіту
Әдеби монтаж
(Оқушылардың кітап туралы тақпақтарын тыңдау)
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған бүкіл жиған мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын салып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап- тек ақылшы күнде маған.
Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір,
Таппасаң нәрін шөлдерсің.
V. Кітап қалай
жасалады?
Менің атым кітап. Мен адамның досымын. Мені жасау үшін
адам баласы көп еңбек сіңірді.
1.Алдымен адам орманнан ағаш кеседі.
2.Оны фабрикаға апарады.
3.Фабрика ағаштан қағаз жасап шығарады.
4.Оған авторлар жазады, суреттер салады.
5.Баспахана жазулармен суреттерді басып кітап етіп шығарады.
6.Жұмысшылар машина мен поездарға тек ауыл-ауылға, қала-
қалаға таратады.
7.Міне мен дайые кітап болдым. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен
сенің сенімді досыңмын!
ақыл-кеңес алатын құралы.
Кітапты түсініп оқысаң көп білесің. Ол сенің
сөздік қорыңды байытып, ой-өрісіңді кеңейтіп,
сөйлеу мәдениетіңді арттырады.
Сондықтан кітапты жыртпай, күтіп, сүйіп
оқып, қадірлеп ұстауға тиіспіз.
Ұлы жазушы М. Горький “Өз бойымдағы барлық
жақсылығым үшін кітапқа борыштымын”,- дейді.
Кітаптан не іздесең бәрін табасың. Ол саған
естен кетпес ертегі, әңгіме, жыр айтып береді.
Кітап арқылы үйіңде отырып-ақ әлеммен
танысасың, алыс жерге саяхат шегесің, түрлі
елдермен танысасың. Кітап- сенің ақылгөй адал
досың. Сен ерінбесең ол саған ақыл айтудан
жалықпайтын шебер ұстаз.
VII.Кітаптар көрмесі
1. Оқулықтар
2. Проза
3. Поэзия
4. Энциклопедиялар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz