Педагогикалық технология және әдебиетті оқыту




Презентация қосу
Тақырыбы:

Педагогикалық технология
және әдебиетті оқыту
Ақылды іздегеннің өзі-нағыз ақылды,
Білімді іздегеннің өзі-нағыз білімді
Ж.Баласағұн

Нағыз шешендікті меңгерудің
жолына тәуекел етсеңіз, онда
әділетті, білгір, білімді адам болуға
міндеттісіз.
Платон
Ұлы кемеңгер Абай ақын әр сөздің кемел де тереңдігін
тауып айтқан. Ұстаздық ету-талмай еңбектену
таусылмайтын төзім, шабытты шығармашылық, шәкірт
тәрбиелеу, сабақ беру...Өз бойына аса ауыр
салмақты,тіліміздің шынайы келбетін танытар шешендік
өнерін,оқулықтағы қазыналы білімді оқушы бойына
сіңірем деген ұстаз уақытының әр минутын жеке тұлғаға
арнауы керек. Ұстаз жүрекпен сөйлеп, жүрекке жеткізеді.
Тек сонда ғана баланың бойына ұлттық дүниетаным
дәні түсіп, азаматтық пікірі мен тұлғалық болмысы, тіл
мәдениеті қалыптасады.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны
білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып
отыр. Мұғалімдердің алдында тұрған ең басты міндет- өз
жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте
технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын
орындаушының тұлғасын қалыптастыру екені анық.
Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі
таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң
өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай
мән-маңызын түсінеді. Ол өзгерістерді сабақ беру үрдісіне
енгізуге тырысады.Сондай оң өзгерістердің бірі-білім
беру үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды
енгізу. Инновациялық технологияларды оқу процесіне
енгізу бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші
жағынан пәнге деген қызығушылығын арттырады. [1]
Технология

Белгілі бір істе, өнер саласында Шеберлік, өнер, іскерлік өңдеу
жүзеге асырылатын әдістері жиынтығы, қалыптан
әдіс-тәсілдер жиынтығы. өзгеру.
Орыс тіліндегі “Түсіндірме сөздік” В.М.Шепель
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады.
Оқушыға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім
беру мүмкін емес. Көркем туындыны жай оқып шығу
емес, одан алған әсері, шығарма жүрегіне, сезіміне әсер
етті ме соны білу-мұғалім үшін маңызды мәселе. Үйге
берілген туындыны оқушылардың қалай оқып жатқанын
назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Көркем туындыны
оқып болғаннан кейін мынадай жұмыстың түрлерін
жүргіземін. [2]
1.Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы кейде мұғалім әр
оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та
тексеру.(жеке, жұппен, топтық жұмыстың түрлері)
Мысалы жазбаша тапсырмалар:
А) өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол
эпизодтың мазмұнының тезисін жасату;
Ә) негізгі кейіпкерлерді жинақтау.Бір кейіпкердің іс-
әрекетінен мысалдар келтіру;
Б) жазбаша викторина жүргізу. Негізгі деген жерден үзінді
жазып “ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі, қайда
айтылған сөз?” деген сияқты сұрақтар қойып жауап
аламын.(ауызша жүргізуге де болады)
В) сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ-жауап арқылы да
тексеремін.
Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзі анық,
түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің ашық болуы
талап етіледі. Сыныпта дауыстап оқығанда бұлар айқын
көрінеді. Дауыстап оқу мен іштей оқуды алмастырып
отыру керек.
Төменгі сынып оқушылары көбінесе дауыстап оқығанды
ұнатады, ал жоғары сынып оқушылары іштей оқығанды
ұнатады. Көркем туындыны оқу жоғары сыныптарда үйде
жүзеге асады. Себебі көркем туындыларды былай қойып,
қысқа әңгімелерді сыныпта оқуға уақыт жетпейді. Жоғары
сыныптарда өтілетін роман, хикаят сияқты көлемді
туындыларды оқу тек үй жұмысы арқылы жүзеге
асатынын тіл және әдебиет ұстаздары жақсы білетіні
белгілі. Әдебиет –өнер пәні. Сондықтан да оны
көркемөнердің басқа да салаларымен байланыстыра,
салыстыра өтудің маңызы ерекше. Әдеби мәтіндерді
басқа туындылармен салыстыру, табиғат лирикаларын
өтуде жыл мезгілдерін бейнелейтін бейнелеу өнерінің
туындыларына жүгіну, ән тыңдаудың тиімділігі ерекше
болады.
Себебі әдебиет сабағында әннің, саздың, күйдің орны
ерекше. Мысалы, 7 сыныпта Қ.Аманжоловтың “Өзім
туралы” өлеңін оқу талдау барысында әнін тыңдатып, ән
сазы өлең негізіндегі ойға, өлең идеясына ондағы сөздерге
үндес келеме?-деген сұрақ қойып пікірлесуге болады.
Мұндай жұмыстар оқушының талдау (анализ) дағдыларын
жинақтауға (синтез) әрі өз бетімен бағалауға жетелейді. [3]
6 сыныпта М.Әуезовтың “Біржан сал Абай ауылында”
әңгімесін талдауда мынадай жұмыстың түрлерін
жүргіздім.
- Оқушылар мәтінді оқып танысқаннан кейін жеке жұмыс
жасады.
-Мәтін негізінде сұрақтар құрастырды.
-Топқа бірігіп сызбалармен жұмыс жасады.
Біржанның портреті Біржан салға мінездеме Біржан салдың
киім кию үлгісі

Орта бойлы, қызғылт Ол-Арқаға аты шыққан, бүкіл Үстінде қара
жүзді, кең ақ Орта жүзді асыл саз, әсем мақпал, кең жеңіл
маңдайлы, нұрлы жігіт. үнімен ұйытқан-Біржан сал. шапаны бар.
Тобықты ішіне сонау алыс Омырауы
Көкшетаудан келген сирек, сый ағытылған “сері
қонақ.Өзі ақын,өзі әнші,өзі сері- жаға” ақ көйлектің
Біржан. сыртынан киген
сарғылт түсті,
қытайы жібек
кемзалы бар.
Оқалы тақиясының
жібек шоғы ырғала
түседі.
Топтастыру әдісі:

Ақын Әнші

Халқының Біржан Сазгер
сүйіктісі
сал

Халық
қадірлісі Ел еркесі
-Семантикалық карта толтыру арқылы Біржан салдың
бейнесін ашу бағытында жұмыстар жүргізілді. Осы
бағытта Абайдың бейнесін ашуға байланысты жұмыс
түрлері жүргізілді. Біржан салға “Кластер” әдісі арқылы
мінездеме берді.
Қортындылауда яғни рефлексия жүргізуде оқушының
сабақтан алған әсері, істеген жұмыстарының нәтижесін
ортаға салып ой бөлісті. Көркем шығарманы талдауда
шығармашылық қабілеті шыңдалып, коммуникативтік,
ақпараттық қызіреттілігі артады.
Сөзімнің соңын шығыс даналығының сөзімен
аяқтаймын: “Өмірде ең өзекті жаңалықтарданда маңызды
нәрсе бар: ол-соған мүмкіндік берген әдістерді білу”.
Шығыс даналығы:
Өмірде ең өзекті жаңалықтардан да
маңызды
нәрсе бар: ол – соған мүмкіндік
берген әдістерді білу.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Жаңашыл педагог идеялары. Шалва Александрович Амонашвили
Жаңа педагогикалық технология
Жаңашыл педагогтар туралы
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде
Дамыта оқыту технологиялары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі
Пәндер