PowerPoint-та слайд-фильмдер жасау негіздері: шаблондар, дизайн және практикалық жұмыстар


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Power Point-та слайд-фильмдер жасау негіздері. Шаблондар және дизайндар. Шебер.

Slide 2

Сабақтың өту кезеңдері:

Кіріспе нұсқау

1 кезең. Ұйымдастыру кезеңі

2 кезең. "Жүзден жүйрік" (Өтілгенді қайталау)

3 кезең. Жаңа сабақ (презентациялық көрсетілім)

Ағымдық нұсқау

4 кезең. Практикалық тапсырмалар

Қорытынды нұсқау

6 кезең. Сабақты қорытындылау

7 кезең. Бағалау

8 кезең. Үйге тапсырма беру

Slide 3

Жүзден жүйрік

Slide 4

1. Блокнот дегеніміз не?

2. Блокнот программасын қалай іске қосамыз?

3. Блокнотқа мәтінді қалай кірістіреміз?

4. Блокнотта алмасу буферіне қалай көшіреді?

5. Блокнотта мәліметті қалай қырқып алады?

6. Қаріптің әлпетін, өлшемін қалай өзгертеді?

Slide 5

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Power Point программасымен жұмыс істеуді үйрету. 2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өзбетімен ізденуге, алған білімдерін іс қолдана білуге дағдыландыру. 3. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Slide 6

Power Point программасының көрінісі

Power Point программасын іске қосу жолы:

Пуск - Программалар - MS Office - Ms Power Point

Slide 7

Power Point программасының терезе элементтері

Тақырып жолы

Меню қатары

Құрал саймандар

Жұмыс алаңы

Жағдай жолы

Құрастыру үстелі

Slide 8 Slide 9

Слайдтар режимі - бір слайд толық экранды алып тұратын режим.

Құрылымдық режим - слайдтың ұйымдастырылу құрылымын - оның құраушыларын көрсетеді.

Слайдтарды іріктеу режимі - мұнда экранда бірнеше слайд кішірейтілген түрде көрсетіледі.

Көрсету режимі - слайдтарды көрсетуді қамтамасыз етеді - слайд-фильмді экранға шығару.

Қарапайым режим - қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Slide 10

Презентация - ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін ұсыну.

Слайд - көзге көрінетін күрделікөрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.

Слайд фильмдерді жасау құралы - MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.

Power Point интерфейсін іске қосу.

БастауБағдарламаларMS OfficcePower Point.

Презентацияны жасауда автомазмұн, қалыптар, бос презентацияны пайдалануға болады.

Slide 11

Тапсырмалар:

1. Сөйлемді толықтыр.

. . . деп көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз.

2. Сызбаны толтыр.

Power Point қалай іске қосамыз

Пуск

. . .

Power Point

3. Слайд дегеніміз не?

а) Көзге көрінетін күрделі объект.

ә) Презентацияларға әр түрлі объектілерді кірістіру.

б) Шикі зат пен қызмет түрлерін ұсыну.

4. Слайдтарды пішімдеуге болады ма?

а) Иә ә) Жоқ

5. Слайд жасау неше этаптан тұрады?

а) 2 ә) 5 б) 3

Slide 12

6. Экрандағы суретті өшіру үшін . . . пернесін басу керек.

7. Сөйлемді дұрыс құра:

Презентацияны етеді әртүрлі көру Power Point қамтамасыз.

8. Тізбекті дұрыстап құрыңыз.

файл аты 1

файл 2

Файл типі 3

Сақтау 4

. . . деп сақтау 5

9. Слайдтарды көрсетудің неше әдісі бар?

а) 3 ә) 2 б) 4

10. Сөйлемді толықтыр.

Power Point графикалық пакеті . . . жасау құралы.

Slide 13

Зертханалық жұмыс №1

Презентация құру

1. Power Point жүктелгеннен кейін экранға сұхбат терезе пайда болады:

мастер автосодержания (қолдануға дайын нұсқалар негізінде презентацияны жылдам құруға мүмкіндік береді) .

Шаблон презентации (презентацияның түрін, стильін және көркемдеуін таңдауға мүмкіндік береді) .

Пустую презентацию (бұл бос презентацияны таңдауға арналған) .

2. Бос презентацияны таңдау арқылы слайдтың құрылымын таңдаймыз.

3. ОК шертеміз.

Слайдты көшіру

Слайдтарды сорттау режиміне өтеміз.

Көшіргіміз келетін слайдты таңдаймыз.

Правка - Копировать әмірін орындаймыз.

Көшірілетін слайд орналасатын слайдқа өтеміз.

Правка - Вставить әмірін орындаймыз.

Slide 14

Зертханалық жұмыс №2

Слайдтарды жылжыту

Слайдтарды сорттау режиміне өтеміз.

Жылжытатын слайдты таңдаймыз.

Правка - Вырезать әмірін орындаймыз.

Жылжитын слайд орналасатын слайдқа өтеміз.

Правка - Вставить әмірін орындаймыз.

Слайдтардың құрылымын өзгерту

Слайдтарды сорттау режимінде, өзгерткіміз келетін слайдқа ауысамыз.

Формат - Разметка слайдов әмірін орындаймыз.

Разметка слайда сұхбат терезесінде жаңа құрылымды таңдаймыз және Переприменить батырмасын шертеміз.

Слайдтың ішінде бір рет шертеміз.

Slide 15

Зертханалық жұмыс №3

Слайдтарды өшіру

Демонстрация режимінен басқа кез-келген режимде слайдты белгілейміз.

Правка - Удалить слайд әмірін орындаймыз.

Өшіруді болдырмау үшін Правка - Отменить әмірін орындаймыз немесе саймандар тақтасындағы Отменить батырмасын шертеміз.

Презентацияға дыбыс қосу

Дыбыс қосылатын слайдқа ауысамыз.

Вставка - Кино и звук - Звук из файла әмірін орындаймыз.

Қажетті дыбысты тауып, оны белгілеп, ОК батырмасын шертеміз.

Слайдтың дәл ортасында шартбелгі пайда болады, оны слайдтың кез-келген жеріне ауыстыруымызға болады.

Дыбысты ойнату үшін демонстрациялау кезінде шартбелгі бойынша тышқанды шертеміз немесе автоматты түрде ойнайтын режимге ауыстырамыз.

Slide 16

Сабақты қорытындылау

1. Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?

2. Презентация неден құралады?

3. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?

4. PowerPoint қалай іске қосады?

5. PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?

6. PowerPoint қолданбасында слайдтарды қараудың қанша режимі бар?

7. Слайдтарды қараудың режимдеріне жеке-жеке сипаттама беру керек.

8. Презентацияны жобалаудың қандай тәсілдері бар?

9. Мастер автосодержания не үшін қажет?

10. Слайдтың безендіруін қалай өзгертуге болады?

11. Слайдтың макетін қалай өзгертуге болады?

Slide 17

Үйге тапсырма:

Төменде берілген тақырыптарға презентация құру:

«Менің Астанам»

«Менің мектебім».


Ұқсас жұмыстар
PowerPoint презентациясының негіздері: дизайн, слайд макеттері және көрсету тәсілдері
PowerPoint бағдарламасы: презентация жасау және слайдтарды жобалау негіздері
PowerPoint көмегімен слайд-шоуды және слайдтағы кестелерді құру
PowerPoint бағдарламасы: презентация құрудың негіздері мен практикалық қолданылуы
Microsoft PowerPoint: презентация құру әдістері, шаблондар және слайдқа мәтін мен графикалық объектілерді енгізу
Microsoft PowerPoint: интерфейс, слайд құру және мультимедиалық презентацияларды көрсету әдістері
PowerPoint бағдарламасының негіздері, интерфейсі, презентация құру әдістері мен практикалық тапсырмалары
Microsoft PowerPoint-та таныстырылым әзірлеудің негізгі түсініктері мен құралдары
MS PowerPoint бағдарламасында презентация құру: практикалық нұсқаулық
PowerPoint бағдарламасы және презентация құрудың негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz