Сынып жетекшісі


Slide 1

5 «А» сынып жетекшісі

«Жітіқара қаласындағы № 9 орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі

Slide 2

Адам тағдырын тәрбие шешеді,

тәрбие құралы - сөз

О. Сүлейменов

Slide 3

Мақсаты:

Мектептің қоғамдық өміріне белсене араласа отырып, жас ұрпақтың жан - жақты дамуы мен шығармашылық шыңдалуына барлық жағдайды жасау

Slide 4

Міндеттері:

Мектептің қоғамдық өміріне тікелей қатысу;

Бала тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік,

құқықтық, салауаттылық, кәсіби бағытта

ықпалдықтар жасау;

Оқу-тәрбие үрдісінде демеушілік көмек көрсету;

Мектептің қоғамдық белсенділігін арттыру;

Slide 5

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері.

2. Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері.

3. Оның тәрбиелік қызметі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруы.

4. Тәрбие жұмысын жоспарлау.

5. Әдебиеттер тізімі.

Slide 6

Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері.

Сынып жетекшісінің бірінші міндеті жұмыс мазмұнына байланысты. Бір мақсатқа ұмтылған, ынтымақты оқушылар коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі бөлім болып табылады. Коллективті топтастыру жұмысы актив арқылы, түрлі комиссияларды, штабтарды құру арқылы және коллективті түрде, жұмылып атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Оқушыларды топтастыра отырып, сынып жетекшісі оқу-тәрбие міндеттерін шешуге жақсы жағдай жасайды. Сынып жетекшісі тек өзінің беделімен ғана емес сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдарымен де оқушыларға ықпал жасайды.

Балалар коллективін құру мен топтастыру - мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер коллектив құрылса кез келген тәрбие міндеттерін шешу әлде қайда жеңіл болады. Оқушылар коллективін тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері әр оқушының жеке басын қалыптастырады. Сынып жетекшісі оқушылардың өз әрекеттілігі мен инициативасына сүйенеді. Тәрбиеші беделі қаншама жоғары болса да, ол әрбір дұрыс ұйыммдастырылған коллективтің ықпалын ауыстыра алмайды. Табысты тәрбие жұмысынсыз коллективті топтастыру мүмкін емес. Тек коллектив арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке, көзқарастарына ықпал етеді. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан коллективтің әсерімен оқушылар саяси, адамгершілік және мәдени жағынан өседі.

Slide 7

Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналардың барлық жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығының бірнеше формалары бар.

Мақсат: Оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.

Slide 8

Ұжым - тәрбие жұмысының ең баты формасы дұрыс тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі, мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылады. Ұжымдағы тәрбиенің негізгі принциптерінің бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік қатынастарды бейнелейді. Ұжымдық істі ұйымдастыруда (оқу ісін тиімді ұйымдастыру, өнімді еңбекпен қоғамдық жұмысқа қатыстыру, түрлі қоғамдық тапсырмалар, ұжымдық ойын-сауықтарды ұйымдастыру т. б. ) :

- белсенділер тобын айқындау және тәрбиелеу;

- оқушылар алдына қызықты перспективалар қою;

- сыныпта жағымды дәстүрлерді қалыптастыру;

- оқушыларға қойылатын талаптардың бірлігі жүзеге асырылады.

Білімнің жоғары дәрежесі - оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың ең маңызды көрсеткіші. Сынып жетекшісі оқушылардың білім сапасын көтеруге қамқорлық көрсетеді, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып нашар оқуда бермеуге әрекет жасайды.

Slide 9

ТАНЫМДЫҚ

ОЙЫНДАР

Тәрбие үрдісіндегі тиімді әдістер

ПІКІР - ТАЛАС

СҰҚБАТ

САЯХАТ

Slide 10

Жиналыс хаттамалары

Slide 11

Ата-аналармен өткізілген тәрбие сағаттары

Slide 12

Ата-аналардан алынған сауалнамалар

Slide 13

«Ассоциация» жазу Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (үш топқа бірдей) Әр топтың бір мүшесі қорғайды. Осындай формада сынып жиналысы өтті.

Slide 14

Тәрбие жұмыстарынан көрініс

Slide 15

Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері.

Сынып жетекшісі білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын

Бала құқықтары туралы конвенцияны

Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын, балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін

Жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын

Педагогикалық этиканы

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін

Оқушылардың (тәрбиеленушілердің ) бос уақытын ұйымдастыру

Еңбек заңнамасының негіздерін

Нұсқаулық-нормативті құжаттарды, еңбекті қорғаудың нормаларымен ережелерін

Slide 16

Игеруі тиіс:

кіріктірілген тұлғалық қасиеттер: эмоциялық-ерікті өзін басқару және бақылауға қабілеттілік, аналитикалық, болжамдық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттер.

Жоғары мәдениет, тұрақтылық, адамгершілік бағдар.

Slide 17

Оның бойында болуы тиіс:

кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі, оның негізін келесілер құрайды:

жалпы, жас ерекшілік, әлеуметтік педагогика мен психология саласындағы ілгері білім

балалар қарым-қатынасындағы, іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы, дамуындағы ауытқу нормаларының құбылыстары мен процесстерін білу

психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке кеңес берудің, психологиялық алдын алудың және психологиялық педагогикалық түзетудің әдістерін

балалардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сипаттарды ескере отырып, балалардың жеке және ұжымдық шығармашылығының ерекшелігі мен мәнін білу

балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін білу

балалардың құқықтарын қорғау бойынша отандық және халықаралық құқықтық нормаларын білу.

Slide 18

Кәсіби біліктері қалыптасуы тиіс:

жеке, тұлғааралық қиындықтар мен қақтығыстарды анықтау

зерттеу және әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік психологиялық мәселелерді шешу әдістерін игеру

«ересектер-бала» және «ересектер-ересектер», сонымен қатар «сынып жетекшісі-бала-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық тұрғысынан мақсатқа сай және психологиялық дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыру

Ұжымдармен, балалардың бірлестіктерімен және үлкен, кіші топтармен жұмыс жасау

Балалармен әлеуметтік маңызды іс-әрекеттер ұйымдастыру, олардың әлеуметтік өзін-өзі анықтау мен қалыптасуы үшін жағдай жасау

Шығармашылық бейімділіктерін және балалардың қабілетін анықтау, оларды іске асыру үшін жағдай жасау

Slide 19

Жұмыс формалары: Эксперименттік жұмыс және ғылыми зерттеулер:

- эксперименттік алаң

- авторлық және вариативті бағдарламаларды жасақтау және сынақтан өткізу

- зерттеу мәселесі бойынша теориялық материалдарды оқу

- ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу

- авторлық материалдар жасақтау

Slide 20

Әдістемелік құжаттарды жасақтау

оқу жоспарлары мен бағдарламалары

әдістемелік нұсқауларды

сауалнамаларды

ережелерді (қойылымдар, байқаулар, көрмелер, шығармашылық жұмыстар туралы және т. б. )

диагностикалау әдістемесін.

Slide 21

Тәрбие жұмысы бойынша сынып жетекшісінің біліктілігін көтеру

әдістемелік тақырыпта жұмыс жасау

проблемалық, үйретушілік семинарлар

біліктілігін жетілдіру курстары

тәжірибе толықтыру

дөңгелек үстелдер

жеке кеңестер

ашық тәрбиелік іс-шаралар

өзара тәжірибе алмасу

ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен жұмыс

ұстаздық жұмыс

«Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі» және т. б. кәсіби шеберліктің байқауларына қатысу

Slide 22

Жаңашыл педагогикалық тәжірибені қорытындылау мен тарату

- шығармашылық топта жұмыс

- шығармашылықпен жұмыс жасайтын пелагогтармен тәжірибе алмасу

зерттеу нәтижелерін дайындау (баяндама, кітапша, мақала, көрнекі құралдар)

семинарларға қатысу және т. б.

Slide 23

Тәрбие жұмысын жоспарлау.

Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекше-ліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.

Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар:

- өткен жылғы жұмысты талдау;

- сыныпқа сипаттама беру;

- жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айқындау;

Жоспардық түрлері өте көп, бірақ мұғалім өзіне қолайлысын таңдағаны жөн.

Соңғы кезде "сөзбен", "ауызша" тәрбиелеу сыналып, оқушыларды іс-жүзінде, іс-әрекет арқылы тәрбиелеу қажеттігі көп айтылып жүр. Осыған байланысты, мына бір жоспардық түрін ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бұл жоспарда нақтылы істер жоспарланады.

Slide 24

Тәрбие жұмысы жоспарының бірінші түрі:

Ұжымды ұйымдастыру

Өзін-өзі басқару ұйымдарымен

жұмыс Ұжымның дәстүрлері Ескертулер

I тоқсан ( 9 апта)

II тоқсан ( 9 апта)

III тоқсан ( 11 апта)

IY тоқсан ( 9 апта)

Slide 25

Тәрбие жоспарының екінші түрі:

I. Сынып оқушыларына мінездеме.

II. Тәрбиелік міндеттер.

1. Саяси мәдениетін қалыптастыру.

2. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

а) Ұлттық мінез-құлық пен әдеп-ғұрып негізінде тәрбиелеу;

ә) Халықтың салт-дәстүрге сүйеніп тәрбиелеу.

3. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру және қоғам арасындағы белсенділігін дамыту.

4. Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.

5. Еңбекке, халықтың іскерлікке баулу, үнем тәрбиесін беру.

6. Әсемдікке тәрбиелеу және көркемдік қабілетін дамыту.

7. Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.

8. Экологиялық және азаматтың жауапкершілікке тәрбиелеу. Соңғы кезде коммунарлық тәрбиелеу әдістемесі кеңінен тарауда. Оны өз тәжірибесінде пайдаланатын сынып жетекшілері айына бір ұжымдық шығармашылық іс жоспарлайды, тәрбие жұмыстары сол таңырыпқа байланысты болып келеді. Әр айда өткізілетін тәрбие жұмысы 4 бөлімнен тұруы мүмкін.

Slide 26

Ұжымдық шығармашылық істер: Қыркүйек - еңбек пен білім айы. Қазан - сені қызықтыратын әлемге саяхат. Қараша - туған өлкемнің тарихы. Желтоқсан - менің Қазақстаным. Қаңтар - шығармашылық айлығы. Ақпан - спорт айлығы. Наурыз - мерекелі, берекелі ай. Сәуір - "нарық еліне саяхат" ойыны. Мамыр - мектеппен қоштасу айы.

I бөлім - ұжыммен жұмыс.

II бөлім - жеке-дара жұмыс.


Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің моделі
Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік міндеті сынып ұжымын қалыптастыру мен дамыту
Мектепте тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың әдістемесі
Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы
Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
Сынып жетекшісі қызметін ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің құқығы
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz