Танысу рәсімі жаттығуы




Презентация қосу
Таңда, жастай
жолдың дұрысын!
Мақсаты:

Өзара қарым-қатынас жасата
отырып, өмірлік мақсатқа жете алатын,
адамгершілік құндылықтарды
қастерлейтін, жеке қызығушылықтары
мен қажеттіліктерін қоғам
талаптарымен үйлестіре білетін
тұлғаны қалыптастыру;
Зиянды әдеттердің алдын алу.
“Танысу рәсімі” жаттығуы

Нұсқау: Оқушылар өздеріне аңның
немесе жануардың бір-бір аттарын
атау қылып алады. Бірінші айналымда
оқушылар шеңбер бойымен таңдап
алған атауларын айтып шығады. Екінші
айналымда бірінші бала өз атауын
айтады, екінші бала алдыңғы баланың
атауына өз атауын қосып айтады.
Жаттығу осылай жалғаса береді.
“Кім екенін тап” ойыны

Нұсқау: Барлығыңа карточка беріледі. Ол
қағазда сөз жасырылған. Мысалы: мұғалім,
аурушаң адам немесе арыстан. Оған
қойылған сұрақтарға берген жауаптарына
қарап оның кім екенін ойлап табуларын
қажет.
1.Жейтін тамағың қандай?
2.Қандай киімдер киесің?
3.Жұмыс орнын қай жерде?
4.Достарың кімдер? Т.б.
« Қисық жол» оқиғасы
Қолы бос кезінде Марат курьер болып жұмыс істейтін.
Бір күні қаланың екінші басына маңызды құжаттар апару
керек болды. Марат көп ойланбастан автобусқа мініп жүре
барды. Жол алыс болғандықтан көзі ілініп кетіпті. Оянса,
қолындағы бумасы жоқ екен. Есі шыққан Марат
автобустан атып шықты. Не істерін білмей, дел-сал болған
жеткіншек қала көшелерін кезіп ұзақ жүрді. Кенет, оның
көзіне бейтаныс бейтаныс көшенің бұрышында отырған өзі
шамалас балаларға көзі түсті. Марат бейтаныс
балалардың қасын келіп, бейне бір бүрыннан таныс
адамдрша шүйіркелесе кетті. Ол өзінің басынан кешкен
келеңсіз оқиғасын баяндап, жаңа достарынан кеңес
сұрады.
Міне содан бері Марат сабағын тастады. Таныстары
оны қаланың әр жерінде күмәнді жастар тобымен жүргенін
көретін болды. Көрші әжелер: «Марат «қисық жолға» түсіп
кетіпті-ау!»-десіп жатты.
Кері байланыс
1.Ол сабағын неге тастап кетті деп
ойлайсыңдар?
2.Жаңа достары қандай кеңес берді деп
ойлайсыңдар?
3. “Қисық жол” дегенді қалай түсінесіңдер?
4.Сендерде немесе достарыңда осыған ұқсас
қауіпті/қатерлі жағдайлар болып көрді ме?
5.Бұл қай жерде болған оқиға? Біздің ауданда/
ауылда осындай қауіпті жерлер бар ма?
6.”Қисық жол” қандай нәтижеге алып келеді ?
“Ассоциация” жаттығуы
Нашақор
адам
“Ауыр кітап” ойыны
Мақсаты: Ерік-жігерді жетілдіру.

Нұсқау: Оқушы өзіне ыңғайлы аяғын
көтеріп, үстіне кітапты көлденеңнен
қояды. Қолды ештеңеге тіремей,
кітапты құлатпай, көп уақыт бір аяқтап
тұруға тырысу керек.
“Қоқыс жәшігі” ойын-жаттығуы
Балалар қағаз парағына
“Нашақорлық”, “ЖҚТБ” , “Зиянды
әдет” және осыған ұқсас сөздерді
естігенде ойларына не келеді соны
параққа жаз немесе суретін сал.
Содан соң оны дауыстап
оқы/көрсетіп талқала.
Кері байланыс

Бұл қандай ойлар?
Бұлар бізге керек пе?
Бұл ойлар бізге өмір сүруге көмектесе ме?
Оны оқып/көрсетіп керегі не?
Оны сақтап керегі не?
Парақты умаждап, “Бұл зиянды әдеттер,
жаман ойлар маған керек емес!”- деп айтып
тұрып, қоқыс жәшігіне тастау керек.
“Салауаттылық” жаттығуы
Нұсқау: Психолог пікірлерді айтқан
кезде, оған оқушылардың жауабы
“иә” болса бір қолын көтереді, “жоқ”
болса екі қолын айқастыра
көтереді, “кейде” деген жауап болса
ешқандай қимыл жасамайды.
18 жасқа дейінгі балаларға темекі мен ішімдікке тиым
салу дұрыс;
Тәтті тағам денсаулыққа пайдалы деп есептейсің;
Емханаға қан өткізуге келгенде медбикенің бірлік ине
қолданғанын қадағалайсың;
Жеке бас тазалығын әдемі көрінгің келгендіктен
орындайсың;
Емдік дәрілерді сен жарнамаларға сеніп аласың;
Танымайтын ортада сен ішуден ата-анаңнаң
қорыққандықтан бас тартасың;
Егер саған біреу темекі ұсынса әсер алу үшін
тартасың;
Саған білмейтін бірнәрсені көруге(иіскеп, жеп, ішіп)
сұраса сен бас тартасың;
Жасөспірімдердің спортпен айналысуы міндетті түрде
емес.
«Қар» ойыны

Нұсқау: Топ екіге бөлінеді(Сурет қиықтары
арқылы). Ол топтарған тең көлемде ақ
парақтар таратылып беріледі. Олар
қағаздарды умаждап, дөңгелетіп қар
жасайды.Белгі берілген кезде екі топ
қарларын бір-бірлеріне лақтырады. Ойын
аяқталғанда қай топтың маңайында қағаз аз
болса сол топ жеңіске жетеді.
“Корректуралық проба”
жаттығуы

Нұсқау: Ретсіз жазылған әріптердің
ішінен тездетіп АҚТҚ-ның жұғу
жолдарын тауып, астын сыз.
1.коңкдқанарткісмдакарқылыикпқдрвщ2
.ыіомкжыныстықстпадврылякыкадфрак
сапкедапвжолменрваркдакдоарңадкаор3
.АПРРТАҚТҚРуащғфдачьтпакданраның
садпавкидафбыажұқтырғандикавкгәкад
отдикялкаіападананыңкнаккрадұардкгы
одыкшажүктілігіцдкллафдроркашааф,дк
дңакбосануыщкдйдыкоұадаккрпрдао,кп
дакзканапщадккыжадьчүакдюдамдакзцк
адағдсүтіменкдалаыкдаөдкоажезкадацка
лдакқоректенгендеывалкдсалкдкаща
1.коңкдқанарткісмдакарқылыикпқдрварара
2.ыіомкжыныстықстпадврылякыкадфраксап
кедапвжолменрваркдакдоарңадкарпенкнет
3.АПРРТАҚТҚРуащғфдачьтпакданраныңсад
павкидафбыажұқтырғандикавкгәкадотдик
ялкаіападананыңкнаккрадұардкгыодыкша
жүктілігіцдкллафдроркашааарафывывфф,д
кдңакбосануыщкдйдыкоұадаккрпрдао,кпд
акзканапщадккыжадьчүакдюдамдакзцкада
ғдсүтіменкдалаыкдаөдкоажезкадацкалдак
ждлжлзшқоректенгендеывалкдсалкдкаща
“Жапырақтар” ойыны
Нұсқау: Балалардың маңдайларына
“жапырақ” пішіндер өздеріне
көрсетпей жапсырылады. Бір-бірлерін
итермей, сөйлеспей , қолдарын
белдеріне қойып, жапырақтың түстері
бойынша топталулары қажет. Көз
арқылы ұғынысуға болады.
Кері байланыс

1.Өз топтарыңды қалай таптыңдар?
2.Маңдайларыңдағы жапырақтың түсі қандай
екенін қайдан білдіңдер?
3.Қара түсті жапырақты ойыншыға қандай
көзқараста болдаңдар?

Қара түсті жапырақты ойыншыға сұрақтар:

1.Қандай сезімде болдың?
2.Қандайда бір жақсы топта болғың келе ме?


Сұрақ
Аңыз әлде шындық” тесті
А- Шын-
ңыз дық
1 ЖҚТБ мен АҚТҚ қатерлі ауру емес, оңай емделетін ауру

2 Адам ЖҚТБ-дан ешқашан өлмейді

3 ЖҚТБ мен АҚТҚ бүкіл әлемге таралған

4 Қазақстанда АҚТҚ ауруына шалдыққандар жоқ

5 ЖҚТБ мен АҚТҚ ауруына жастар мен жасөспірімдер
ешқашан шалдыға алмайды
6 Адамдарға ЖҚТБ мен АҚТҚ ауруына байланысты білімдер
қажет
7 Жақын арада ЖҚТБ ауруына шалдыққандар күрт азаяды

8 ЖҚТБ мен АҚТҚ ауруынан ешкім сақтана алмайды

9 ЖҚТҚ мен АҚТҚ –ға қарсы дәрі жоқ

10 ЖҚТБ ауруынан тек қана жұқтырған адам зардап шегеді, ал
қоғамның дамуына зардабын тигізбейді
«Ақ тілек » ойыны

Нұсқау: Шардың ішіне түрлі тақырыпқа
байланысты тілектер жазылады.
Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған
шарды таңдап алып, оны жарады. Шар
ішіндегі тілектер оқылады.
Кері байланыс
1. Бүнінгі тренингтен қандай ой түйдіңдер?
2. Қай тапсырма немесе ойын
сендергуқызықты болды?
3. Қай тапсырманы орындау сендерге қиынға
соқты?
4. Қай ойынды алдағы тренингтерде
пайдаланса екен дейсіңдер?
5. Бүгінгі тренинг-сабағымызды қалай
бағалайсыңдар? 3,4,5

Ұқсас жұмыстар
«Көмек шеңбері» Психологиялық тренинг
Түрлі қарым - қатынас ситуацияларында байланыс орнату мүмкіндігін кеңейту
Сіздер Бала деген кім
АМАЛДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ
Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясының құндылықтары
Белгісін тап жаттығуы
ОҚУШЫ АТА - АНА МҰҒАЛІМ
Сұрақтар бұрқасыны жаттығуы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Пәндер