7-сыныпқа арналған Бірінші байлық - денсаулық сабақ жоспары: салауатты өмір салты және табиғи шынығу


Slide 1

Подстепный жалпы орта білім беретін қазақ мектебі «Бірінші байлық- . . . »

7 ә сынып

Сынып жетекші: Айткалиева Б С

Slide 2

Мақсаты:

1) Оқушыларға салауатты өмір салтын

насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын- алу жолдарын үйрету.

2. ) Оқушыларға жақсы, саналы, білімді азамат болу үшін, мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің сау болуын, басты байлық-денсаулық екендігін түсіндіру.

3. ) Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету.

Slide 3

Тақтада:

«Денсаулық-зор байлық»,

« Тәні сұлудың -жаны сұлу»)

Slide 4

Оқушыларға сұрақ

1) Бірінші байлық-

(денсаулық)

2) Денсаулық болу үшін-

(салауатты өмір)

3. ) Салауатты өмір дегеніміз не?

(жан тазалығы, тән тазалығы)

Slide 5

Топтарға бөлінеміз

1. топ. Денсаулық

2. топ. Салауаттылық

3. топ Тазалық

Slide 6

Сұрақтар

1) Денсаулық деген не, қалай түсінесіңдер?

2) Дені сау, денсаулығы мықты деп қандай адамдарды айтамыз?

3) Ауырмау үшін денсаулықты қалай күту керек?

Slide 7

Енді балалар ұстазымыз П. К. Иванов 1898 жылы 20-ақпанда Украинада дүниеге келген. Өз өмірінің жарты ғасырын адамдарды табиғи сауықтыру идеясына арнады. Жер тұрғындарына, көптеген қолжазбалармен бақылауларын қалдырды. Қазіргі уақытта ұстазымыздың табиғи шынығу идеясы өмір сүріп отыр. П. К. Ивановтың балаларға ұсынған 12 нұсқауымен танысамыз.

Slide 8

1. Күніне 2 рет табиғи суға шомыл, бойындағы теріс энергияны жерге ала кетеді, денеңді ұйқыдан оятады.

2. Қыста қарда жүріп үйрен, таза ауамен демалып, барлық адамдарға амандық тіле!

3. Темекі шекпе, ішімдік ішпе!

4. Аптасына бір тәулік ас-судан бас тарт. Асқазаның демалады. Тамақты уақытында іш.

5. Жексенбі күні сағат12-де далаға шық, таза ауада қыдыр, қалауыңша тамақтан.

7. Жұртқа мүмкіндігінше көмектес, әсіресе жалғыз баста кәрі кісілерге, мүгедектерге, кемтарларға көмегіңді шын ақ көңілмен істе.

Slide 9

8. Қызғаншақ болма!Өзбойыңдағы жалқаулықты, көрсеқызарлықты, қорқақтықты, жалған намысқойлықты таста!Өтірік айтпа! Жаман ойдан аулақ бол. Төңірегіндегі адамдарды сүй

9. Амандасып жүр, баршаға саулық тіле!

10. Ауыра қалсаң көп уайымдама. Ол туралы ойлама, бұл сенің -жемісің!

11. Істі аяқта!Ойыңды бөлме. Ерте жатып, ерте тұр

12. Білген, оқығандарды, өзгелерге айт, тарат. Бірақ мақтанба. Қарапайым бол.

Slide 10

Тапсырма

1. топ «Жерден- нәр»

2. топ «Ауадан- дауа»

3. топ «Судан- күш»

тақырыптарына шағын эссе жазыңыз.

Slide 11

Мақал-мәтелдер

1. Тазалық-саулық негізі,

Саулық -байлық негізі.

2. Ауру болып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

3. Денсаулықтың жаңасын

Ақшаға қайдан аласың.

4. Тыста ұзақ жүргенің

Ұзақ өмір сүргенің.

Slide 12

Қорытынды

Еліміздің ертеңі сендердің денсаулықтарың мықты, салауатты азамат болып өсіңдер.

Енді үш топ бір-біріне жақсы

тілектер айтыңыз

Slide 13

Рахмет


Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салты: сабақ жоспары
Денсаулық - зор байлық: салауатты өмір салты, алдын алу және денсаулықтың алты аспектісі
Бақыт пен денсаулық: оқушыларға арналған салауатты өмір салты бойынша тәрбиелік-танымдық сайыс
Өзін-өзі тану пәні: Салауатты өмір салты туралы сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған ашық сабақ: Денің сау болсын десең - денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты
Бірінші байлық - денсаулық: салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерді алдын алу бойынша білім беру сайысы
Денсаулық негіздері: дене тәрбиесі, гигиена және салауатты өмір салты
Денсаулық психологиясы: құрылым және салауатты өмір салты мен медитацияның рөлі
Денсаулық негіздері: гигиена, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты
Денсаулық - ең басты байлық: салауатты өмір салтының маңызы мен сақтау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz