7-сынып геометриясы: Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен есептері


Slide 1

Геометрия 7-сынып

Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері

Байназарова Кама

Шетпе гимназиясы

Slide 2

Кім жылдам?

Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 3см, 4см, 6см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

Жауабы:13см

Slide 3

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы 7см. Үшбұрыштың табанын тап.

Жауабы: 6см

Slide 4

Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Жауабы:13см

Slide 5

Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 12см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

Жауабы:36см

Slide 6

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 есе ұзын. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.

Жауабы: 8см, 8см, 4см.

Slide 7

Қандай фигураны үшбұрыш деп атайды?

Элементтерін ата.

Slide 8

Үшбұрыштар еліне саяхат

Ал, кәнекей, балалар,

Анықтап қарап алындар

Ерекшелігін хан елінің

Қорықпай кәне табыңдар.

Slide 9

Менін атым -тең бүйірлі үшбұрыш, себебі екі бүйір қабырғам тең, үшінші қабырғам - табаным.

Slide 10

Мен ханның екінші ұлымын. Менің атым-

әр қабырғалы үшбұрыш. Себебі қабырғаларымның ұзындықтары әр түрлі. Жүру қиын болғандықтан көзге көп түсе бермеймін.

Slide 11

Мен ханның, немересімін.

Ау, халайық.

Бұрышым менің сүйір

Ақылың болса егер бір түйір

Ойланшы өзің,

сонда қалай аталамын.

Slide 12

Доғал менің бұрышым,

Білсең айтшы, дұрысын

Қалай кәне атайды?

Немересін атайдың.

Slide 13

Келсе егер сөз кезегі.

Таныстыруды бастайын.

Мен ханның неменесі

Ешкімнен ұялып, саспайын.

Атым менің тік бұрышты үшбұрыш

Қасиетім менің ерекше

Белгілі ғой әр елге

Пифагордың аты шығып,

Тарап кетті әлемге.

Пирамидасы Египеттің

Абыройымды асырды.

Аты шулы Пифагордың

Теоремасы ашылды.

Гимназистер әзіл қылды

Пифагордың шалбарын

Қайдан білсін өмір бойы

Соңдарынан қалмасын.

Slide 14 Slide 15

Қабырғаларының ұзындықтарына қарай үшбұрыштар қандай түрлерге бөлінеді?

Slide 16

Бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштар қалай аталады?

Slide 17

Cуретте АD кесіндісі қалай аталады?

Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не?

Үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесіндіні медиана деп атайды.

АD - медиана

ВD = DС

Slide 18

Суретте ВК кесіндісі қалай аталады?

Үшбұрыштың биссектрисасы деген не?

Үшбұрыштың биссектрисасы деп осы үшбұрыштың бұрышының биссектрисасының бұрыш төбесі мен қарсы жатқан қабырға арасындағы кесіндісін айтады .

ВК - биссектриса

АВК = СВК

Slide 19

Суретте СН кесіндісі қалай аталады?

Үшбұрыштың биіктігі деген не?

Үшбұрыштың төбесінен оған қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге жүргізілген перпендикулярды үшбұрыштың биіктігі деп атайды.

СН - биіктік

СН  АВ

Slide 20

Тең бүйірлі

үшбұрыштың

қасиеттері

Slide 21

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тең бүйірлі үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш анықтамаларын, қасиеттерін білуге, есептер шығаруда сол қасиеттерді пайдалануға баулу, үйрету;

Дамытушылық: Жылдам ой қорыту, тапқырлық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту, есте сақтау қабілетттерін дамыту,

Тәрбиелік:Эстетикалық бағытта, яғни үшбұрыш сызбаларын дұрыс орындауға үйрету;

Slide 22

Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады

B

A

C

АС, ВС - бүйір қабырғалар

АВ - табаны

ےА, ےВ - табанындағы бұрыштар

С - үшбұрыштың төбесі

ےС - төбесіндегі бұрыш

АС = ВС

Slide 23

Үшбұрыштың табаны мен бүйір қабырғаларын ата

Slide 24

1 - теорема

Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең.

Бер: АВС - тең бүйірлі,

АС - табан

Д/к: А =С

Slide 25

Дәлелдеу:

ВD биссектрисасын жүргіземіз.

2. АВD және СВD қарастырамыз.

АВ=ВС, ВD-ортақ, АВD=СВD, (ВD-биссектриса) демек

АВD= СВD (үшбұрыштар теңдігінің І белгісі бойынша)

3. Бұдан А=С

Теорема дәлелденді

Slide 26

Кері теорема

Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш тең бүйірлі болады.

B

C

A

Slide 27

2 - теорема

Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медиана осы үшбұрыштың әрі биссектрисасы, әрі биіктігі болады

Бер: АВС -тең бүйірлі,

АС - табаны,

ВD -медиана.

Д/к: 1. ВD - биссектриса

2. ВD - биіктік

Slide 28

Дәлелдеу:

АВD және СВD қарастырамыз

АВ=ВС, ВD-медиана болғандықтан, AD = DC, А=С демек АВD= СВD (үшбұрыштар теңдігінің І белгісі бойынша) бұдан АВD=CBD демек

ВD - биссектриса.

2. АВD= СВD, осыдан

АDB = CDB

демек

ВD - биіктік

Теорема дәлелденді

Slide 29

Барлық қабырғалары өзара тең үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып геометриясы: Үшбұрыштың түрлері - сабақ жоспары мен практикалық есептер
7-сынып геометриясы: циркуль мен масштабталмаған сызғышпен салу есептері мен дәлелдеулері
7-сынып геометриясы: циркуль мен масштабы бөлінбеген сызғышпен салу есептері және олардың дәлелдері
8-сынып геометриясы: Пифагор теоремасы сабақ жоспары мен есептері
7-сынып: Үшбұрыштың түрлері - сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізіндегі сабақ жоспары
7-сынып геометриясы: шеңбер ұғымы, элементтері және есептер
7-сынып геометриясы: Түзулердің параллельдігі - анықтама, қасиеттер және есептер
5-7 сынып оқушылары арасындағы Әй, осы математика сайысының бағдарламасы, есептері және қорытындысы
7-сынып геометриясы: Нүкте мен түзу және екі түзудің өзара орналасуы
8-сынып геометриясы: тікбұрышты үшбұрыштар және тригонометриялық қатынастарды бекіту сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz