Толқын ұзындығы


Slide 1 Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Біліктілігі: Оқушылардың өтілген тараулар бойынша алған білімдерін қаншалықты деңгейде меңгергендігін байқау. Механикалық тербелістер мен толқындар сипаттайтын негізгі шамалар туралы түсінігін қалыптастырып, білімдерін шыңдау.

Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру, білімділікке, шапшаң ойлануға, ойларын қорта білуге үйрету.

Тәрбиелілігі: Өзіне сын көзімен қарай білуге, өзін-өзі бағалай білуге, оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжымдық жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулықтар, кесте, тірек сызба.

Slide 3

1. Анықтамаларға шолу

Формулалар шолу

Шамалар мен өлшем бірліктерді анықтауға шолу

2. Есептерге шолу

3. Тест тапсырмаларына шолу

Slide 4

Период

Жиілік

Амплитудасы

Еркін

Еріксіз

Тербелмелі жүйе

Гармоникалық

Математикалық маятник

Циклдік жиілік

Резонанс

Механикалық

Тербеліс

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

Толқындар

Бойлық

Ұзындығы

Жылдамдық

Жиілігі

Тон жоғарлығы

Дыбыс қаттылығы

Механикалық

Көлденең

Жаңғырық

Инфрадыбыс

Ультрадыбыс

Slide 9 Slide 10

Есептерге шолу

Slide 11

№1

Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар.

№2

Математикалық маятниктің жібінің ұзындығын 3 есе арттырғанда оның тербеліс жиілігі қаншаға өзгереді?

№3

Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктердің біреуі 10, ал екінші 30 тербеліс жасайтын болса, олардың ұзындықтарының қатынасы қандай?

№4

Ұзындығы 80см маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алды?

Slide 12

№5

Серіппеге ілінген жүк 2мин ішінде 60 тербеліс жасайды. Егер серіппенің қатаңдығы 4, 9н/м болса, онда жүктің массасы қандай?

№6

Толқын көзі 4мин уақытта 15м/с жылдамдықпен 1200 тербеліс жасайды. Толқын ұзындығы қандай?

№7

Қатаңдығы 2·103Н/м серіппеге ілінген, массасы 0, 2 кг дененің еркін тербелісінің жиілігі неге тең?

№8

Ұзындығы 160см математикалық маятниктің 10 тербеліс жасайтын уақыты қандай ? (g =10 м/с2)

Slide 13

№9

Математикалық маятниктің тербеліс периоды 0, 5с. Маятник тербелісінің циклдік жиілігі неге тең?

№10

Бір секундта 25 айналым жасайтын дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы қандай ?

№11

х=0, 25cos2t қозғалыс теңдеуімен тербелетін математикалық маятинк жүгі үдеуінің амплитудасының модулі?

№12

Тербелмелі контур электр сыйымдылығы 0, 4нФ конденсатордан және индуктивтілігі 0, 4мГн катушкадан тұрады. Осы контур шығаратын электромагниттік толқынның ұзындығы (с=3*108 м/с)

Slide 14

Тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.

Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын (интервалын) тербеліс периоды деп атайды.

Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады.

Тербеліс амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.

Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзые жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.

Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.

Еріксіз тербелістер дегеніміз- сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Аталған шамалардың периодты түрде өзгеріп отыруын электромагниттік тербелістер деп атайды.

Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.

Бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.

Толқын ұзындығы- Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.

‍‌‌толқын ұзындығыгының бөлшектердің Т тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама толқын жылдамдығы деп аталады.

Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп атайды.

Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

Тембр - адамның дауысына немесе аспатың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.

Жаңғырық- қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.

Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды.

Slide 15

Тест тапсырмалары

Slide 16

1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі қалай аталады:

А) Механикалық толқын С) Механикалық тербеліс

В) Көлденең толқын Д) Бойлық толқын

2. Бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын қалай аталады:

А) Механикалық толқын С) Көлденең толқын

В) Механикалық тербеліс Д) Бойлық толқын

3. Бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бойында жүзеге асатын толқын қалай атайды:

А) Механикалық толқын С) Механикалық тербеліс

В) Көлденең толқын Д) Бойлық толқын

4. Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық қалай атайды:

А) Толқын ұзындығы С) Толқын ені

В) Толқын ауданы Д) Жауабы жоқ

5. Толқын жылдамдығының формуласы:

А) ν= λ/ T С) υ=S/t

В) υ= l/t Д) υ=υ0+at

6. Бөлшектердің ауытқуы кезінде бір-бірінен алыстайтын бөліктер қалай аталады:

А) Тебілу С) Жиелеу

В) Алшақтау Д) Сиреу

Slide 17

7. Жиелігі 2 Гц тең жоғары толқында қалай аталады:

А) Жоғарғы дыбыстар С) Ультра дыбыстар

В) Төменгі дыбыстар Д) Инфро дыбыстар

8. Жиелігі 16 Гц тең төмен толқындар қалай аталады:

А) Жоғарғы дыбыстар С) Ультра дыбыстар

В) Төменгі дыбыстар Д) Инфро дыбыстар

9. Ауада қандай толқындар тарайды:

А) Бойлық толқын С) Көлденең толқын

В) Механикалық толқын Д) Жауабы жоқ

10. Камертон деген қандай зат?

А) Үшбұрыш тәрізді қысқа

В) Доға тәрізді қысқа сапталған метал таяқша

С) Төртбұрыш тәрізді қысқа сапталған метал таяқша

Д) Жауабы жоқ

11. Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі:

А) дб С) Дж

В) Н Д) Па

12. Адамның дауысына немесе аспап үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы қандай:

А) Шу С) Тембр

В) Тенор Д) Боритон

Slide 18

13. Әртүрлі жиеліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасу қалай аталады:

А) Шу С) Тембр

В) Тенор Д) Боритон

14. Резонанс тудыратын жәшіктер қалай аталады:

А) Резонанс С) Резонатор

В) Резонанстор Д) Жауабы жоқ

15. Электромагниттік толқынның әртүрлі заттардағы толқын ұзындығы:

А) λ = υ/ λ С) λ=сТ

В) λ= с/ν Д) λ=с/λ

16. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі қалай аталады:

А) Жұлдыз С) Шоқ жұлдыз

В) Көп жұлдыз Д) Көкжиек

17. Аспанда неше шоқ жұлдыз бейнеленген:

А) 98 С) 88

В) 89 Д) 78

18. Радиусы анықталмаған Жорамал сфера деп нені атайды:

А) Аспан сферасы С) Аспан кеңістігін

В) Аспан ауасын Д) Жер сферсын

Slide 19

19. Математикалық көкжиек және аспан меридианы жазықтықтарының қиылысуында пайда болған түзу қалай аталады:

А) Көкжиек С) Солтүстік сызық

В) Тал түстік сызық Д) Жауап жоқ

20. Алматы және Астана сағаты бүкіл әлемдік уақыттан неше сағат алда:

А) 5сағ С) 4сағ

В) 6сағ Д) 3сағ

21. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі қалай аталады:

А) Уақыт С) Күнтізбе

В) Мерзім Д) Жауап жоқ

22. Ең көне күнтізбе:

А) Ай күнтізбесі С) Жыл күнтізбесі

В) Соғды күнтізбесі Д) Юлиан күнтізбесі

23. Барлық планеталар күнді айнала эллипс бойымен айналады. Оның фокустарының бірінде күн орналасады. Бұл Кеплердің нешінші заңы:

А) 1заңы С) 3заңы

В) 2заңы Д) 4заңы

24. Планетаның радиус - векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Бұл Кеплердің нешінші заңы:

А) 1заңы С) 3заңы

В) 2заңы Д) 4заңы

Slide 20

25. Кез-келген планетаның күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасын тең. Бұл Кеплердің нешінші заңы:

А) 1заңы С) 3заңы

В) 2заңы Д) 4заңы

26. Дыбыс толқынының тон жоғарылығы немен анықталады:

А) Тербеліс жиелігімен С) Тербеліс фазасымен

В) Толқын ұзындығымен Д) Тербеліс амплитудасымен

27. Егер ұшақтан шағылған дабыл жіберілген мезеттен 10с өткен соң қабылданатын болса, онда ұшақ шамамен радиолакатордың қандай қашықтығы болады:

А) 3*104 С) 3*1012м

В) 9, 5*109м Д) 1, 5*1012м

28. Тербеліс көзі 2с ішінде 3 тербеліс жасайды. Толқындардың таралу жылдамдығы 33м/с. Толқын ұзындығын тап:

А) 900м С) 200м

В) 450м Д) 150м

29. Екі когеренті көзден шығатын толқындар нүктеге бірде фазада келеді. Егер вр нүктедегі толқын амплитудасының мәні а-ға тең болса, осы нүктедегі қорытқы тербелістің А амплитудасы қандай:

А) А= 0 С) 2а

В) А=а Д) 0≤ А≤ а

30. Балықшы су айдынындағы толқынды бақылай отырып, қалтқысының жанынан 10с ішінде толқындардың 3 өркеші өткенін байқады. Толқын жиілігін тап. υ=2м/с

А) 0, 3Гц С) 0, 5Гц

В) 0, 2Гц Д) 0, 6Гц

Slide 21

16. В

17. С

18. А

19. С

20. В

21. С

22. А

23. А

24. В

25. С

26. А

27. В

28. С

29. С

30. А

Slide 22

1 Ұзындығы 90м болатын математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай болады (шамамен) ?

Ж: Математикалық маятниктің тербеліс периоды Т= 2π(ℓ/g) 1/2

формуламен анықталады, мұндағы ℓ - маятниктің ұзындығы, ал g - еркін түсу үдеуі, осыдан: шамамен 18с.

2 Ұзындығы 160м болатын математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай болады (шамамен) ?

Ж: Математикалық маятниктің тербеліс периоды Т=2 π(ℓ/g ) 1/2

формуламен анықталады, мұндағы ℓ - маятниктің ұзындығы, ал g - еркін түсу үдеуі, осыдан: шамамен 24с.

3 Бастапқы фазалары бірдей екі когеренттік көздерден шығатын когеренттік толқындардың берілген нүктеге дейінгі жүріс айырымы жарты толқындардың тақ санына еселі. Егер әрбір толқынның тербеліс амплитудасы а болса, осы нүктеде толқынның тербеліс амплитудасы неге тең болады?

Ж: Жарты толқындардың тақ саны кезінде интерференциялық минимум болады, демек, А=0

4 Қандай орталарда - газдарда, сұйықтарда, ертінділерде, қатты денеде -механикалық көлденең толқындар тарала алады?

Ж: Қатты денелерде.

Slide 23

.

7 Математикалық маятниктің қозғалысы х=0, 1

теңдеумен берілген. Оның тербеліс периоды неге тең?

Ж: ω=2π/Т; ω=2π ; Т= 1с.

5 Келтірілген толқындардың қайсысы бойлық толқындар болып табылады?

А) Радиотолқындар в) Су бетіндегі толқындар с) Газдардағы дыбыс толқындары д) Инфрақызыл сәулелену е) Келтірілгендердің ішінде дұрыс жауап жоқ.

Ж: с) Газдардағы дыбыс толқындары.

6 Ұзындығы 4, 9м және массасы 13кг болатын математикалық маятниктің тербеліс периодын табу керек.

Ж: Математикалық маятниктің тербеліс периоды оның ұзындығына ғана тәуелді болады, массаға тәуелсіз сондықтан: Т=2


Ұқсас жұмыстар
Толқын жылдамдығы
Толқындар. Толқындық қозғалыс 9-сынып
Гюйгенс принципі
Толқындық қозғалыс
Оптикалық сәуле
Рентген сәулелері
Доплер эффектісі және оны медициналық- биологиялық зерттеулерде қолдану
Фармацевтикалық талдауда қолдануы
Оптикалық сәулелену
Дыбыс табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz