Тоқыма айқаспаларының түрлері




Презентация қосу
Тоқыма
айқаспаларының
түрлері
«Тігін бұйымдарының материалдары» пәніне арналған.

Алимбекова
Балагүл Абдрамановна.
«Аспара» колледжінің оқытушысы
Сабақтың мақсаты:

Біліктілік мақсаты:Тоқыма
айқаспаларының түрлерімен
танысып, оны тәжірибеде қолдана білу.
Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылық,
шығармашылық.
Дамытушылық мақстаы: Тоқыма
айқаспа түрлерін толық жетіле білу және
ажырата білу. Тәжірибеде қолдана білу.
Басқа пәндермен байланысы:
өнер және костюм стильдер
тарихы, киімді құрастыру, тігін
өндірісінің технологиясы, тігін
өндірісінің жабдықтары,
киімді үлгілеу.
Қолданылатың
құрал – жабдықтар:
слайд, бейне-сабақ, манекен,
буклет.
Таратпа материалдар:
маталардың үлгісі, карточкалар
Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа
түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса
барлық бағытта қайталанатын өрнектерді
байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін
раппорт деп атайды.
Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және
арқау бойынша раппорттар болады. Негіз
бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін
түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша
раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін арқау
жіптердің саны. Тоқыманың айқасу
сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік
бұрыш немесе квадрат жасайтын
сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта
белгіленеді.
Тоқыманың айқаспа түрлері матаның
мықтылығына, созылғыштығына,
қалыңдығына, қаттылы- ғына,
апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде
тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді.
Күрделілігіне байланысты тоқыманың
айқаспалары төрт класқа бөлінеді:
қарапайым (тегіс), майда өрнекті,
күрделі және ірі өрнекті.
1.Қарапайым (тегіс) айқаспа
Қарапайым айқаспалар түрлері:
жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік.

Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері
мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау
жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша
раппортқа тең.
Жаймалық айқаспа
Саржалық айқаспа
Сәтендік айқаспа
Майда өрнекті айқаспа
Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа
бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту,
күрделендіру арқылы алынатын туынды
айқаспалар, қарапайым айқаспаларды
алмастыру және құрастыру арқылы алынатын
құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда
майда өрнекті айқаспаларда негіз мен
арқаудың раппорты әртүрлі болады.
Туынды жаймалық
айқаспаға репс және
рогожка (мақта мата)
жатады.
Репс айқаспасы
Рогожка айқаспасы
3. Күрделі айқаспа

Күрделі айқаспалар үш немесе
одан да көп жіптердің
жүйесінен түзіледі. Оған қос
бетті, қос қабатты, пике, түкті,
ілмекті, қайта өрілетін түрлері
жатады.
Қос бетті айқаспалар - жіптердің үш жүйесінен құралады, екі негіз
бір арқау немесе екі арқау, бір негіз әр түрлі боялған жүйені қолдана
от- ырып, оң және теріс беттерінің түстері әр түрлі матаны алуға
болады.
Қос қабатты айқаспа - бір-бірімен тығыз айқасқан жіптің 4-5
жүйесінен тұрады. Қос қабатты айқаспаның оң және теріс беттері
бірдей немесе кұрамы әр түрлі жіптерден тұрады. Оң және теріс
беттеріне әр түрлі түсті жүйе қолданылады өйткені оң жақ беті тегіс
боялған, ал теріс беттері меланжды, ала, шақпақ, «елочка» болады.
Қос бетті және қос қабатты айқаспалардан драп, пальтолық маталары,
три- ко алынады.
Пике айқаспасы - жіптің үш жүйесінен тұрады: матаның оң жақ
бетінде екі жүйе кездемелі айқаспаны, ал үшіншісін тарта отырып
шығыңқы өрнек шығарылады. Пике айқаспасына балаларға арналған
маталар, көрпелер жатады.
Түкті айқаспалар - жіптің үш жүйесінен құралады: бір жүйесі түкті,
оң жақ бетінде кесілген вертикаль түк құралады. Түкті жүйе арқаудан
тұрады, сонда түкті арқаулы маталарға мақта маталары, жартылай бар-
хат, вельветтер жатады.
Ілмекті айқаспа түкті айқаспаның бір түрі болып есептелінеді. Одан
орамалға арналған түкті маталар, халаттар, төсек жаймалар және
жиһаз маталары жатады.
Ажурлы айқаспа. Қарапайым ажурлы айқаспаларда екі негіз және бір
арқау болады. Ажурлы айқаспалардан блузкалы, іш киімдік, көйлектік
ажурлы маталар шығарылады.
Күрделі өрнекті мата өрімі: а —
крепті; б — вафельді; в —
көлденең сызықты
Күрделі өрнекті айқаспа: а-
азқабатты, б — екі қабатты, үстінгі
негізбен байланысқан, а екі қабатты,
қысудың көмегімен байланысқан, г —
қапты.
4.Ірі өрнекті айқаспа
Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар
тоқыма станогында тоқылады. Мұнда
өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі
болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және
геометриялық оюлар мен композициялар,
сюжетті және тақырыптық суреттер. Ірі
өрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар,
сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер,
гобелендер, жапқыштар және
дастарқандар тоқылады.
Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі
болып бөлінеді.
Қарапайым ірі өрнекті айқаспалар жіптің екі
жүйесінен тұрады және дастархан, майлық,
зығыр және жартылай зағыр орамалдар, со-
нымен қатар: мақта матасын (дамаст, альпак,
дудун, парча), көйлектік (жүн) және кейбір
пальтолық маталар жасалынады.
Күрделі ірі өрнекті айқаспалар үш және одан да
көп жіптердің жүйесінен тұрады: түкті, ілмекті,
рельефті болады. Күрделі ірі өрнекті айқаспадан
кілем, гобелен, жиһаз маталарын және киім
тігуге арналған маталар тоқылады.
Ірі өрнекті айқаспа
Тоқыма айқаспалары

Қарапайым
Қарапайым айқаспа
айқаспа Күрделі айқаспа
Майда Ірі өрнекті
өрнекті айқаспа
айқаспа

Саржалық
Жаймалық Атлас- қос бетті
сәтендік қос қабатты пике
түкті Қарапайым
ілмекті Күрделі
қайта өрілетін

Туынды Құрама

Ұқсас жұмыстар
ҚАРАПАЙЫМ АЙҚАСПА
Былғарымен жұмыс»
Гүл құрағы
Жібек мата
Кілем тоқу өнері
Беларусь Республикасының жеңіл өнеркәсібі
Тоқыма өнері
Материалдарды созу кезінде алынатын жартылай және бір циклді сипаттамалар
Тоқыма сапасының сертификаты
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ МЕН ЕЛТІРІ
Пәндер