Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны


Slide 1 Slide 2

1. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілеріне (бұдан әрі - бітіруші) ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібін белгілейді.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

6. Штаб:

ҰБТ-ны және апелляцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын;

ҰБТ мәселелері бойынша жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;

ҰБТ-ны өткізу кезінде металл іздегіштердің, ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын құралдарды және бейне бақылау камераларын пайдалану жұмыстарын үйлестіреді.

Slide 6

7. ҰБТ-ны өткізу үшін ҰБТӨП-те мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - МК) құрылады. МК өз жұмысында «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын жәнеосы Қағидалардыбасшылыққа алады.

МК-нің құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары (бұдан әрі - ЖОО), облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармаларының бастықтары (бұдан әрі - білім басқармасының бастықтары), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының немесе білім басқармаларының білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК мүшелерінің саны 5 адамнан тұрады.

Slide 7

3. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

Slide 8

13. ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәнінің біреуі бойынша өткізіледі. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін шығармашылық мамандықтарына түсуші бітірушілер үшін таңдау пәні - ерікті.

Slide 9

ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі - 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыруды бітіруші өзі оқитын білім беру ұйымында жүргізеді.

ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификатқа (бұдан әрі -сертификат) бітірушінің Т. А. Ә. жеке куәлік, паспорт немесе туу туралы куәлік бойыншатолтырылады. 16 жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ бітірушіге мектеп директоры осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бітірушінің фотосуреті жапсырылып, мектептің мөрі басылған, анықтама береді.

Slide 10

16. Тестілеу ҰБТӨП-терде 1-15 маусым аралығында өткізіледі.

17. ҰБТ жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының шеңберінде жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі.

Slide 11

18. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны - 25.

19. ҰБТ-ны өткізуге 3, 5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Slide 12 Slide 13

Аудиторияларда әрбір 45 минут сайын уақыт туралы бітірушілерге ескертіледі. ҰБТ аяқталған кезде соңғы 5 бітіруші аудиториядан бірге шығады.

ҰБТ өту уақытында аудиторияға тек қана Министрлік өкілі немесе Министрлік өкілінің алып жүруімен МК төрағасы кіре алады.

ҰБТ өткізілетін күндері ҰБТ өтетін корпустарда тестілеу үшін пайдаланылмайтын аудиториялардың, кабинеттердің, орындардың (әжетханадан басқа), сондай-ақ бітірушілердің кіріп-шығуына арналған есіктен басқа кіріп-шығатын есіктердің барлығы жабылады және мөрленеді. Ғимараттан тыс орналасқан ғимарат пен әжетхана аралығындағы жүретін жолдар мен аумақтарда бөгде тұлғалардың жүруіне жол берілмейді.

Slide 14

Бітірушілер аудиторияға бір-бірден жіберіледі. Бұл ретте бітірушілердің жеке басын сәйкестендіру анықтаманың, жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың және рұқсаттама түбіртегінің негізінде жүргізіледі. Дәліз кезекшісі бітірушілердің бөгде заттарының арнайы бөлінген орынға қалдыруын қадағалайды. Бітіруші отырғызу парағында көрсетілген нөмірге сәйкес орынға отырады және отырғызу парағында өз орнына отырғандығын растап қол қояды. Бітірушілерді аудиторияға жіберу ҰБТ басталды деп хабарланған сәттен бастап тоқтатылады.

Slide 15

Егер бітіруші жарақат алу, отбасы жағдайы, өтініш беру кезінде тестілеуді тапсыру тілін қате көрсету себептері бойынша тестілеуден өте алмау жағдайлары туындаған кезде, бітірушіні қосымша отырғызу жүргізіледі. Мұндай жағдайда, бітіруші МК төрағасының атына емтихан күнін өзгерту немесе аудиториясының тілдік статусын өзгерту туралы өтініш береді. Өтінішке растайтын құжаттар қоса тіркеледі. Бітірушіні қосымша отырғызу туралы шешім МК отырысының хаттамасымен ресімделеді

Slide 16

30. Оң шешім қабылданған жағдайда Министрлік өкілі бітірушінің рұқсаттамасына өзгерістер енгізеді, тест тапсырмалары тапсыру тіліне сәйкес бітірушіні қосымша отырғызуға болатын аудиторияның нөмірін анықтайды.

Қосымша отырғызу үшін ҰБТ-ға келмеген бітірушінің емтихан материалдары немесе артық емтихан материалдары пайдаланылады.

Ескертпе: қосымша отырғызу, егер ҰБТӨП-те кейінгі лектер және тестілеу тапсыру тіліне байланысты аудиторияларда бос орындар болған жағдайда ғана іске асырылады.

Slide 17

32. Балдарды бағаға ауыстыруды МК осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласына сәйкес жүргізеді.

Slide 18

33. Бітірушіге сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, iPad, iPod, iPone, SmartPhone), ноутбуктарды, плейерлерді аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.

Slide 19

34. Бітіруші осы Қағидалардың 33-тармағын бұзған жағдайда Министрлік өкілі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тыйым салынған заттың тәркіленуі және бітірушіні аудиториядан шығару туралы актісін жасайды және тест нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды. Бітірушінің осы Қағидалардың бұзу фактісі туралы МК төрағасын хабардар етеді.

35. Бітірушіні аудиториядан шығару және оның тест нәтижелерін жою туралы шешім қабылданған жағдайда ол өзі білім алған білім беру ұйымында дәстүрлі емтихандар нысанында қорытынды аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте, ол ағымдағы жылы жоғары оқу орнына түсу құқығынан айырылады.

Slide 20

36. Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның жұмысы өңделмейді; Министрлік өкілі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан фактіні тіркеу туралы акті жасайды.

Slide 21

37. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір ҰБТӨП-тердеапелляциялық комиссия құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

Slide 22

46. ҰБТ тапсырған бітірушілерге:

сертификат;

жалпы орта білімі туралы аттестат (бұдан әрі - аттестат) беріледі.

Slide 23

47. Сертификат ҰБТ тапсырған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде ҰБТӨП-теберіледі.

Сертификатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған әрбір пән бойынша балдары қойылады.

Сертификат МК төрағасының, Министрлік өкілінің қолымен расталады және оған базасында ҰБТӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының немесе жергілікті білім беруді басқару органдарының мөрімен бекітіледі.

Slide 24

48. Аттестатты ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдары береді. Аттестатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша МК шешіміне сәйкес ҰБТ-да алынған бағалары қойылады.

Slide 25

Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеуі және баспаханалық ақаулардың болмауын тексеруі тиіс; Осындай ақаулар кездескен жағдайда кезекшіге немесе Министрлік өкіліне хабарлау керек;

Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;

Slide 26

Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз. Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдардының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;

Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;

Slide 27

Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;

Slide 28

Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.

Назарыңызда болсын!Сіздің тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда нақтылы тапсырма бойынша апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.

Slide 29

ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР !!!

Сіздің Ұлттық бірыңғай тестілеуде

өз біліміңізді дәлелдейтін нәтижелерге қол жеткізуіңізге тілектеспіз!

Slide 30

ҰБТ - ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІНІҢ АЙНАСЫ

Slide 31

Жер бетіндегі дамыған 193 мемлекеттің 123-інде ҰБТ сынағын өткізеді екен. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов ұлттық бірыңғай тестілеуді алдағы уақытта мектеп оқушылары ғана емес колледж студенттері де тапсыратынын айтқаны мәлім. Себебі, ҰБТ - білімді бағалаудың әділ жүйесі.

Slide 32
Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Сабаққа қойылатын талаптар
Критериалды бағалау жүйесі
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі
Оқушыны ҰБТ-ға дайындау жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары
Жаңа сөздердің жасалуы
Сабақтың тақырыбы Сауат ашу сабақтары бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру
Бағалау критерийлері Мазмұндық сипаты
Тоқсандық жиынтық бағалау
Ортағасырлық философияның схоластика кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz