Халықтық педагогика арқылы баланың сөздік қорын, қимылын дамыту




Презентация қосу
Зеленов орта жалпы білім беретін мектебі

Халықтық педагогика
арқылы баланың сөздік қорын,
қимылын дамыту

МАД тобы тәрбиешісі
Бақытханым Тілепбергенқызы
Мақсаты:
Балаларға ұлттық
ойындар арқылы
мемлекеттік тілді меңгертіп,
сөздік қорларын дамыту,
халқымыздың тарихын,
мәдениетін, салт - дәстүрін
таныстыру
• Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-
әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл
балалар коллективінің дамуында басты роль
атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы
халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға
алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік
мәні зор.
• Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл
аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған
ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды
өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек
ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды
аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады.
Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман
ағымына да белсене қатысады.
•Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын
ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай,ұлттық
ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің
әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор.
Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш»
ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл
байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.
Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната
отырып жан-жақты тәрбиелейміз.
Мектепалды даярлық тобында кез келген пәнде топқа
бөліп, жарыс түрінде: «Қыз қуу», «Бәйге», «Сиқырлы қоржын»
т.б ойнатуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға,
тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге
ықпал етеді, сөз тіркесін құрауға, ұйқастыруға
дағдыландырады.Математика сабағында ұлттық ойындарды
пайдаланып, өтілген тақырыптарды қайталау мақсатында
жарыс сабақ өткізуге болады.
•1.Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)
2. Аулада 3 үйрек,
Қорада 1 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (2)
3.Табақта 5 алам,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? (7)
•Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып
жіберемін. Оқушылар шашылған асықты
жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы
асығын топпен қосыла санап шығады.
Асықтардың саны аяқталған соң,
салыстыру жұмысын жүргіземіз.
Ойынның шарты: Тақтаға
ақсүйектер жапсырылады.
Бір бала көзін жұмады да
ақсүйектің біреуін алады.
Артында жазылған санға
байланысты санамақ айтады.
Шарты: балалар қолдарына цифрлар
жазылған текшелерді алып, бөлме
ішінде жүреді. Мұғалім белгісімен өз
көршісін табады.Алдыңғы және
артқы көршісін табу.
5. «Теңге ілу» ойыны.

Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге
алу үшін бір жаңылтпаш,санамақ,
өлең,жұмбақ айтып беру .
Сергіту жаттығуы ретінде қолдануға
болатын ұлттық ойындар

Жығыспақ
Қыз –қуу
Білім саласы «Қатынас»
Білім бөлімі Тіл дамыту, қоршаған орта, ән-саз
Тақырыбы «Ұлттық бұйым-бесік»
Мақсаты
1. Бесік туралы жалпы ұғым беру. Бесік
жабдықтарының атауымен таныстыру.Жубату
әндеріне түсінік беру.
2. Салт-дәстүрдің бүгінгі күнде қолданылуы,
пайдасы, сұрақ –жауап арқылы тіл байлығын
дамыту
3. Ұлтжандылықты, өнегелі сөздерді бойына
сіңдіру, бөпеге деген сезімді өз ана тілінде
жеткізіп, қамқорлық танытуға тәрбиелеу
Көрнекілік: Ұлттық бұрыш. Бесік, жабдықтары.Ұлттық киімдер
Бүгін әже бізге ұлттық бұйым -бесікпен таныстырады.
Әжей балаларға бесіктің қолданылу тәртібі жайлы түсінік
Береді.Бесік жабдықтарының атауларымен таныстырады.
Әже таныстыра отырып, бесікті іс жүзінде қалай пайдалану
керектігін көрсетеді. Бөпе бөленді.
-Енді бесікті жайлап тербете отырып, жұбату әндерін айтамыз.
Олар өте көп, себебі қазақ бар жақсыны балаларға арнаған.
Бесікке байланысты ырым сөздер де көп
Қорытынды
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш,
реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін
білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан
шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың
«ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.
Осыдан келіп ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а
салады:
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады,
сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді
кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.
ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді,
адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.
в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді,
көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын
шешуге мүмкіндік береді.
д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д
і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің
психологиялық және физиологиялық негіздері болып
табылады.
Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен
туады да, психологиялық жағынан
денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да
алғыр, шымыр да епті, қайратты да
қажырлы бала өсіруді армандамайтын
отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін
біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып
табылады. Балаларға ұлттық ойындарды
үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып
өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер
бір сәт те естен шығармағандары абзал.

Ұқсас жұмыстар
Тілдік қанығу мектеп жасына дейінгі балаларға тілді оқытудың тиімді технологиясы ретінде
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты
Баланың метепке психологиялық даярлығы
Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік, стилистикалық жаттығулардың маңызы туралы ақпарат
Мария Монтессори өсиеттері
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту технологиялар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту
Тіл дамыту әдістемесі
Психикалық дамуы тежелген балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту
Пәндер