Шешендік өнер: мәні, ерекшеліктері, түрлері және тарихи тұлғалар


Slide 1

Шешендік өнер

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Slide 2

1. ОЙ ҚОЗҒАУ:

- Шешендік өнер дегеніміз не?

- Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде қалай атайды?

- Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма?

- Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма?

Slide 3

2. ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Біріншіден: қазақ шешендерінің сөздері қағазда емес, ауызда, халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан -ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп ұшыраған.

Slide 4

Екіншіден: шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да - халық.

Slide 5

ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Slide 6

ШЕШЕНДІК АРНАУ

Slide 7

ШЕШЕНДІК ТОЛҒАУ

Slide 8

ШЕШЕНДІК ДАУ

Slide 9

Қазақ халқының

атақты би-шешендері

Slide 10

ТӨЛЕ БИ (1663-1756)

Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданының Ақбұрхан деген жерде қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешені, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай де болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.

Slide 11

ҚАЗЫБЕК БИ (1667-1763)

Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан заңдарының жинағын" өңдеуге қатысқан

Slide 12

ӘЙТЕКЕ БИ (1689-1766)

Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Бұл би де Тәуке ханның ұлы заңы «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.

Slide 13

Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз) - қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған.

Оның туған жылын, қайсы атадан шыққанын, өмір жолдарын дәл тауып айту мүмкін емес. Өйткені Жиренше шешен халық ауыз әдебиетіндегі аңызға айналып кеткен фольклорлық бейне.

Жиренше шешен (XV-XVI ғ. )

Slide 14

Шешендер туралы бейнематериал.

Slide 15

Шығармашылық тапсырма:

1-топ. “РАФТ”

2-топ. “5 жолды өлең”

3-топ. “Таза, мінсіз асыл сөз” ойтолғау.

Slide 16

“Шешенге тән қасиеттер”

топтастыру.

Шешенге

тән қасиет

Slide 17 Slide 18

БЕКІТУ

Slide 19

Би-шешендер

Олар

кім?

Олар не істеді?

Аттары несімен қалды?

Шешендікпен

Даналықпен

Тапқырлықпен

Саясаткер

Ақын

Бітімгер

Кеңесші

Тарихи тұлға

Елші

Бітістірді

Ел басқарды

Ақыл айтты

Дауды шешті

Мемлекет қайраткері

Көрегендікпен

Slide 20

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

Шешен - билердің сөздерін жаттау.


Ұқсас жұмыстар
Шешендік өнер тарихы және қазақ риторикасының ерекшеліктері
Шешендік өнер: тарихы, ерекшеліктері және қазақ билері
Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері, түрлері және тарихи билер
Шешендік өнер және сөйлеу мәдениеті: тарихи-педагогикалық негіздер және әдістемелік ұсыныстар
9-сынып: Шешендік өнер, антонимдер және тіл байлығын дамыту
Қазақ шешендік сөздері: тарихи-мәдени маңызы, түрлері және көрнекті өкілдері
9-сыныпқа арналған шешендік өнер мен антонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Шешендік өнерді насихаттау: тарихи-мәдени негізі және білім беру әдістері
Өнер философиясының тарихи және теориялық негіздері
9-сынып: Шешендік өнер және Жәнібек-Жиренше әңгімесі арқылы өтірік пен шынның айырмашылығын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz