ТҮРКІСТАН - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҚАЛАСЫ



9- сынып
Қазақ тілі сабағы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, А. С. Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы, қазақ тілі пән мұғалімі Сейданова Рита Садуахасқызы.

Ұйымдастыру.
Өткен материалды қайталау.
Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сабақ. Сызба бойынша жұмыс.
Бекіту. Тұжырымдама.
Көне және ірі қалаларға саяхат жасау.
Ой түйіндеу.
Тілдесім.
Қорытынды.
Үй тапсырмасын беру.

Сұрақ - жауап:
Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Олардың түрлерін атап бер.
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Салалас құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер қалай байланысады?
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Олардың түрлерін атап бер.
Қазақстандағы қандай қорықтарды білесің?
Арал теңізінің мәселесімен айналысатын ұйым қашан құрылды?
2. Өткен материалды қайталау.


ғана, қана, тек- только
барған ғой, (қой) - ездил же, ходил же
кейін- потом
арқылы- через
немесе- или
бірақ- но
и- және, мен
Рабат ( торговый рабат) -тұрақты сатып алушыға товар нарқын арзандату.
Рабат - сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім.

Шылау- сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы. Жеке тұрғанда толық лексикалық мағынасы жоқ, өздігінен дербес сөйлем мүшесі бола алмайды.
Жақсы мен жаманды түсіну керек.
Отаныңды да, туған жеріңді де, ата-анаңды да сүйіп өс.
Аспан бұлттанды, бірақ жаңбыр жаумады.

Септеулік шылау
Демеулік шылау
Жалғаулық шылау
Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады.
Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар
Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді.
Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті
Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады.
Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер.
Мектепке(неге?) дейін бірге бардық.
Мен әкеммен(кіммен?) бірге кешке(неге?) шейін жұмыс істедім.
Көпір (не?) арқылы өттік.
Мен солдатпын ғой!
Ол мектепке барды ма?
Дәмін татық-ау. Берілген тапсырманы орындапты-мыс.
Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.
Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.


Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады
Ыңғайлас мәнді: және, әрі, да, де, та, те
Қарсылықты мәнді: бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, алайда
Себеп мәнді: өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін.
Кезектес мәнді: бірде, біресе, кейде.
Талғау мәнді: не, немесе, я, яки, әлде, әйтпесе.
Шартты мәнді: егер, егерде.
Мысал: Астан Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және экономикалық мәдени орталығы.

Демеулік шылау өздері жалғанған сөздерге әр түрлі қосымша мағыналар береді.

1. Ма, ме, па, пе, ба, бе, да, де, та, те шылаулары бөлек жазылады.
Көктемде ауыл(да), дала(да), қала(да) жайнап құлпырады.
Ауыл(да) (қай жерде?) бірге оқығанбыз.
Қала(да) (қайда?) зәулім үйлер салынып жатыр.
Телехабарда ән(де), жыр(да), кино(да) кезектесіп жүріп жатады.
2. Ма, ме, ба, бе, па, пе - етістіктің болымсыз түрінде жұрнақ ретінде бірге жазылады.
3. Барма, айтпа, жазба, төкпе, сөкпе, сындырма.
-ау, -ай, -ақ, -ды, -ді шылаулары дефис арқылы жазылады.
Ол көргенін айтқан-ды. (сондай-ақ, көрген-ау, берген-ақ)

Сабақта көне және ірі қалалар . . . әңгіме болды.
Мұрат сабақтан . . . спорт кешеніне барады.
Кешке . . . мен анаммен бірге дүкенге барамын.
Кітапханаға . . . жүз метр.
Ол маусым айынан . . . Астана қаласына барады.
Алматы қаласында болдың . . . ?
Адасқан сен . . . , мен . . . ?
Шіркін- . . . , керемет деген осындай болады екен!

Тапсырма 2.

Септеулік шылау
Демеулік шылау
Жалғаулық шылау

Септеулік шылау
Демеулік шылау
Жалғаулық шылау
Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар
Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті
Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер.


Ежелгі қалалардың бірі- Отырар. Ол VI-VIII ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. XVI-XVII ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталған. Отырарада медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

Отырар қаласы




Қазбалар


Түркістан қаласы

ТҮРКІСТАН - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҚАЛАСЫ
Түркiстан - Шығыстыңкөне қалаларының бiрi. Қала оныншы ғасырларда-ақ "Шауғар", "Иасы" деген атпен белгiлi болған. Ол кейiннен "Түркiстан" деп аталыпты. "Түрiк" сөзiнің мағынасы-"батылдық", "ержүректi", ал "стан"- ел, халық мағынасын беретін парсы тiлiнен келген қосымша. Тарихи деректерде сегiзiншi ғасырға дейiн Түркi және Батыс Қағанатының, одан Түргеш Қағанатының құрамына енген Шауғар немесе Иасы жаугершiлiк заманда бiрде арабтардың, бiрде қарлұқтардың, ендi бiрде оғыздардың билiгiнде орталығы (астанасы) болып келген. Есiм хан (1598-1628жж) Түркiстан қаласын Қазақ хандығының астанасы етiп бекiтiп, өз билiгiнiң тәуелсiз екендiгiн көрсету үшiн ақша соқтырған. Мiне, сол уақыттан ХIХ ғасырға дейiн Түркiстан Қазақ хандығының экономикалық орталықтарының бiрi және ресми әкiмшiлiк орыны ретiнде қызмет еттi. "Түркiстан" десе елең етпейтiн мұсылман қауымы жоқ. Түркiстан қаласы Қожа Ахмет Ясауидiң есiмiн тығыз байланысты. Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі. 1390 жылы салынған.
Өлшемі: 46, 5 - 65, 6 м., қабырғасының қалыңдығы - 2 м., биіктігі - 37, 5 м., диаметрі - 18, 2 м.
1103 жылы дүниеге келген Қожа Ахмет Ясауи Түркiстанға тоқтап, сопылық идеяларын уағыздаған ислам дiнiнiң көрнекті өкiлi. Бүкiл Шығысқа әмiрiн жүргiзген қолбасшы Ақсақ Темiрдiң, ақынның қайтыс болғанына 200 жыл өткенде, қирап бiтуге таянған кiшкене ғана мазар орнына зәулiм ескерткiш орнатқан.


Қожа Ахмет Иасауи
Қожа Ахмет Иасауи - түркістандық ғұлама. “Диуани Хикмет”, “Ақыл кітабы”- Қожа Ахмет Иасауидің дидактикалық мазмұндағы ақыл кітабы, “Диуани Хикметтің” тұпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. “Диуани Хикмет” - әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке бағыттайтын, тәрбиелік мәні аса зор еңбек.




Айша бибі - шамамен XI-XII ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің аты- Айғожа. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Елін жау шапқанын естіген Қарахан еліне аттанады. Айша бибі күйеу жігіт еліне 40 қыз жолдасымен аттанады. Бірақ қыздың әкесі келісім бермейді. Ел шетіне таяғанда дем алмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағады. Келін болып босаға аттамаса да, уәдеге берік Айшаға әрі риза, әрі құса болған Қарахан қабірінің үстіне күмбез тұрғызады.
Айша бибі кесенесіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.



Шымкент - көне шаҺар. Ол ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан баяғы заманнан саудагерлердің керуендері біздің қаламыздың үстінен өтетін болған. Сол себепті оңтүстік өңірінде күні бүгінге дейін сауда-саттық жақсы дамып отыр. 1366 жылдары Темірдің әскерлері өткен. Ғалымдардың зерттеуі бойынша қалаға 1300 жылдай болған.
Орта Азияда XVIII-XIX ғасырларда Қоқан хандығы күшейіп қазіргі Оңтүстік Қазақстан жерлерін басып алады. 1864 жылы қыркүйек айында орыс әскерлері босатып алады, сонымен Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталады.
1914 жылы Қоқан хандығының азат етілгеніне 50 жыл қарсаңына қалаға Черняев атын береді.
1922 жылы Түркістан АССР ООК шешімі бойынша қазіргі Шымкент аты беріледі.
Біз 18 қазанда Қала күні мерекесін атап өтеміз.






Орынбор
Орынбор -тұңғыш астана. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялық республика болып құрылды. Орынбор бас қала болып саналды.
1731 жылы Әбілхайыр хан Ресейге қарау туралы ант берді. Орынбордың кадет корпусында қазақтың 30-дан астам жігіттері білім алған. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген “Айқап” журналы осы қалада басылып шыққан.
Орынборда А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М. Дулатов тағы басқа қазақ зиялылары жұмыс істеп еңбектерін жазған.

Қызылорда қаласы
Қызылорда 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болды.
Қызылорда қаласы Қазақстанның оңтүстігінде жатқан облыстарының бірі. Бұл қала Қызылорда облысының орталығы. Орта Азиядағы ең ірі өзендердің бірі Сырдария мен Арал теңізі осы облыстың аумағына кіреді.
Қызылорда қаласының негізі 1820 жылы Қоқан хандығынының бекінісі ретінде салынды. Оның алғашқы атауы Ақмешіт болды.
Ақмешіт бекінісі 1853 жылы орыс әскерінің генералы В. А. Перовскийдің басшылық етуімен алынды. Осының негізінде Перовский қаласы деп аталды.
1920 жылы Ақмешіт аты қайта берілді.
1925 жылы Қызылорда болып ауыстырылды. Ал 1925-1929 жылдары Қазақстан автономиялы республикасының орталығы болды. Ал 1938 жылы 15-қаңтарда Қызылорда облысы құрылып, орталығы Қызылорда қаласы болды.


Алматы Алатаудың етегіне орналасқан.

Алматы - Қазақстанның ең үлкен қаласы. Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Қазіргі Алматы қаласынының орнында Б. з. д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Алматы Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қала болды.
1854 жылы қаланың аумағына Ресей империясы Верный әскери қамалын салды.
1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы Алматинск болып өзгертілді. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп, Верный қаласы болып өзгертілді.
1921ж. 5 ақпанында қаланың атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды
1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz