Қазақ хрестоматиясы мен өлеңдері



Әдебиет
Ы. Алтынсарин - қазақ әңгіме жанрының
негізін қалаушы
10“б” сынып

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 2 топқа бөлу
Бағалау парақшасын топ басшыларына тарату

І топ
Ы. Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығы
Бір өлеңін жатқа айту
ІІ топ
«Қазақ хрестоматиясы» мен өлеңдері
Бір өлеңін жатқа айту
Үй тапсырмасын тексеру

Жылдар
Оқиғалар
1841-ші жылы 2-ші ақпан
Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келді.
1850 жылы
Атасы Балқожа би Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналып ашылған мектепке оқуға береді.
1857-1859 жылдар
Балқожа бидің хатшысы болады да, аздан кейін Орынбор облысының басқармасына тілмаштық қызмет атқарады.
1860-шы жылы
Алтынсаринге облыстық басқарма бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады. Сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді.
1864-ші жылы 8-ші қаңтар
Торғай қаласында қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп салтанатты түрде ашылды. Сол мектепке 14 бала жазылды.
1868-1874-ші жылдар
Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы болды.
1879-шы жылы
Торғай облысы бойынша орыс-қазақ училищелерінің бірінші дәрежелі инспекторы болып тағайындалды. Осы қызметте 10 жыл тұрды.
1880-ші жылы
Ы. Алтынсариннің идеясымен Орынбор, Торғай қалаларында ер балаларға ағаш ұсталығын, ал қыз балаларға киім тігу үлгілерін үйрететін қолөнер және ауыл шаруашылық мектептері ашылды.
1889-шы жылы 17-шілдеде
Қостанай қаласынан 3 шақырым жердегі Тобыл өзенінің бойында, «Инспектор» көлінің жағасында өз үйінде, 48 жасында өкпесіне суық тиіп қайтыс болды.

І топ
Ыбырай қай жылы дүниеге келді?
(1841 жыл 20 қазан)
2. Балқожа би кім?
(Атасы)
3. Қай жылы мектепке қабылданады?
(1850 жылы)
4. Ыбырайдың арман еткен мектебі қай қалада, қай жылы ашылды?
(Торғай, 1864ж)
5. Кімге жолдаған хатында 14 қазақ баласын оқытуға аш қасқырдай кіріскенін баяндайды?
(Н. И. Ильминский)
6. Оның қандай шығармалары бар?
( « Кел, балалар, оқылық», « Өзен», «Өнер білім бар жұрттар» т. б. )
7. Қай жылы Омбыда тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды?
(1881 ж)
Зымыран сұрақтар:

ІІ топ
Ыбырай қай жерде дүниеге келген?
(Қостанай обл, Алтынсарин ауд)
2. «Қазақ хрестоматиясы» қай жылы, қай жерде басылып шықты?
(1879 жылы Орынборда)
3. Ғалым, профессор В. В. Григорьевпен қай жылы, қай жерде танысады?
(1859 жылы Орынборда)
4. Қай жылы Торғай облысы мектептеріне инспектор болып тағайындалады?
(1879)
5. «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы басты мақсаты не?
(Қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі - оқулық)
6. Ыбырай мектепті қай жылы аяқтап шығады?
(1857 ж)
7. «Қазақ хрестоматиясы» деп аталатын оқулығы қай өлеңімен басталады және қай
жылы жарық көрді?.
( « Кел, балалар, оқылық»!) .
Зымыран сұрақтар:

Желтоқсанның алтысы
Ы. Алтынсарин-қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы.
«Атымтай Жомарт» пен «Мейірімді бала» әңгімелері

Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Мағынаны тану
Әңгіме - оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.
Көрнекті әдебиетші ғалым Қ. Жұмалиев өзінің "ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті" деген ғылыми - зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: "ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор, "- деп баға береді.

Ой ашар:
І топ “Мейірімді бала”
ІІ топ “Атымтай Жомарт”
Сөздікпен жұмыс:
Жомарт-
қайырымды
әбірет-
тағылым
жарлы-
кедей
күнәлі-
айыпты

Мейірімді бала
Қызы әкесіне неге ара түсті?
Патшаның үкімі дұрыс па?
Әңгімеде қандай тәрбиелік идеяны насихаттайды?
Қазіргі заманда мұндай мейірімді бала бар ма?
«Баласы әкесі үшін жауап бермейді» деген сөздің осы жерге қатысы бар ма?
«Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген нақыл сөздің мағынасын аш.
«Мейірім» сөзіне синоним жаз
Омоним болатын сөзді тап
Мейірімділік, адамгершілік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Атымтай Жомарт
Мәтінде не туралы айтылған?
Атымтай Жомарттың қандай адам болғанын білдіңдер?
Жарлыша киінгенінің мәнісі неде және оған қандай себеп айтты?
Халқымыздың салт-дәстүрінде шүленгерлік деген ұғым бар, қазірде оны қалай атап жүрміз?
Қазіргі заманда қайырымдылық жасаумен айналысып жүрген қандай жандарды білесіңдер?
“Жомарт” сөзіне синоним жаз.
Мәтінде төл сөз қатысқан сөйлемдер бар ма?
Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді тап.
Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
Мәтінмен жұмыс:

Сәтемір хан
Бір уыс мақта
Бай баласы мен жарлы баласы
Әке мен бала
Зеректік
Малды пайдаға жарату
Дүние қалай етсең табылады
Білгеннің пайдасы
Мейірімді бала
Асыл шөп
Алтын шеттеуік
Шеше мен бала
Әділдік
Баланың айласы
Таза бұлақ
Каракылыш
Чистый родник
Орыс әдебиеті
6-сынып

Шығармашылық жұмыс:
«Жақсылық тамшысы»
Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің
бойындағы жақсы қасиеттерін жазып жеткізеді. Іліп жатқанда
әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын,
қасиеттерін жария етеді.

Топтастыру:
Ы. Алтынсарин -
1841 жылы дүниеге келген.
Қазақтың аса көрнекті
ағартушы-педагогы,
жазушы, этнограф,
фольклоршы,
қоғам қайраткері,
Тұңғыш мектеп ашты
Н. Назарбаев-
1940 жылы дүниеге келген.
Қазақстанның Тұңғыш
Президенті. Ғылыми еңбектер,
әлеуметтік-экономикалық тақырып
бойынша кітаптардың авторы.
«Болашақ» бағдарламасы,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz