Ақпараттық технологияны оқу процесінде қолдану арқылы оқушы



Тарих сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін, құзыреттілігін қалыптастыруда АКТ-ны пайдалану
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің тарих, құқық пәнінің мұғалімі Шакирова Жазира Муратовна

«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» Ж. Дистерверг

Жұмыстың мақсаты:
- оқушылардың теориялық білімі мен біліктерін іс жүзінде қолдана білуге баулу;
- іс-әрекетін басқару арқылы іздендіруге, зерттеу, ой таласын туғызуға жетелеу;
- шығармашылық ізденісін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игерту;
- оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын, ғылымға деген құштарлығын арттыру.

Оқу процесінде АКТ-ны пайдалану
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы -оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Сол себепті тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялық - педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек. Сондықтан АКТ-ны оқу процесінде пайдалану өте маңызды. Бұл оқушының ой-өрісінің артуына, есте сақтау қабілетінін дамуына септігін тигізеді.
Ұстаздың міндеті - жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін -өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ - ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Ақпараттық технологияны оқу процесінде қолдану арқылы оқушы:
1. Шығармашылық, интеллектуалдық қабілетін дамытады.
2. Өз білімін өмірде пайдалана біледі.
3. Компьютер мен жұмыс жасай алады.
4. Логикалық ой-өрісін дамытады.
5. Жан - жақты білім алады.
6. Есте сақтау қабілетін дамытады.


Интерактивті тақта - басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функционалды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда; - Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі - түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. - Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. - Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады, бұл программаны мен 10-11 сыныптарды ҰБТ-ға даярлаған кезде сабақта жиі пайдаланып отырамын

Телебағдарлама, сандық теледидар - арқылы оқушы сабаққа қатысты қызықты қосымша мәліметтер жинақтап сабақта қолданады.
Ұялы телефон, компьютерді пайдалану арқылы: біздің мектепте ғаламтор тек информатика кабинетінде болғандықтан оқушыларым ұялы телефон арқылы «Opera Mini», «Opera Mobile» Java бағдарламасы арқылы «Google» іздеу сайтынан «Википедиядан» мағлұматтарды алып, талдау жұмысын жүргізеді. Ғаламтор поштасы арқылы үй тапсырмасын талдау, түсінбеген сұрақтарды талқылау, қателерін түзеу
жұмыстарын оқушыларым бір-бірімен байланыста болып жүргізеді.
Электронды оқулықты пайдаланудың да мүмкіндіктері
өте көп. Электронды оқулықтарындағы тапсырмаларды
орындау, тест жұмыстары, картамен жұмыс,
бейнефильмдерді көру арқылы оқушылардың өз
бетінше білім алуға ынтасын, қызығушылығын
байқадым.

АКТ-ны тарих
сабағында пайдалану


Ежелгі Грекия

Грекия мемлекеті.
2. Ежелгі Грекияның құдайлары мен аңыздары.

Ежелгі Грекия Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жері таулы, жартасты. Онда жүзім мен зәйтүн ағаштары жақсы өскен. Табиғат жағдайына байланысты Грекия 3 бөлікке бөлінген. Оңтүстік Пелопонес, Орта Аттика. Ең үлкені - Крит аралы.

Гректер зәйтүн терегін өсіріп, оны тағам ретінде пайдаланған, май жасаған және жарық ретінде пайдаланған.

Екінші қатарда жүзім ағашы өсірілген. Одан кептірілген жүзім, жүзім шарабын дайындаған.
Жүзімнен шарап жасау әдісі

Грекия халқының көбі қолөнерімен айналысқан. Афина амфорасы барлық Грекия аймағына әйгілі болған.

Крит-Ахей өркениеті б. з. б. 2000 ж. қалыптасты. Криттегі ірі қалалар Кносс пен Фест болды. Криттен табылған заттай мәдени бұйымдар б. з. б. 2 мың жылдықта бұл жерде әр түрлі қолөнер кәсібі болғанын дәлелдейді. Б. з. б. XV ғ. Крит аралы вулканның салдарынан күйреген. Микены ахейлік мемлекет. Микеныдағы қазба жұмыстарын белгілі археолог Генрих Шлиман жүргізген.

Египет
Солтүстік
Африка
Солтүстік Қара теңіз
Кіші Азия
Басқа елдің саудагерлері
Афинада сауда жүргізу
үшін салық төлеген
Зәйтүн майы,
жүзім
Амфора,
мүсіндер
Зергерлік бұйымдар
Шарап
Грекиядан
шығарылды:

Грекияның құдайлары

Тұңғыш олимпиада
ойындары
Құл иеленушілік құрылыстың
белгілері қай кезде п/б?
Грекияда темірді қай кезден
бастап өңдеді?
Троя қаласын басып
алған кез
Крит-Ахей өркениетінің
қалыптасуы
Б. з. б.
2000ж.
Б. з. б.
1200ж.
Б. з. б.
776
Б. з. б.
XI-IX ғғ
Б. з. б.
ХІ ғ.
Крит аралының қүйреуі
Б. з. б.
XV ғ.

Білімімізді тексерейік

Грекияның оңтүстік аймағын ата:
А) Крит
Б) Пелопонес
В) Аттика

2. Грекиядағы Крит-Ахей өркениеті қалыптасқан жылды ата:
А) б. з. б 2000 ж
Б) б. з 2000 ж
В) б. з. б 1200 ж

3. Крит өркениетіндегі ең ірі қалаларды ата:
А) Микены, Пилос
Б) Кносс, Фест
В) Тиринф, Ахей

4. Микеныдағы қазба жұмыстарын жүргізген археолог:
А) Генрих Шлиман
Б) Артур Конандойл
В) Пьер Кубантье

5. « Арыстандар қақпасы» қай қалада орналасқан?
А) Троя
Б) Фест
В) Микены

6. Микены қаласының көсемі Агамемнон Кіші Азиядағы Троя қаласын қашан басып алды?
А) б. з. б 1200 ж
Б) б. з 1200 ж
В) б. з. б 1226 ж

7. «Иллиада» және «Одиссея» поэмаларының авторын ата:
А) Аристотель
Б) Эсхил
В) Гомер

8. Грекияда алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құлиеленушілік құрылыстың белгілері қашан пайда болды?
А) б. з. б XI-IX ғғ
Б) б. з. б IIIV- IV ғғ
В) б. з XІ ғ

Жасырын сөз
Олимпия
Зевс
Экехерия
Пьер де Кубертьен
Бес шеңбер
Ифит
Олимпиада ұраны

Ежелгі грек қаласы Олимпияда - Олимпиадалық ойындар өткізілді. Бұл ойындар Зевс құдайының құрметіне арналып, 4 жылда бір рет өткізілген.

Олимпиада ойындарына ең мықты деген атлеттер жүгіруден, секіруден, күресуден, диск пен найза лақтырудан өздерінің ептіліктерін мықтылықтарын сынға салды.

Жарыс алдында атлеттер әділетті жарыстың ережесін сақтауға ант берді.
11 ғасыр бойы Олимпияда жалпы гректік ойындар өткізілді.

Себебі император христиан дінін қабылдаған болатын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz