Салалас құрмалас сөйлемді қайталау




Презентация қосу
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектеп

Салалас құрмалас сөйлемді
қайталау

Мұғалімі: жоғары санатты қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Аюпова Лиза
Хамидоллақызы
Сабақтың мақсаты:
*Шығармашылық жұмыстар арқылы салалас
құрамалас сөйлем туралы білімдерін тиянақтау.
*Ауызекі сөйлеу, ақыл-ой, шығармашылық
қабілеттерін арттыру.
*Қазақ халқының салт-дәстүрін қадірлеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың құрылысы:
*Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.).
*Мәтінмен жұмыс (9 мин.).
*Тақтада жұмыс (7 мин.).
*«Аукцион» ойыны (3 мин.).
*«Жорға сайысы» (5 мин.).
*Тест шешу (5 мин.).
*Қорытындылау (3 мин.).
*Бағалау (3 мин.).
*Үйге тапсырма (2 мин.).
I Тур. Сұрақ-жауап
I топ

Сұрақтар:
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер не арқылы байланысады?
3. Талғаулы сөйлемнің жалғаулықты шылаулары?
4. «Не, яки» қай салаластың шылаулары.
5. Бағыныңқысы баяндауышы сілтеу есімдігінен болатын
салаласты табыңыз.
6. Жалғаулықсыз түрі жоқ салаласты табыңыз.
7. Салаластың басты ерекшелігін табыңыз.
8. Жеті ата (атап беру)
9. Қазақтың қасиетті сандарын атап беру.
I Тур. Сұрақ-жауап
IІ топ

Сұрақтар:
1. Құрмалас сөйлемнің түрлері?
2. Қарсылықты сөйлемнің жалғаулықты шылаулары?
3. Кезектес сөйлемнің жалғаулықты шылаулары?
4. Жай сөйлемдері «біресе» шылауымен байланыстаын салаласты
табыңыз.
5. Екінші сөйлемі алдыңғы сөйлемінің мазмұнын ашатын салаласты
табыңыз.
6. Тек жалғаулықты шылаулар арқылы қолданылатын салаласты
табыңыз.
7. Кезектес салаластың тжалғаулығы түсіп қалса, қай сөйлемге
ауысады?
8. Жеті күн.
9. Қазақ халқының қасиетті сандарын атап бер.
IІ Тур. Мәтінмен жұмыс.

Мәтін «Сырғанақта».
Демалыс күні ертемен оқушылар мектепке
жиналды. Қар қалың жауғанмен, күн онша суық
емес еді. Оқушылар бәрі де жылы киінген. Олар үш
топқа бөлінді.Шаңғышылар тобы тауға қарай
жөнелді. Конькишілер өзен маңындағы мұз
айдынына кетті. Шанамен келген балалар мектеп
қасындағы сырғанақта қалды. Сырғанақ тебу
бәріне де ұнады.
IІІ Тур.
I топ
1. Далада қар жауып тұр, бірақ күн суық емес.
2. Дүкенге не Айгүл барады, не мен барамын.
3. Қоңырау соғылды, оқушылар сыныпқа кірді.

IІІ Тур.
IІ топ
1. Күн суытты, құстар жылы жаққа ұшып кетті.
2. Біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады.
3. Теледидардан кейде концерт көрсетеді, кейде
қызықты бағдарлама көрсетеді
ІV Тур. Топ басшыларының сайысы «Аукцион» ойыны.
I топ
1. Мына сөйлемді аяқта. Мен бүгін не қалаға кетемін, не ....
2. Мына сөздерден бір сөйлем құраңдар. Мен, сегізінші,
сыныбында, ......, мектебінің, оқимын, Абай, орта.
3. Мынау қандай салалас құрмалас сөйлем? Күн батты, даланы
қараңғылық басты.

ІV Тур. Топ басшыларының сайысы «Аукцион» ойыны.
IІ топ
1. Мына сөйлемді аяқта. Мен бүгін не қалаға кетемін, не ....
2. Мына сөздерден бір сөйлем құраңдар. Мен, сегізінші, сыныбында,
......, мектебінің, оқимын, Абай, орта.
3. Мынау қандай салалас құрмалас сөйлем? Күн батты, даланы
қараңғылық басты.
V Тур. «Жорға сайысы». Әр топқа сұрақ
қойылады.
I топ
1. Бір жылда қанша ай бар?
2. Нәрестені қырқынан қанша күнде
шығарады?
3. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар нешеу?
4. Сөйлем неден құралады?
5. Заттың атын білдіретін сөздер.
V Тур. «Жорға сайысы». Әр топқа сұрақ
қойылады.
IІ топ
1. Адамның бірінші мүшел жасы?
2. Ананың құрсағындағы нәресте неше ай
жатады?
3. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
4. Сәби жүре бастаған кезде жасалатын той.
5. Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар?
VІІ Тур. Тест жұмысын өткізу

1. Құрамалас сөйлем неше сөйлемнен
тұрады?
А) бір сөйлемнен;
Ә) екі немесе одан да көп сөйлемнен.
2. Мынау қандай салалас құрамалас
сөйлем?
Ән басталды, бірақ домбыра сазы
басылған жоқ.
А) талғаулы салалас құрмалас сөйлем;
Ә) ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем;
Б) кезектес салалас құрмалас сөйлем;
В) қарсылықты салалас құрмалас
сөйлем.
3. Кезектес салалас құрамалас
сөйлемнің жай сөйлемдері қандай
шылаулар арқылы байланысады?
А) дегенмен, алайда, бірақ, сонда да;
Ә) не …, не, я…, я;
Б) бірде, біресе, кейде.
4. Ыңғайлас салалас құрмалас
сөйлемнің жай сөйлемдері қалай
байланысады?
А) шылаулар арқылы;
Ә) екпін арқылы;
Б) интонация арқылы.

5. Және, да, де, та, те, әрі - мынау қай
салалас құрамалас сөйлемнің
шылаулары?
А) қарсылықты салалас құрмалас
сөйлем;
Ә) ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем;
Б) талғаулы салалас құрмалас сөйлем;
В) кезектес салалас құрмалас сөйлем.
Мақал-мәтелдердің мәнін ашып айтыңдар.
1 . Отанға опасыздық еткеннің –
Өз түбіңе жеткенің.
2 . Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
3 . Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.
4 . Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.

Ұқсас жұмыстар
Қарсылықты салалас Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Салалас құрмалас сөйлем жайлы
Құрмалас сөйлемді қайталау
Сөздердің байланысу тәсілдері
Салалас құрмалас
КҮРДЕЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Түркістан қаласы - Салалас құрмалас сөйлем
ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ
Синтаксис және оның объектілері
Пәндер