Болымсыздық есімдігін тап




Презентация қосу
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектеп

Есімдіктен
өткенді қайталау

Мұғалімі: жоғары санатты қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аюпова Лиза Хамидоллақызы
Сабақтың мақсаты.
А) Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін
практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын
жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Ә) Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой
қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін
арттыру.
Б) Тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс
жасап, бір – бірін тыңдай білуге үйрету; сөйлеу мәдениеттерін
қалыптастыру.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.
1.Есімдік туралы осыған дейін не білдік?
1 . Есімдік дегеніміз не?
2. Мағынасына қарай түрлері
2. Жұмбақ сұрақтар» Бұл қай есімдіктер?»
1. Етікші аспабының бірімен ұқсас келетін есімдіктің қай түрі?
2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды?
3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды?
4. Көпшіл және көңілшек,
Ештемені бөліп жармайды,
Көптік ұғым беріп,
Көпшілікті қармайды.
5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір
буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.
ДЕҢГЕЙЛІК
ТАПСЫРМАЛАР
І ДЕҢГЕЙ
1.216- ЖАТТЫҒУ. МӘТІННЕН
ЕСІМДІКТЕРДІ ТАБУ
2. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз
..... айтып тұрған қасиеттер .... баладан табылмасына ...
кепіл?..... ертіп жүрген бала қазақтың белгілі ақыны болған
Нұржан Наушабаев екен. .....- Күршім өзені. .........-
Ұлыстың ұлы күніне арналып құрылған киіз үйлер. ...елің-
алтын бесік.
Есімдіктер: осы, сіз, бұлар, өз, мына, мынау, кім
3. Қарамен берілген есімдіктер қай жалғауда тұр?
Сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
Ол бәрінен де кіші, одан барлықтары үлкен.
Мен ешкімнің малын түгендеп жүргенім жоқ.
Әнеугі келген бала- осы.
ІІ деңгей
Әркім, әрбір, әлдеқайдан деген сөздерге
сөйлем құра.
Құрамында есімдіктері бар
мақал- мәтел және ақын-
жазушылардың шығармаларынан
үзінді келтір.
“СЕРГІТУ СӘТІ”

“Сіз” деген – сыпайылық,
“Сен” деген – анайылық.
“Біз” деген – көмек,
“Сіз” деген – әдеп.
СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА
р/с Мысалдар жіктеу сілтеу сұрау өздік белгісіздік болымсыздық жалпылау

1 барлық
2 кейбіреу
3 олар
4 мыналар
5 өздері
6 ешқашан
7 біздің
8 қайда
9 әлдеқашан
10 біреуге
11 дәнеңе
12 әне
13 қалай
14 тегіс
15 әрқашан
Тест .
1. Жіктеу есімдігін табыңыз:
А) Бұлар В) қайдан С) ешкім Д) олар Е) кейбіреу
2. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз:
А) Кіміңіз? Несі?
В) Бұнысы, мынауымыз
С) Соның, анаған
Д) өздерің, өзіңіз
Е) Барлығынан, бәрінің
3. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз:
А) Бірнеше
В) Саған
С) Дәнеңе
4. Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады?
А) Зат есім орнына қолданылса
В) сын есім, сан есім орнына қолданылса
С) Мезгіл, мекен мағынасын білдірсе
Д) Сөйлем соңында келсе
Е) Үстеу сөздердің орнына қолданылса
5.Дұрыс септелген есімдікті табыңыз:
А) менге В) сенмен С) сода Д) бұдан Е) сеннің
6. Болымсыздық есімдігін тап
А) дәнеме
В) бірдеме
С) сода
Д) әлдекім
Е) біреу
ЕСІМДІКТЕРДІ ТАУЫП, ЕСІМДІК БОЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ҚАНДАЙ БӨЛІКТЕРДЕН
ТҰРҒАНЫН АЖЫРАТ.

....Ерлік, елдік, қайрат, бірлік, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Үй тапсырмасы.
Есімдікті қатыстыра отырып,
« Өмір үшін күрес» тақырыбында әңгіме
жазу

Ұқсас жұмыстар
Есімдіктен өткенді қайталау туралы ақпарат
Есімдіктен өткенді қайталау
Ақыл ой интелекуалдық олимпиадасы
Сілтеу есімдігі
Есімдік .Сұрау есімдігінің түрленуі
Есімдіктердің түрленуін қайталау
Жіктеу есімдігінің септелуі
Өздік есімдігінің түрленуі
Тіл мәдениеті
Болымсыздық есімдігі. Белгісіздік есімдігі
Пәндер