Жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастары мәнділігін түсіндіру
Презентация қосу
Қош
келдіңіздер!
Сабақтың тақырыбы:
Жақсылық
жасай білейік
Мақсаты:
•Оқушылардың «қайырымдылық»,
«қамқорлық», «жақсылық құндылықтары»
туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
•Жақсылық жасаудың адами қарым-
қатынастары мәнділігін түсіндіру.
•Жақсы істер жасай білу іскерліктерін
дамыту. Қайырымды, қамқор болуға
тәрбиелеу
Көрнекі құралдар:
Үстаспа, тамшы үлгісіндегі қиылған
қағаздар, дария үлгісіндегі плакат, оқулық,
дәптер, жақсылық ағашының суреті, суға
шомылып жатқан балалар суреті,
жүрекшелер, интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың жүру барысы
І. Сәлемдесу
ІІ. Шаттық шеңбері
ІІІ. Мәтінмен жұмыс:
ІҮ. Тыныштық сәті
Ү. Оқулықпен жұмыс.
ҮІ. Дәйексөз
ҮІІ. Шығармашылық жұмыс.
ҮІІІ. Ойын жаттығу.
ІХ. Жақсылық жерде қалмайды
І. Сәлемдесу
Амансың ба, Алтын күн?
Амансың ба, Көк аспан?
Амансыңдар ма, достарым?
Сіздерді көргеніме қуаныштымын!
ІІ. Шаттық шеңбері
Өзіңді тану
О. Ақылбеков
Жақсы болу- өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла,
Өзіңсің ақыл айнасы,
Тиеді саған мәні бар,
«Өзіңді тану» пайдасы.
ІІІ. Мәтінмен жұмыс:
Жақсылық пен жамандық
Ертегі
Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда
Жақсылық «істе» десе, жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп, адамның бойында қай қасиет басым екенін
байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына
шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
Адам, ана балыққа көмектесіп жібер- десе, Жамандық:
Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма- дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрғандай
болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда
ойнақшып, секіріп құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді.
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса,
кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу
керек. Мерт болсаң қайтесің? өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,- дейді.
Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру жаратылысың. Мына бейшара балапанды
ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ-
шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аясының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан
құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам
әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәннен айырып тастағысы келіп оқталды да, шыр-пыр болған Жақсылықтың
сөзіне құлақ түрді. Ол :
Әй, адам-ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзіңнен үлкен дәнді сүйреп,
машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп, жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені
қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп –кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады.
Сөйтіп, Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:
Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім,
үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай,
жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетеді.
ІҮ. Тыныштық сәті
Ү. Оқулықпен жұмыс.
І топ: Қарлығаш пен Дәуіт
ІІ топ: Аю мен тышқан
ертегілерінен үзінді оқып өз
ойларын жалғастыру
ҮІ. Дәйексөз
Өзі жақсы адамның айналысы қашанда
жақсылыққа толы болады. Ол өзін осы ортада
ерекше бақытты сезінеді. Себебі оны адамдар,
айналасы жақсы көреді. Ол осындай
жетістіктерге өзінің жақсылықтары арқылы
жетті. Сондықтан халық: Жақсының
жақсылығын айт нұры тассын,- дейді. Сол
себепті: шамамыз жеткенінше, айналаға
жақсылық жасап жүрейік. Себебі жасаған
жақсылығымыз ешқашан зия кетпейді. Оның
шарапаты өзіңе, жақын туыстарыңа, еліңе
тиеді. Сондықтан әр уақытта жақсылық жасау
арқылы алғысқа бөленіп, ризашылыққа
кенеліп жүрейік.
ҮІІ. Шығармашылық жұмыс.
І. «Жақсылық тамшысы» Оқушылар тамшыға өздері
жасаған жақсы істері туралы жазады. Оны тақтаға
іледі. Оның үстіне дария суреті бар плакат ілінеді.
ІІ. «Жақсылық ағашына» мына сұрақтардың
жауаптарын жазыңдар.
•Айналадағы адамдарға қандай жақсы тілектер
айтар едіңдер.
•Өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерді жазыңдар.
•Қандай жаман қылықтардан аулақ болу керек?
ҮІІІ. Ойын жаттығу.
ІХ. Жақсылық жерде қалмайды
С. Бағай
Жақынды досты аяла,
Қанаттың сонда талмады.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатыгез болу-сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Жақсылық жерде қалмайды.
Назар қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz