Сәкен өлеңдерін еске түсіру


Slide 1

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үйтапсырмасын еске түсіру “Жұмбақ сандар”

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Үш бәйтерек

Сәкен өлеңдерін еске түсіру

Ғұмырнамалық кесте

Сәкеннің сырға толы шығармалары

ІҮ. Бекіту

“Тарих дөңгелегі” ойыны

Ү. Қорытындылау

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

Slide 2

Бес арыс

Жұмбақ сандар

1

2

3

4

5

Slide 3

Бұл кім?

Оны философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік-ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман - Мамыр», «Ләйлі - Мәжнүн» т. б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан.

Slide 4

Бұл кім?

Ол әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы - "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады.

Slide 5

Бұл кім?

1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.

Slide 6

Бұл кім?

Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар.

Slide 7

Бұл кім?

Ол - лирикалық өлеңдермен қатар бірнеше көркем поэмалар жазған ақын. Атап айтқанда, "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", т. б. поэмалары ақын талантының ерекше қырын танытады.

Slide 8

Үш бәйтерек

Slide 9

Үш бәйтерек

Қалың қара қазаққа

Үш бәйтерек атандың.

Жаның малынып азапқа

Ұрпақ үшін сөз алдың.

Кейде күйіп, кейде мұң

Көңілге жақты қараны.

Артта мына ұрпақтың

Болдың міне ұраны.

Ақылменен терең ой

Тіпті жанға сыймаған.

Ілияс, Бейімбет, Сәкен ғой

Еліме бақыт сыйлаған.

Бізге мұра, сіздің еңбегіңіз

Бізге аңыз, сіздің көргеніңіз.

Халық жауы атанып кетсеңізде

Сақтаймыз сізді мәңгі есімізде.

Slide 10

Сәкен- лирик ақын

Slide 11

Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерін еске түсіру

Slide 12

Жемісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш- қуат, ой-сезім, істегі нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. осы күйді әсіресе Сәкен басынан мол кешті.

Мұхтар Әуезов

Slide 13

Сейфуллин

Сәкен

(Садуақас,

1894-1938)

Журналист

Ақын

Жазушы

Мемлекет және қоғам қайраткері

Сазгер

Қазақ

әдебиетін

қалыптастыру-шылардың бірі

Зерттеуші

Драматург

Slide 14

Туып-өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репресияның құрбаны болған. Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш класстық қалалық училищеде (1908-1913), Омбыдағы мұғалімдер семинариясында (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының Бірлік қауымын, Ақмолада Жас қазақ ұйымын ашып, Тіршілік газетін шығаруды ұйымдастырған. Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914 жылы жарық көрді.

Slide 15

«Кел жігіттер»,

«Жас қазақ марсельезасы»,

«Жұмыскерлерге», «Жолдастар»

сияқты саяси лирикада

жазылған өлеңдері

«Көкшетау», «Ақсақ киік»,

«Аққудың айрылуы», «Альбатрос»,

«Қызыл ат» поэмалары

«Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» поветері мен «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық роман

«Бақыт жолында»,

«Қызыл сұңқарлар» драмалары

Шығармашылығы

Slide 16

Өлеңдері

Ауыл байғұс мінекей

Далада

Келіншектің бесік жыры

Орман

Сағындым (Қамауда)

Сыр сандық

Slide 17

Ауыл байғұс мінекей (1926)

Біраз ғана жыл өтті

Мен қалада жүргелі.

Елді көріп кетемін

Екі жылда бір келіп.

Ауыл байғұс мінекей,

Бала жастан көз көрген!

Азғана жыл ішінде

Едәуір-ақ өзгерген. . .

Бастық шалдар азайған

Орын басып жас ие.

Қоңыр ауыл құба

Сәлем берем, бас ием!

Slide 18

Далада (1917)

Жүген-құрық тимеген,

Жасынан ноқта кимеген

Алты жасар асауды

Ұстап міндім далада.

Ақырды асау -

Жаңғырды дала.

Тулады, орғыды асау -

Дүбірлеп күңіренді дала,

Қиырсыз дала. . .

Орғыды асау айнала -

Дүбірледі айдала.

Slide 19

Келіншектің бесік жыры (1926)

Әлди, менің бөбегім,

Әкең жүр ғой малменен!

Жүрген шығар алысып

Шұнақ аяз қарменен.

Қартайғанда күтетін

Әкесі мен шешесін,

Кандай жігіт өскенде

Болар екен бөпешім?

Slide 20

Орман (1925)

Қалың орман,

Ойға толған,

Тұнжырайсың иіліп,

Еңбек сырлас,

Сәулем құрдас,

Әр рудан жиылып.

Жоқ бір қалып,

Кейде ырғалып,

Сен де көлше шулайсың.

Slide 21

Сағындым (Қамауда) (1918)

Туғалы қапас көрмеген,

Көкіректе кектер кернеген,

Талпынып құлаш сермеген

Айтайын ішкі сырымды:

Қайрымды қалың елі бар,

Сарыарқа сары белі бар,

Өрісті шалқар көлі бар

Сағындым мен кырымды.

Slide 22

Сыр сандық 1926 жыл, 26 ақпан

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым.

Сым пернені басып қара,

Басып қара жырласын!

Сұлу сымда перне әуені,

Перне әуені жыр айтар.

Көніл ашар тербеу әні,

Тербеу әні сыр айтар.

Шыққанбыз дос, шыңға талай,

Талай сырды ойланып,

Ақтарарлық алтын сарай,

Алтын сарай қойманы.

Slide 23

Сәкен

әндері

Slide 24

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,

Ағашты биік таулы жерлері бар.

Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын

Меймандос, берекелі елдері бар.

Думанды шалқар көлдері-ай,

Еркін дала белдер-ай.

Каздай қатар мыңғырып,

Тізіліп көшкен елдер-ай.

А-ай, Сарыарқа,

Елің алыс,

Қалды шалыс,

Жат жерде талай елмен болдық таныс.

Біздің жақта

(Сүргінде жүргенде шет елде айтылған өлең)

Slide 25

Мен келем тау ішінде түнделетіп,

Аймақты күңірентіп елеңдетіп,

Астымда ақ боз атым сылаң сағым,

Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.

Ақ боз ат менің, тұлпарым,

Шалқыған көңіл сұңқарым.

Көкірек керіп жұттым мен

Ауаның жазғы жұпарын.

Ә-әй, сүмбіл шаш,

Тәтті сөзің,

Қара көзің

Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

Slide 26

Сәкеннің поэмалары

Slide 27

Көкшетау

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

Сексен көл Көкшетаудын саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар иісті

Көкірек канша жұтса, тоясың ба?

Ырғалған көкке бойлап қарағайы,

Қасында көк желекті әппақ қайың,

Жібектей желмен шарпып төңіректі,

Балқытып мас қылады иіс майы.

Талай сыр ертегіні ел айтады,

Ызындап таудан соққан жел айтады.

Сырласып сыбырласқан жапырақтар,

Күндіз-түн күңіренген көл айтады.

Slide 28

Ақсақ киік

Киікті қазақ және дейді бөкен,

Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.

Бөкенді атып мерген өлтіргенде,

Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Өзге аңға жануарды тең көрмедім.

Көздері мөлдіреген ақбөкенді

Адамның баласынан кем көрмедім.

Қап-қара екі көзі мөлдіреген,

Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,

Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,

Мың-мыңнан баяғыда өреді екен.

Slide 29

Аққудың айрылуы

Күміс суды жұмсақ сызып,

Екі сұлу сыланды;

Сылдырлатып моншақ тізіп,

Ақ көбікке бұланды.

Дөңгеленіп, сәнін түзеп,

Айна көлге қаранды;

Екі сұлу әнін түзеп,

Жуынды да таранды.

Екі кербез қатар түзеп,

Көлдің келді шетіне:

Көлдегі әппақ шашақты үзіп,

Иіскей басты бетіне.

Иіскеп нәзік исін жұтып,

Көлбеңдеді айнала;

Ақ шашақты талдап түтіп,

Шашты мөлдір айнаға.

Slide 30

Лашын әңгімесі

Ұйықтап жатып түсімде

Сарыарқа сары бел көрдім.

Белден белге жағалап

Бір үлкен шалқар көл көрдім

Сол үлкен көл шалқыған

Түпсіз терең су екен.

Тағы жыртқыш құсы кеп,

Тәртібі жоқ шу екен.

Ортасында шалқардың

Бар екен үлкен аралы.

Сол аралға кеп конды

Бір лашын құс жаралы.

Бұл лашын құс жер, көкті

Серік іздеп кезіпті.

Бөтен текті құстарды

Қыла алмай серік безіпті.

Көп болғанмен дүниеде

Лашындай талай асыл құс.

Іздегені лашынның

Slide 31 Slide 32 Slide 33

Сәкен мұражайы

Slide 34

"Алтын қақпа"

ойыны

Slide 35 Slide 36

1

2

3

Slide 37

Бұл сурет қай шығармаға сәйкес келеді?

Келіншектің бесік жыры

Slide 38

Сағындым (Қамауда)

Slide 39

Аққудың айрылуы

Slide 40 Slide 41

1

2

3

Slide 42

Баламалы тесті Сұрақтың жауабын «Иә» немесе «Жоқ» сөздері арқылы белгілеу.

1. «Түрмеден қашып шыққанда» С. Сейфуллиннің туындысы?

ия жоқ

2. «Қараш-қараш» С. Сейфуллиннің повесі

ия жоқ

3. «Аққудың айрылуы» - С. Сейфуллиннің махаббат туралы романтикалық поэмасы

ия жоқ

4. «Кім жазықты?» С. Сейфуллиннің поэмасын белгілеңіз.

ия жоқ

5. С. Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деп аталады?

ия жоқ

Slide 43

Баламалы тесті Сұрақтың жауабын «Иә» немесе «Жоқ» сөздері арқылы белгілеу.

1. «Түрмеден қашып шыққанда» С. Сейфуллиннің туындысы?

ия жоқ

2. «Қараш-қараш» С. Сейфуллиннің повесі

ия жоқ

3. «Аққудың айрылуы» - С. Сейфуллиннің махаббат туралы романтикалық поэмасы

ия жоқ

4. «Кім жазықты?» С. Сейфуллиннің поэмасын белгілеңіз.

ия жоқ

5. С. Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деп аталады?

ия жоқ

Slide 44

Сәйкестендіру тесті Кез келген анықтаманы оқушы сызу арқылы белгілейді.

С. Сейфуллиннің қай өлеңдерінде этнографиялық жайттар бейнеленген?

С. Сейфуллиннің поэтикасында символ дәрежесіне көтерілген қандай тұрақты образдар бар?

С. Сейфуллиннің новелласын белгілеңіз.

С. Сейфуллиннің поэмасын белгілеңіз.

«Аққудың айырылуы», «Лашын туралы жыр», «Ақсақ киік» атты лирикалық туындылардың авторы кім?

«Қызыл ат»

С. Сейфуллин

«Жайлауда қымыз ішу»

Асау, тұлпар, аққу, экспресс

«Бандыны қуған Хамит»

Slide 45

Сәйкестендіру тесті Кез келген анықтаманы оқушы сызу арқылы белгілейді.

С. Сейфуллиннің қай өлеңдерінде этнографиялық жайттар бейнеленген?

С. Сейфуллиннің поэтикасында символ дәрежесіне көтерілген қандай тұрақты образдар бар?

С. Сейфуллиннің новелласын белгілеңіз.

С. Сейфуллиннің поэмасын белгілеңіз.

«Аққудың айырылуы», «Лашын туралы жыр», «Ақсақ киік» атты лирикалық туындылардың авторы кім?

«Қызыл ат»

С. Сейфуллин

«Жайлауда қымыз ішу»

Асау, тұлпар, аққу, экспресс

«Бандыны қуған Хамит»

Slide 46

Дұрыс жауапты таңдау тесті

1. Бір азғана жыл өтті

Мен қалада жүргелі.

Елді көріп кетемін

Екі жылда бір келіп.

А. “Сағындым”

В “Келіншектің бесік жыры”

С. “Далада”

Д “Біздің жақта”

Е “Ауыл байғұс мінекей”

2. Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,

Ағашты биік таулы жерлері бар.

Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын

Меймандос, берекелі елдері бар.

А. “Сағындым”

В “Келіншектің бесік жыры”

С. “Далада”

Д “Біздің жақта”

Е “Ауыл байғұс мінекей”

3. Жүген-құрық тимеген,

Жасынан ноқта кимеген

Алты жасар асауды

Ұстап міндім далада.

А. “Сағындым”

В “Келіншектің бесік жыры”

С. “Далада”

Д “Біздің жақта”

Е “Ауыл байғұс мінекей”

4. Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,


Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллин Наурыз
Ана тілі
Ж.Аймауытов, Ғ.Қарашев, Б.Күлеев, С.Сейфуллин. І.Жансүгіров, Б.Майлин шығармашылығы
Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым
Дала жұлдызы
Зияткерлік олимпиада
Дабылды жырдың дауылпазы»
Қазақта Қасым бір туар
Абай жолы романындағы кейіпкерлер психологисы
Өлең туралы толғанысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz