Домбыра құрылысы




Презентация қосу
А.С.Макаренко атындағы № 41 мектеп – лицей
Пән: аралык аралас сабак

Пәні: Бейнелеу өнері және ән
Такырыбы : Домбыра құрылысы «Домбырасыз сән
қайда?»
Мұғалім:
Бакирова.З
Сабақтын тақырыбы : «Домбыра құрылысы», «Домбырасыз сән
қайда?» әнін бейнелеу өнерімен байланысы

Сабақтын мақсаты :
a) Пән аралық аралас сабақ
ә )Оқушылар домбыра құрылысымен танысып «Домбырасыз сән
қайда?» әнін тыңдап,оны көз алдына елестете отырып ақ парақ
бетінде топқа бөлініп аппликациялық жолмен композиция жасау
Дамыту мақсаты:
a) Оқушылардың ойын ізденіске жетелеу
ә) Ойлау,елестету,есте сақтау қабілеттерін дамыту
б) Ән және бейнелеу өнеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі : «Домбыра»құрылысы бейнеленген плакат,музыкалық
аспаптардың суреттері,әнге байланысты табиғат көріністері,суретші
шығармалары,күй табақ,аспап көмегі,домбыра.
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.
3. Ән ұран айту.
4. Үй тапсырмасына,өтілген сабаққа қысқаша
шолу.
5. Ән мен бейнелеу өнері пәнінін байланыстыра
жаңа сабақты түсіндіру.
6. Сарамандық жұмыс.
Домбыра құрылысы:

1.Басы-екі құлақ бекітілетін жері.
2.Шайтан тиегі-екі ішек орналасатын жері.
3.Мойыны-перне байланатын бөлігі.
4.Шанағы-дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс кеуде.
5.Беті-шанақтың қақпағы,екі ішекті қағып,дыбысты
естіртетін жері.
6.Дыбыс ойығы-қақпақтың дөңгелектің ойылған тесігі.
7.Тиек-қақпақ бетінде екі ішекті көтеріп тұратын алмалы-
салмалы ершік.
8.Түймесі ілгек-шанақтың артындағы ішекті бекітетін жері.
9.Екі құлақ-домбыраның басындағы екі ішектің ұшы
бекітілетін жері.
Домбырамен орындар алдында түзу орындыққа тік
отыру,сол аяқтың устіне оң аяқты дұрыстап қою,иықты
сірестірмей бос ұстау керек,домбыраның басы сол иық
деңгейінен жоғары болмауы тиіс. Буындар сол қол
саусақтары пернелерді тізбелей басады. Басу мен қағу
кезінде екі қол буындарын күш салмай,бос ұстау керек. Міне
біз домбыра құрылысымен таныстық. Енді осы домбыраға
арналған әнімізге тоқталамыз. И.Нүсіпбаевтің «Домбырасыз
сән қайда?» әні. Ән си-ми-норда тональсінде орындалады.
Өте көңілді бала,бала бойына тез қабылдайды. Ақындар мен
жыршы,жырыаулар жырлаған бұл домбыра қазақ халқының
киелі аспабы болып саналады. И.Нүсіпбаевтің көптеген
әндері бар. Композитор көбінде балаларға арнап ән жазды.
Әнді домбырамен орындар алдында кез келген әнді немесе
күйді үн таспада тындап,екпін ырғақты,домбыраның қағыс
әуенін жаттап алып тарту керек. Домбыраның үні жүрекке
жылы,жанға жайлы нәзік те әсерлі үн.
Балалар енді осы әнді,домбыраны бейнелеу өнерімен
байланыстырайық. Бейнелеу өнерімен ән егіз.Негізі біз
ән сабағында болған оқиғаны,табиғаттың әсемдігін
әнмен,күймен жеткізсек.ал бейнелеу өнерінде
суреттпен,көркем шығарма орындаумен,композиция
орындаумен бейнелеп жеткіземіз. Енді бүгін сабаққа
байланысты яғни,домбырамен ,ән аспабтарымен
байланысқан аппликациялық композиция
құрастырамыз. Ол үшін екі топқа бөлініп топтық жұмыс
жасаймыз. Балалар сендердің алдарыңда арнайы
салынып,қиылып тұрған саз аспабтардан үйлестіре
отырып композициялық жұмыс жасаймыз. Жұмысты
бастамас бұрын өтілген сабақтағы ережелерді еске
түсірейік. Композиция-латынның «ойлап шығару»,
«құрастыру»деген сөзінен шыққан.Көркем шығарма
бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі
композиция деп аталады.
Суретшілер сурет салу барысында композиция
көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін
білдіріп,оларды толғандырып,өмір шындығы мен
қиялын көрсете алады.
Кез келген суретті салу композициядан
басталады.
Композиция-салынатын суреттегі
барлық бөліктерді бір-бірімен өзара
байланыстырып,орынды құрастыру.
Композиция шығарманың құрылымы
тұрғыдан мазмұнының неғұрлым
айқын,нанымды,әсерлі шығуына жағдай жасайды.
Яғни,ол – шығарманың құрылысы,оның негізгі
бөлшектерінің орналасуы,оқиғалардың баяндалу
реті. Қарапайым сөзбен айтқанда,көркем
шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан
Сарамандық жұмыс:
Оқушылар текі топқа бөлініп композициялық
аппликация орындайды. Оқушылар жұмыс
жасағанда адемі саз аспабтардың,соның ішінде
домбыраның үні басым күй үн таспада орындалып
тұрады.

Қорытынды:
Бүгін біз сендермен пән аралық байланыс
сабағында домбыраның құрылысымен,жаңа әнмен
танысып,бейнелеу сабағында композициялық
сарамандық жұмыс жасап шыңдадық. Сабақ
барысында белсене қатысқан топты,балаларды
бағалаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Домбыра
Домбыра құрылысымен танысу
Қазақ халқының ұлттық аспаптары
Домбыра - қазақтың халық аспабы
Қазақ халқының айтуынша
Дыбыстың таралу - Әртүрлі ортадағы дыбыс себептерін білу
ӘЙЕЛДЕР ЖАҚ
Сабақтың дамытушылығы
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Күй өнері
Пәндер