Тіл білгірлер сайысы


Slide 1

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім, Аралыммен арыммен қатар қойып, Тілді қорғау - парызым бүгін менің!

Slide 2 Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6

Сөзмерген

Тіл білгірлер сайысы

Slide 7

Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп,

мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа

баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың

өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі

болатынын түсіндіру.

Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту,

сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі

сөйлеуге баулу.

Мақсаты:

Slide 8

І-ші кезең

Таныстыру

Slide 9

ІІ кезең

“Мықты болсаң, тауып көр”

Мақал - мәтелдің жалғасын табу

Slide 10

Тіл қазынасы - мақал-мәтел

Slide 11

І-ші топтың мақалдары

Slide 12

Тіл тас жарады, . . .

тас жармаса, бас

жарады

Slide 13

Дәлелсіз сөз . . .

желмен тең

Slide 14

Сөз тапқанға - . . .

қолқа жоқ

Slide 15

Жеті жұрттың тілін біл, . . .

жеті түрлі ілім біл

Slide 16

Көре-көре көсем

боларсың,

сөйлей-сөйлей

шешен боларсың

Slide 17

Ине көзінен сынады,

шешен сөзінен сынады

Slide 18

ІІ-ші топтың мақалдары

Slide 19

Тілден артық

қазына жоқ

Slide 20

Қаһарлы сөз

қамал бұзар

Slide 21

Піл көтермегенді,

тіл көтереді

Slide 22

Айтылған сөз,

атылған оқпен тең

Slide 23

Бас кеспек болса да,

тіл кеспек жоқ

Slide 24

Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің сөзі ортақ

Slide 25

ІІІ кезең

«Жүйрік болсаң, шауып көр» Мақал - мәтелдің орысша баламасын табу

Slide 26

І-топтың аудармасы

Slide 27

Жаман жолдастан таяғым артық

КРЕПКАЯ ПАЛКА ЛУЧШЕ ПЛОХОГО ПОПУТЧИКА

Slide 28

Күлме досыңа-келер басыңа

Над бедой друга не смейся, то же может случиться и с тобой

Slide 29

Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас

Дружи с тем, у кого приятелей много, откровенничай с тем у кого друзей мало

Slide 30

Отан оттан да ыстық

Родина греет жарче огня

Slide 31

ІІ-топтың аудармасы

Slide 32

Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы

Одежда хороша новая,

а друг старый

Slide 33

Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа

С добрым человеком сдружишься

цели своей достигнешь. С дурным

сдружишься- в дураках останешься

Slide 34

Ел іші-алтын бесік

Родная земля-подобна золотой колыбели

Slide 35

Әркімнің өз жері -жұмақ

Для каждого человека своя Родина сравни раю

Slide 36

ІV кезең

«Ұшқыр ойдан ұтымды жауап»

Сұрақтарға жауап беру

Slide 37

І-ші

топтың сұрақтары

Slide 38

1) ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы кім?

Ш. Ниязбеков

Slide 39

2) Бейбітшілік құсы?

Көгершін

Slide 40

3) ҚР мемлекеттік

тілі?

Қазақ тілі

Slide 41

4) ҚР Мемлекеттік Гимнының сөзін жазғандар кімдер?

Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев

Slide 42

5) Ендігі өміріміздің бағдары не?

Ендігі өміріміздің бағдары -

бәсекеге қабілеттілік

Slide 43

ІІ-ші

топтың сұрақтары

Slide 44

1) ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер?

Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов

Slide 45

2) ҚР Мемлекеттік Гимнының әнін жазған кім?

Ш. Қалдаяқов

Slide 46

3) Қазақстанда қандай мереке 16 желтоқсан күні атап өтіледі?

Тәуелсіздік күні

Slide 47

4) Қазақстанның астанасы қай жылы ауыстырылды?

1998 жылы

Slide 48

5) Ғарышқа ұшқан қазақ азаматтарын атаңдар

Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев

Slide 49

V кезең

«Өлеңді сүйсең, менше сүй»

Өлеңді жалғастыру

Slide 50

І-топтың өлеңдері

Біздің Ту

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

Жанатындай өзі отша,

Жалын шарпып бетіңді.

Туымыз да қазақша,

Сөйлеп тұрған секілді!

Тұманбай Молдағалиев

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Б. Ысқақов

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылады сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Әбділдә Тәжібаев

ІІ-топтың өлеңдері

Қазақстан

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Қасым Аманжолов

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем,

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған “Отан” деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан! Отан!


Ұқсас жұмыстар
Тапқырлар тобы
Білгірлер сайысы
Жеті жұрттың тілін біл
Асыл тас
Көңілді тапқырлар сайыcы
Ежелгі дүние тарихы Қазақ тілі
Білім биржасы
Қазақ тілі Математика Ағылшын тілі
Қатысушы топтар
7 санын қосу және азайту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz