Атом құрылысы


Slide 1

Физика сабағына қош келдіңіздер

Пән мұғалімі Баймұханбетова К. К

Қоян-құс ауылы №1 орта мектептің

8 “А” сыныбындағы

Slide 2

жақсы

Бүгінгі сабаққа дайындығымыз қандай?

Тамаша

Жақсы

Орташа

Slide 3

Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп.

Электр өткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер.

Үй тапсырмасы

Slide 4

Электр зарядын бір денеден екінші денеге

қалай беруге болады?

2. Денелердің электр зарядын тәжірибе жүзінде қалай байқауға болады?

3. Электрленген денелер үшін үйкелістің маңызы қандай?

4. Электр зарядының сақталу заңының мәні неде?

5. Қандай заттар электр өткізгіштерге жатады?

6. Қандай заттар электрді нашар өткізетіндерге немесе диэлектриктерге жатады?

Slide 5

9. Қандай тәжірибемен электр зарядының екі тегі бар екендігін көрсетуге болады?

10. Табиғаттағы денелердің электрленуіне мысалдар келтіріңдер?

7. Электроскоп дегеніміз не?

8. Зарядтталған электроскопты пайдаланып, дененің электр өткізетінін немесе өткізбейтінін қалай анықтауға болады?

Slide 6

Электр зарядының екі түрі бар. Оң (+) және теріс (-)

Қарапайым күйде атом бейтарап күйде болады.

Электрленуді байқау құралы электроскоп дейді.

Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядттарының қосындысы сақталады.

q1 + q2 +…. q n =const.

Есте сақта

Slide 7

Жаңа сабақ басталды

«Жаңа сабақ»

Slide 8

Атом құрылысы.

Элементар электр

заряды

Сабақ тақырыбы

8 желтоқсан 2010 жыл

Slide 9

Мақсаты:

Атом құрылысы мен

элементар электр заряды

туралы білім алу.

-логикалық ойлау,

есте сақтау,

танымдық қабілеттерін

дамыту

-білімге деген қызығушылыққа,

жолдастық сезім, ұқыптылыққа,

мақсатқа жете білуге тәрбиелеу

Slide 10

Заттың молекулалық құрылысы

Барлық денелер

молекулалардан

тұрады

Молекулалар

атомдарға

бөлінеді

Атомдар мен

молекулалар

электрлік

бейтарап болады.

Еске түсірейік

Slide 11

1897 жылы көптеген электр құбылыстарын

түсiндiруге мүмкiндiк беретiн жаңалық ашылды.

Ағылшын ғалымы Дж. Дж. Томсон элементар

заряд тасымалдаушысы болып табылатын бөлшектi тапты. Бұл бөлшекті электрон деп атады. Электрон массасы m=9, 1*10-31 кг-ға тең және табиғаттағы ең жеңiл сутегi атомы массасынан 3700 еседей аз болып шықты.

Электр зарядын арттыруға және азайтуға болады, Яғни олар әр түрлі мәнге ие болуы мүмкін. Ендеше электр заряды физикалық шама. Екі электрометр алып олардыың біреуін зарядтайық. Сосын оқшаулағыш тұтқасы бар жіңішке сыммен екі электрометрді жалғайық. Сонда біз зарядтың теңдей екіге бөлінгенін көре аламыз. Атом құрылысы 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд басқарған тәжiрибелер нәтижесiнде ашылған.

Электрон заряды терiс: qэл = - е = - 1, 6 · 10-19 Кл.

Slide 12

Электронды оқулыққа назар аударайық

Slide 13

Бұл заряд электронның ерекше сипаттамасы болып

табылады. Жәй денелердi зарядтауға немесе разрядтауға

болады, ал электронды зарядынан “айыру” мүмкiн емес.

Сондай-ақ электрон зарядын азайтуға немесе көбейтуге

болмайды. Электрон заряды барлық уақытта тек бiр мәнге ие. Химия курсынан сiздер электронның атом құрамына кiретiнiн бiлесiздер. Электрондар атом ішінде орналасқан оң зарядталған атомдық ядроны айнала қозғалады. Резерфорд атомының құрылысын Күн жүйесiне ұқсатты. Күн жүйесiндегi планеталар

оған тартылып айналғаны сияқты, электрондар да ядроға

тартылып оны айнала қозғалады. Осындай ұқсастығы үшiн Резерфорд ұсынған модельдi (11-сурет) планетарлық модель деп атаған

Slide 14

Ядро мен электронның ара қашықтығы олардың

өлшемдерiне қарағанда өте үлкен. Егер атомды ойша

үлкейткенде ядроның диаметрi он теңгелiктей болса, онда

ядро мен электрон ара қашықтығы шамамен бiр

километрдей болар едi. Егер барлық электрондар

атомдық ядроларға тығыз жабып орналасса, онда ересек

адамның денесiнiң көлемi бiр куб миллиметрдiң миллионнан

бiр бөлiгiндей болатындығы есептелген! Бұдан адам денесiнiң 99%-iн (кез-келген дененiң) бостық жайлайтындығын көремiз.

Бiр тектi атомдар жиынтығы химиялық элемент деп аталады. Әр түрлi химиялық элементтердiң атомдары бiр-бiрiнен ядроларының зарядымен және сол ядроны айнала қозғалатын электрондар санымен ерекшеленедi. Мысалы, сутегi атомында жалғыз электрон бар, оттегi атомында - сегiз электрон,

ал уран атомында - тоқсан екi. Атомдағы электрондар саны

элементтiң Д. И. Менделеев кестесіндегі реттiк

нөмiрiмен сәйкес келедi. Осы нөмiр атом ядросының

зарядын да анықтайды.

Slide 15

Белгiлеу енгiзейiк: Z - элементтiң реттiк нөмiрi

е = атомдағы электрондар саны. Онда атом ядросының

және атомдағы барлық электрондардың жалпы заряды

үшiн былай жазуға болады: qядро = + Ze, qэл-н = - Ze.

Атомдағы электрондардың жалпы зарядын, атом

ядросының зарядына қоссақ нөл шығады. Бұл атомның

толықтай бейтарап екендiгiн көрсетедi. Бейтарап атомдардан тұратын заттардың молекулалары да бейтарап болады. Кейбiр жағдайларда (мысалы, соқтығысқанда) атомдар бiрнеше электронын жоғалтуы мүмкiн. Атомдар электрондармен бiрге өздерiнiң терiс зарядының бiр бөлiгiн жоғалтып, бейтарап емес жүйеге айналады. Осының салдарынан пайда болған оң зарядталған атомды оң ион деп атайды. Керi жағдайлар да болуы мүмкiн: бейтарап атом өзiне артық электрон қосып алып, терiс зарядталады. Мұндай атомды терiс ион деп атайды.

Slide 16

* Жәй көзге көрінбейді,

қозғалуға ерінбейді. Ол не?

*Теректегі алма қай кезде гүлдейді?

*Көк шарфты суға салса не болады?

*Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсек егер де.

Басқа күйге ауысқан,


Ұқсас жұмыстар
Атомдар құрылысы
Атомның құрамы мен құрылысы
Изотоп жылу мөлшерінің көп мөлшері
АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ КВАНТ - МЕХАНИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Сутек атомында
Атом - күрделі бөлшек
Комплексті қосылыстардың құрылысы
Комплексті қосылыстардың жіктелуі
Атом-молекулалық ілімнің негізгі заңдары
МЕТАЛДАР БЕЙМЕТАЛДАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz