Абай ескерткіштері



Қазақтың бас ақыны


Абай ескерткіштері




Сұрақтар:
Абайдың мұражайы қай жерде?
Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
Абайдың неше қара сөздері бар және қай жылы жазды?
Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы?
Абайдың жеті атасын атаңыз.
Абайдың үш поэмасы.
Абайдың атақты ертекшісі.

Сұрақтар:
Абай кімнің өлеңдерін аударды?
Абайдың руы.
Абайдың қандай әндері бар?
Абайдың атақты әншісі.
“Медғат -Қасым” поэмасын қай баласы жазған?
Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған
өлеңі?
Құнанбай қайда мешіт салдырды?

Сұрақтар:
Абайдың әкесінің аты кім?
Абайдың неше әйелі, неше баласы болған?
Абайдың «Қараша, Желтоқсан сол бір-екі ай»атты
өлеңі кімге арналған?
Абайдың алғашқы өлеңдерін кімнің атынан шықты?
Абай ел билеу ісіне неше жастан бастап араласты?
Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған
жылы?
Абайдың орыс досы.

Абай лирикасындағы табиғат бейнесі

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларға ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін бекіту, табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін меңгерту, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
Ә) Тәрбиелік: оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерін әсемдік, әдемілік сипаттарын тануға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Жыл мезгілдері

Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.

Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырығынан айырылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраң қы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабыраңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

Қараша, желтоқсан сол бір-екі ай
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам жерімді жеп қойам деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонып илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап.
Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда о да азынап.
Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы.
Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,
Үйі жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
Бай ұлына кіре алмас тұра ұмтылып,
Бала шықса асынан үзіп- жұлып,
Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,
Үйген жүктің күн жағын орын қылып.

Асыл сөздердің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп
Қайратсыз ашу-тұл
Тұрлаусыз ғашық-тұл
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz