Қазақ халқының қолөнері
Презентация қосу
Шалқар қалалық Көркемсурет лицейі
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Қазақ халқының қолөнері
Дайындаған: Ж.Бөрібаева –сәндік қолданбалы
өнер, дизайн пәні мұғалімі
Шалқар қаласы
2012 жыл
Зерттеудің мақсаты:
• Қазақ халқының ұлттық қолөнерін қазіргі уақытта қарапайым болып көрінгенмен, қазіргі заман
талабына сай бейімділігін анықтау.
Зерттеу нысаны: Қазақ халқының қолөнер туындылары
Зерттеу кезеңдері:
-1-кезең. ұлттық қолөнер түрлері, олардың жасалу жолдары туралы көрем әдебиет, журналдар
беттерінен қолөнер туралы мағлұмат жинастыра отырып, түсінік беру.
2- кезең. Қазіргі қолөнер түрлерінің жаңартылған түрлерінің үлгілері. Тұрмыста қолданылатын халық
бағасын білетін құрақ көрме түрлеріне аса көңіл аудару.
Теориялық және практикалық маңыздылығы:
• Қазақтың ұлттық өнер түрлеріне орындалу жолдарына жеке талдау жасау.
• Қазақ өнерінің қадір-қасиеті білу.
• Құрақ көрпе нің алатын орны.
Тәжірибенің әдістемесі:
Көп таралған түрі құрақ көрпе жайында толығырақ зерттеу.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі:
• Қазіргі уақытты қазақтың ұлттық өнерінің жаңаланан түрлері.
• Құрақ көпенің маңызы және құрақ түрлерінің қолданылуы.
• Нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыру.
Жұмыс нәтижесі:
Бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы
қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты
зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуі.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауында:
«Біз өз мәдениетіміздің
құндылықтарын сақтай
отырып, байыппен алға
жылжи беретін боламыз»
Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
Қазақ қолөнері туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақ қолөнер түрлері
2. Құрақ көрпе түрлері мен олардың жасалу
жолдары
ІІІ. Қорытынды бөлім
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе бөлім
Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін,
қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады.
Ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі
тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді.
Қазақ «өнер алды-қызыл тіл» дейді. Дегенмен, сурет өнері осы тілден бұрын пайда болған тәрізді. Өйткені сонау
тас ғасырынан қалған таңбалы тастарда ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге
талпынған көрінеді.
Қазақтардың өнері дамыған сайын, тынысы кеңейіп, өнер түрлері Қазақстанның барлық жерлерінде түгелдей
өрістеді. Әр өңірдегі өнердің қалыптасып, дамуына көрші халықтардың ықплы зор. Ата-бабамыздың қолөнер
мұраларын жақсарту – қазіргі заман жастарының ісі, халықтың ертедегі істері жарасымды жалғасын тапса, өнер
дамыған үстіне дами береді.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері,
үлгілері болған. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша дамыған, бағалы әрі мол мұра. Оқушылар үшін
оның танымдық әрі тәрбиелік мәні зор. Сол себептен ықылым заманнан халықтың эстетикалық талғамын
қалыптастыруда игі әсер еткен осы мұрамен танысу, оны кәдеге жарата білу, жас ұрпақ үшін теориялық әрі
практикалық жағынан өте тиімді.
Халық өнерін білу жалпы өнердің әлеуметтік мәнін, оның қоғам өміріндегі алатын орнын түсінуге итермелейді.
Сәндік-қолданбалы өнерді білу адамның жалпы өнер жайлы, оның сипаты мен өзіндік көркем тілі туралы түсінігін
толықтырады.
Оқушылардың ұлттық өнер туралы түсінігін қалыптастырмай, басқа халықтың өнерін түсіндіру мүмкін емес.
Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшы
туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қолөнеріменде ұштасып жатыр.
Халықтың қолданбалы өнерінен үйренеріміз көп, ол әмбебап, өзіндік ерекше қасиетке ие өнер . Бұл қасиетті
қазақ өнерімен таныс емес шетелдіктер де бір қарағанда түсініп, бағалайды. Қазақтың халықтық қолөнерінде әрбір
қазақ қызы, әйелі өзінің тұрған үйін безендіре білген. Олардың шебер де қамқор қолынан киіз басу, кілем тоқу, құрақ
көрпе-төсек, қоржын мен ыдыс-аяқ қаптары, құрақ жастықтар және тағы басқа жасау келеді. Сәндік қолданбалы өнер
заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Сәндік
қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи немесе жасанды
заттар.
Зергерлік – өте ертеден келе жатырған өнер саласы. Әсіресе, оған қазақ халқы көп көңіл аударады.
Әртүрлі сәнді бұйымдар асыл тастардан жасалған қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық
мұра болып табылады.
Қолөнерінің басты бір саласы киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін
жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан
қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың ішіндегі ең көрнекті де
қымбаттысы – сәукеле. Сымбатты сәукеленің бағасы ХХ ғасырдың бас кезінде 1-2 мың сом күміс ақша
немесе жүз мың жылқының құнымен бағаланған. Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік.
Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де
болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді
әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі.
Ағаш ою- өрнегі адам өмірі үшін ағаштың маңызы өте зор.Әр адам әр түрлі мақсатта 300-400-ге
дейін ағашты қажет етеді екен. Мұның өзі орман емес пе ? Ағаш – адамның ежелгі жасыл досы, ата-
бабамның қолға алған алғаш қаруы да, отыны да.Әрине, одан бері ағаштың міндеті, қызметі кеміген жоқ,
жылдар өте одан әрі артты.Әсірсе, қазақ халқының тұрмысында ежелден бері ағаштан жасалатын үй
бұымдардың орны ерекше.
Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын қазақ қолданбалы
өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектеп және арнайы оқытылатын
лицейлердегі бейнелеу өнері пәнінен басталатыны белгілі.
Зергерлік бұйымдары
Металдан жасалған
Қазақ киімдерінің
бұйымдары мен
түрлері
құралдары
Ағаштан жасалған Шаруашылық
бұйымдары мен Қазақ халқының және тұрмыс
құралдары қол өнері құралдары
Жүннен жасалған
Көлік тұрмандары
мүліктер
Қазақ халқының қолөнер түрлері:
• Қазақ киімдерінің түрлері- 210
• Зергерлік бұйымдары- 93
• Металдан жасалған бұйымдары мен
құралдары- 31
• Ағаштан жасалған бұйымдары мен
құралдары-39
• Жүннен жасалған мүліктер-84
• Шаруашылық және тұрмыс құралдары- 67
• Көлік тұрмандары- 64
Зергерлік бұйымдары
Қазақ киімдерінің түрлері
Қазіргі заманғы киім үлгісі
Ағаштан жасалған бұйымдары мен құралдары
Металдан жасалған бұйымдары
Шаруашылық және тұрмыс құралдары
Көлік тұрмандары
Жүннен жасалған мүліктер
Ою өрнектер және түрлері
Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған
бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа
символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша, бұл жерде
ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың
түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі
көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып саналатын
балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол
отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық
«кіріс» пен «шығысты», «жағал» мен «қиысуды» белгілейді...
Құрақ құраудың мақсаты:
Құрақ көрпе
Асқан шеберлікпен матадан және мата қиындыларын әр түрлі пішіндерді қиюластырып
кәдеге жарату. Бір бұйым жасап шығару
Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған, қазақ қолөнерінің қарапайым да,
қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар
жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы, құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз
жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп,
адамның рухын асқақтатады.
Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ,
ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай
қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй
“тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық Құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені
арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Құрақ көрпе - Наурыздың жеті бояулы тұрпатын беретін, алуан өң үйлесімін, тұтастығын
білдіретін түркілердің ежелгі бұйымы. Әдетте, қазақтар бірнеше тойдан жиналған мата
жыртыстарын құрау арқылы алуан бояулы көрпені әлгі ежелгі принципті паш еткен.
Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан. Халқымыздың ұғымында
көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс - өсімдіктің,
көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі.
Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін
бедерлеп, артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.
Қорытынды
Құрақ көрпені балаға үйрету:
-құрақ көрпе ұғымын арқылы эстетикалық талғамдарын артады. Құрақ
құрау, оны тамашалау балаларды сұлулықпен сырласуға, оны бойына
сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді.
- қолданбалы және бейнелеу өнерінің мәнерлеу тілін меңгеру арқылы
қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастырады;
-оқушылардың ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімі мен елжандылығын
қалыптасады.
- қазақ халқының ұлттық қолөнері оқушылардың шығармашылық сезімдерін
көтеріп, ойлау мен танымдық қабілетін қалыптастырады.
-
Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-қылығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бейнелеу өнері оқулығы Айдарова З.
2. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы бас редакторы Р.Н.Нұрғалиев
3. Маргулан А.Х. Казахское декоративное прикладное искусство. –Алма-Ата:
Өнер, 1986. – 256 с.
4. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. — Алматы: Қазақстан, 1995. – 240б.
5. Ұ.М. Әбдіғаппарова « Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» Алматы «Өнер» 1999 ж
6. С. А. Жолдасбекова, Б.А.Симова «Сәндік қолданбалы өнерге үйрету бойынша
хрестоматия» Шымкент 1993ж
7. Ә.Ә.Усманов, М. Б. Сәрсенбаева «Педагогика» Алматы 2005 ж
8. Сапарұлы Б. Адалбақан: Ғылыми-көсемсөздік желілер. – Алматы: Өнер, 1992. –
384 б.
9. Әбдіғапбарова Ұ.М. Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою-өрнек өнерін
пайдалануға студенттерді даярлау. Канд. дисс. – Алматы. — 1998.
10. Козыбаев Е. Формирование эстетической культуры старшеклассников
средствами казахского фольклора. –Алматы, 1998.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz