Үшінші сұрақ


Slide 1

Бекен Манзура Кеңесқызы

Астана қаласындағы Армия генералы

С. Нұрмағамбетов атындағы Республикалық “Жас ұлан” мектебінің музыка пәнінің мұғалімі

Slide 2

«Ән-күйсіз

көңіл - күңгірт,

өмір - бұлдыр»

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

Музыкалық ойындар арқылы балалардың ұшқырлығын дамыту

Сабақтың түрі:

Ауызша сұрақ түрінде

Сабақтың типі:

Өткен сабақты қайталау

Сабақтың әдісі:

Интерактивті ойын

Сабақтың жабдығы:

Бесінші -алтыншы сынып музыка оқулығы, компьютер, экран, магнитофон, кассета, домбыра, баян, копозиторлар суреттері.

Slide 4

Сабақтың эпиграфы:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй!

Абай

Slide 5

1 Б Ә Й Г Е

Slide 6 Slide 7

Бірінші сұрағы: Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?

Жуабы:

домбыра, қобыз, қылқобыз, шертер, жетіген, сыбызғы, үскірік, ұран, тастауық, сазсырнай, шаңқобыз, дабыл, даңғыра, дауылпаз, мүйіз, тұяқтас, қоңырау, асатаяқ, шыңдауыл т. б.

Slide 8

Екінші сұрақ: Қазақ драма театрының іргетасы қай жылы қаланды, кімдер ат салысты?

Жауабы:

Қазақ драма театрының іргетасы 1925 жылы Орынбор қаласында қаланды, кейін Қызылордаға сосын Алматыға ауыстырылды. Ат салысқан әнші, музыкант, актерлер-Жұмат Шанин, Елубай Өмірзақов, Шерәлі Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қапан Бадыров, Құрманбек Жандарбековтар болды.

Slide 9

Үшінші сұрақ: Халық аспаптар оркестрі туралы не білісіңдер және оған кімдер жетекшілік етті?

Жауабы:

Халық аспаптар оркестрі 1934 Ахмет Жұбановтың басшылығымен құрылды. Бұл Оркестр қазіргі кезде Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрі деп аталады. Дерижері - А. Жайымов, алғашқы оркестр құрамында Дина Нұрпейсова, О. Қабиғожин, Лұқпан Мұхитов, Қ. Жантілеуов, Ж. Қаламбаев, Ы. Уәлиев, М. Жаппасбаев, Ж. Айпақов, С. Көшекбаев және т. б. дарындар қызмет етті.

Slide 10

Төртінші сұрақ: Оркестр дегеніміз не, түрлерін ата және қазақстан композиторлары оркестрге арнап қандай шығармалар жазды?

Жауабы:

Оркестр дегеніміз- аспаптардың қосылып ойнауының жиынтығы. Оркестрдің симфониялық, ұлт аспаптар, фольклорлық, үрмелі түрлері бар. Қазақстан композиторлары оркестрге арнап 1940 жылдан бастап мынандай шығармалар жазды: А. Жұбанов - «Абай», Е. Брусиловский- «Сарыарқа», М. Төлебаев - «Той», Н. Тілендиев -«Ата толғауы», К. Күмісбеков-«Фараби сазы» және т. б.

Slide 11

Бесінші сұрақ: Опера мен ария дегеніміз не?

Жауабы:

Опера дегеніміз -театр сахынасында қойылатын музыкалық драмалық шығарма. Операның драматургиялық шешімі барлық музыкалық желілер, оркстр, хор, балет, әсіресе рөлдерді атқарушы әншілердің орындайтын жеке әндері арқылы айқындалады. Ария дегеніміз - операда оркестр сүймелдеуімен жалғыз әнші орындайды, көбінесе кейіпкер бейнесі сиптталады.

Slide 12

Алтыншы сұрақ: Қай қазақ әншісі Париж қаласында өнерін көрсетті және қай жылы?

Жауабы:

1927 жылы Әміре Қашаубаев Париж сахнасында домбырамен ән салып, екінші орынға ие болды. Ал бірінші орын ешкімге берілмеді.

Slide 13

Жетінші сұрақ: Қандай Қазақстан композиторларын білесіңдер, аттарын ата?

Жауабы:

Н. Тілендиев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди, М. Төлебаев, М. Ержанов, Ш. Қалдаяқов, Ә. Еспаев, Б. Байқадамов, және т. б.

Slide 14

Сегізінші сұрақ: Ахмет Жұбанов кім, қандай шығармасы бар?

Жауабы:

А. Жұбанов-академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» кітаптарының авторы. Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін құрушы, дерижер. Латиф Хамидимен бірігіп «Абай», «Төлген Тоқтар» операларын жазған.

Slide 15

Тоғызыншы сұрақ: «Ана туралы жыр» әнінің әні мен сөзін кім жазды?

Жауабы:

«Ана туралы жыр» әнінің әнін жазған Ш. Қалдаяқов, өлеңін жазған Ғ. Қайырбеков .

Slide 16

Оныншы сұрақ: Қандай динамикалақ белгілерді білесіңдер?

Жауабы:

Форте-қатты, Пиано-жәй, пианиссимо-өте жәй, фортиссимо-өте қатты, крещендо-біртіндеп қатты, деминуэндо- біртіндеп жәй.

Slide 17

Он бірінші сұрақ : Қазақстандағы алғашқы музыкалық оқу орны қашан және қай қалада ашылды, және кімдер жетекшілік етті?

Жауабы:

Қазақстандағы алғашқы музыкалық техникум 1932 жылы А. Жұбановтың басшылығымен Алматы қаласында ашылды. Онда жетекшілік еткен А. Жұбанов. Е. Брусиловский, Б. Ерзакович, А. Затаевич, И. Коцык, Д. Мацуцин және т. б. сабақ беруге шақырылды

Slide 18

Он екінші сұрақ: Дәстүрлі әнші, ақын және күйші-композиторлардың атын ата!

Жауабы:

Дәстүрлі әнші, ақын және күйші-композиторлар: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Мәди, Мұхит, Естай, Ыбырай, Абай, Боғда, Абыл, Сүгір, Дайрабай, Жантөре Есжан, Сарымалай, Ықылыс және т. б.

Slide 19

Он үшінші сұрақ: Музыкалық екпін дегеніміз не және музыкалық екпіндердің атын ата ?

Жауабы:

Әрбір музыкалық шығарманың өзіне лайық жылдамдығын екпін дейміз. Екпіндер: жәй, орташа, жылдам, ұстамды, марш, асықпай, мұңды және т. б.

Slide 20

Он төртінші сұрақ: «Қыз-жібек» к-фильміне қай композитор қандай күйін жазды?

Жауабы:

«Қыз-жібек»к-фильміне

Н. Тілендиев «Аққу» күйін жазды.

Slide 21

Он бесінші сұрақ: Хор дегеніміз не, қандай түрлері бар, дауыс диапазондарын ата?

Жауабы:

Хор дегеніміз-көп дауысты вокалды музыка. Түрлері: аралас хор, әйелдер хоры, ерлер хоры, академиялық хорлар, балалар хоры. Дауыс диапазондары: әйелдердің жоғарғы дауысы-сапрано, төменгі дауысы- альт, ерлердің жоғарғы дауысы -тенор, төменгі дауысы - бас.

Slide 22

Ал, енді әділ-қазылар алқасы,

Бәйге сайысының жауаптарына

қойған бағасын айтсаңыздар!

Slide 23

2 К Ө К П А Р

Slide 24

Өнерлеріңді

ортаға

салайық

Slide 25

3 Ж О Р Ғ А

Slide 26

Енді экранға назар аударамыз. Әр топқа тест сұрақтары беріледі. Топ болып ойланып бір ұлан жауап береді. Неғұрлым көп жауап берген ұлан сабақ соңында өз бағасын алады. Мұндағы бір сұрақта жасырын ұпай бар. Сол нөмірді таңдаған топқа жауапсыз 10 ұпай қосылады. Ал, балалар, іске сәт!

Slide 27 Slide 28

1. Брусиловский қандай опера жазды?

Жауабы:«Қыз Жібек»

«Біржан-Сара»

«Қыз Жібек»

«Абай»

«Қамар сұлу»

Slide 29

2. Сіз 10 ұпай ұттыңыз! Құттықтаймыз!

Slide 30

3. «Біржан-Сара» операсын кім жазды.

А. Жұбанов.

М. Төлебаев.

Е. Хасанғалиев.

Е. Брусиловский.

Жауабы: М. Төлебаев

Slide 31

4. «Кішкентай» күйін кім жазды.

Сүгір.

Абыл.

Дина.

Құрманғазы.

Жауабы: Құрманғазы

Slide 32

5. «Гәкку» әні кімдікі.

Жаяу Муса Байжанұлы.

Мәди Бапиұлы.

Сегіз сері Мұхаммедханафия.

Ыбырай Сандыбайұлы.

Жауабы: Ыбырай

Slide 33

6. Сіз 10 ұпай ұттыңыз! Құттықтаймыз!

Slide 34

7. Үрмелі аспаптардың атын ата.

1. Дабыл

2. Үскірік

3. Асатаяқ

4. Шертер

Жауабы: Үскірік

Slide 35

Жорға

сайысының бағасын естіртсек.

Slide 36

4 Д О Д А


Ұқсас жұмыстар
Power Point бағдарламасында жасалған тест тапсырмасы
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары
Жақты сөйлем
Жай сөйлем түрлері
Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі
Сұхбат алушы Жауап беруші
Психодиагностика әдістерінің топтастырылуы
Ж. Нәжімеденов Менің Қазақстаным, Бейбіт күн тілегі, Домбыра өлеңдер
ОРАЛ тауы
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модерациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz