Керқұла атты Кендебай ертегісі


Slide 1

Жангелдин орта мектебі

Қазақ әдебиеті

“Керқұла атты Кендебай” ертегісі

Пән мұғалімі: Бекенова И

Slide 2

Білімділігі:

ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету, Кендебай бойындағы адами қасиеттерді нақтылап ашу;

Дамытушылығы:

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жоспар құру дағдыларын, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тілі мәдениетін дамыту;

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік:

Кендебай мінезін ашу арқылы адамгершілікке, қамқор да мейірімді, адал да қарапайым болуға, айналасындағы адамдарға қол ұшын бере білуге тәрбиелеу.

Slide 3

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, айтылым, тыңдалым, «болжау стратегиясы», Топтық жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау, Венн диаграммасы, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтиже: балалар ертегіден үлгі алады

Ақпарат құралдары: интерактивті тақта, слайд.

Қосымша көрінекіліктер: бүктемелі альбом, тірек сызбалар.

Slide 4

«Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды»

Эпиграф

Slide 5

Бағдарлау-мотивациялық кезең

-Балалар, ерлік ұғымын қалай түсінесіздер?

-Кендебай ең алдымен қандай адам?

-Ертегідегі Кендебай сынды батырдың адал серігі - Керқұла аты.

Кер - құла мен торының, құла - сары мен жиреннің аралас түсі.

Slide 6

Материалды түсіндіру кезеңі

Мазмұндау жоспары:

1. Кендебайдың дүниеге келуі.

2. Керқұланың тағдыры.

3. Кендебай мен жетім бала.

4. Кендебайдың аралға баруы.

5. Кендебайдың биені күзетуі.

6. Хан бұйрығы.

7. Кендебайдың бұйрықты орындауы.

8. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.

9. Баланың ата-анасымен қауышуы.

10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.

Әр бала әр тарауды мазмұндайды.

Slide 7

Алты айдың ішінде алты кез ат болды. (Кез - 71 см-ге таң ұзындық өлшемі) .

Ернім жалақ, басым таз болды. (Жалақ - ерінді жалай беруден жел қақты боп кеберсіген жара) .

Құндыз жүнді арғымақ құлын туады. (Құндыз - салмағы 10 кг-дай өзен-көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң) .

Зынданның аузы құлыптаулы. (Зындан - тұтқынға түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең ор, апан) .

Батпан - салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық бар.

Сөздікпен жұмыс. (ұжымдық жұмыс)

Slide 8

1-топ тапсырмасы: «Кейіпкерді таны».

Ертегінің образдар жүйесіне талдау жасау. (флипчартқа түсіру)

Кендебай

Керұқұла

Қазанғап

Slide 9

2-топ тапсырмасы:

«Керқұла атты Кендебай» Ұқсастықтары «Аяз би» ертегісі

ертегісі

1. Қиял-ғажайып ертегілерде

таңғажайып оқиғалар болады.

2. Іс-әрекет қиялға

құрылған.

3. Ғажайыптың арқасында,

ерліктің арқасында мұратына жетеді.

1. Шыншыл ертегіде ешқандай таңғажайып оқиға берілмейді.

2. Қарапайым өмірдегі шынайы

іс-әрекет.

3. Ақылының арқасында

мұратына жетеді

Ертегі - халық мұрасы

Slide 10

3-топ тапсырмасы:

Кендебайдың орнында болсаңдар, қойшы балаға қандай жақсылық етер едіңдер? (флипчартқа өз ойларын түсіріп дәлелдейді)

Slide 11

Кендебай бойындағы қасиеттер

жанашыр

шыдамды

ақылды

қайырымды

қамқор

кішіпейіл

Slide 12

Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып жазу қажет. (Ұжымдық жұмыс) .

Күндерде бір күн . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . әйелі босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. . . . . . . . . . . . . . -. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . қуанып, төбелері көкке жетіпті. Баласына . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті. . . . . . . . . . . . . күнде күліпті, . . . . . . . . . . . . . . күнде жүріпті. . . . . . . . . . . . . жылда алып жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұрыпты, күрескенін жыға беріпті. Шыңырау құдыққа құлаған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . жалғыз өзі тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті. Бара-бара құлан атыпты. Құралайды көзінен тигізген . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . болыпты. Арқар мен киікті, құлан мен маралды . . . . . . . . . . . . . - . . . . . . . . . . . . . . үйіп тастапты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . бойындағы жыртық үйлі кедейлер қарық болыпты да қалыпты.

Ақпарат-карточкалармен жұмыс

Slide 13

Рефлексия

Әр топ өз кейіпкерлеріне хат жазады.

(Кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін қолдап немесе ақыл-кеңес беріп, өз пікірлерін білдіреді)

Slide 14

Аты-жөні

Топ жетекшісі

Өзіндік баға

Мұғалімнің бағасы

Топпен жұмысты бағалау

Slide 15

Үйге тапсырма:

«Менің досымның басынан кешкендері»

тақырыбына ертегі өрбітіп жазу.


Ұқсас жұмыстар
Хайуанаттар ертегілері
Шығармашылық ұғымы жөнінде
Сейітжан сал
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Бейне жұмбақ
Білімді мыңды жығады
Сөз мерген
"XXI ғасыр көшбасшысы" ойыны
Құрығын ұрпағына қалдырған
Балаларға халықтың педогокика бағытында ұлттық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz