Малдың төлдері және жуан айтылатын сөздер


Slide 1

Cабақтың тақырыбы:

Малдың төлін сүюі (Жуан айтылатын сөздер)

Сабақтың мақсаты. Білімділігі:

Малдың төлін сүюі туралы жуан айтылатын

сөздер туралы түсінік беру.

Дамытушылығы:

Ойлау, есте сақтау, сауатты жазу, шығармашылық

қабілетттерін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Типі:

Жаңа материалды түсіндіру

Түрі. Интерактивті тақта.

Slide 2

Әдісі

Түсіндіру, сұрақ -жауап, ой қозғау стратегиясы,

Семантикалық карта, ізденушілік, ойыншықтар дүкені.

Көрнекілігі

Суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын сұрау.

“Бөрте лақ” өлеңді жатқа айту. “Ешкі” мәтінді

мазмұнын әңгімелеп айтқызу.

Slide 3

Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту

Үй жануарларының төлдері

Slide 4

39- жаттығу.

Өзіндік жұмыс.

1. Сөйлемді мәнерлеп оқыңдар.

Ауылдардың қойы бар,

Қойы бардың тоны бар.

2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар

қалай естіледі? Жуан ба, жіңішке ме?

Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: қозы, лақ, құлын, бұзау.

Slide 5

Көзге елестету:

Көктем мезгілі. Күн жылынды. Қар еріп, өзенде су ағып жатыр. Өзенннен өту үшін көпір орналасқан. Бір кезде екі лақ көпірдің

үстінде кездесті. Сен жол бер, жоқ сен жол бер деп ерегеседі. Сол кезде екеуі де суға құлап түсті.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

40 -жаттығу. Өлеңді оқыңдар.

Ешкі маған түбітін береді, -

Қолғап кидім.

Қой маған жүнін береді, -

Қалпақ кидім.

Slide 6

Лақ туралы

тақпақ

Ойыншықтар дүкені

Slide 7

Сиыр бізге не береді?

Ойыншықтар дүкені

Slide 8

Сиыр туралы тақпақ?

Ойыншықтар дүкені

Slide 9

Жылқы туралы өлең?

Ойыншықтар дүкені

Slide 10

Жылқының сүті қалай аталады?

Ойыншықтар дүкені

Slide 11

Түйенің сүті қалай аталады?

Ойыншықтар дүкені

Slide 12

Ой қозғау

Сендердің апаларың, аталарың, әкелерің, аналарың

қалай еркелетеді?

Мағынаны тану

Қой сүйеді баласын “қоңырым” деп,

“Ештеңені білмейтін момыным!” деп.

Сиыр сүйеді баласын “торпағым” деп,

“Қараңғыға баспаған қорқағым” деп.

Түйе сүйеді баласын “боташым!” деп,

“Жаудыраған көзіңнен, тоташым” деп.

Ешкі сүйеді баласын “лағым” деп,

“Тастан -тасқа секірген шұнағым” деп.

Жылқы сүйеді баласын “құлыным” деп,

“Тұлпар болып жүгірер жұрыным!” деп.

Сергіту сәті : (Қара жорға)

Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Шығармашылық жұмыс

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Slide 19

Пысықтау.

Оқулықпен жұмыс.

Семантикалық карта

Қоңырым

момыным

Торпағым

қорқағым

Боташым

тоташым

Лағым

шұнағым

Құлыным

жұрыным

Түйе

Жылқы

Сиыр

Қой

Ешкі

Slide 20

Үй тапсырмасы

“Малды құрметтеу” тыйым сөздер.

Оқушыларды мадақтап бағалау.

Қорытындылау.

“Төлдерді ата” ойыны

Ойынның мақсаты: балаларға үй жануарлары, олардың пайдасы туралы түсінік беру. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері.

Ойын шарты: мұғалім балаларға үй жануарларының суреттерін таратып береді. Суретті алған бала оның төлін және оны қалай шақыратынын айтып беруі тиіс. Мысалы: сиырдың суретін алған бала оның төлі бұзау, бұзауды “мө-мө” деп шақырады дейді. Ал ешкінің суретін алған бала оның төлі лақ, лақты “шөре -шөре” деп шақырады дейді. Дұрыс қателеспей атаған балалар жеңіске жетіп мадақталады.


Ұқсас жұмыстар
Жуан және жіңішке ішектің анатомиясы, гистологиясы және асқорытудағы қызметі
1-сынып II сабақ: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды меңгерту
Сөз қазынасы лингвистикалық ойыны: көпмағыналы сөздер, көнерген сөздер және тұрақты тіркестер
Ұрғашы малдың жыныстық қызметіне экологиялық, климаттық, алиментарлық факторлар мен аталық малдың ықпалы
Күрделі сөздер: анықтама, құрылымдық ерекшеліктері және жіктелуі
Оқшау сөздер: анықтамасы, түрлері және белгілері
Малдың өсуі мен онтогенезін зерттеу және реттеу
Оқшау сөздер: түрлері, белгілері және оқыту әдістері
6-сыныпқа арналған Қос сөздер мен қайталама қос сөздер тақырыбындағы ойын сабағы
Малдың дене тұрқысының индекстері мен өлшеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz