Тапқыр достар сайысы: қазақ мақал-мәтелдері арқылы ұлттық тәрбие мен гендерлік сипатты қалыптастыру әдістемесі


Slide 1

ТАНЫСТЫРУ

СӨЗ ТАПҚАНҒА

ОЙЛАН ТАП

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

КІМ ЖЫЛДАМ?

ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ

Мақсаты: оқушыларды халықтық педагогика негізінде қазақтың мақал-мәтелдері арқылы тәлім тәрбие бере отырып ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіре білу және тәрбиені бүгінгі күн талабымен байланыстыру.

ТАПҚЫР ДОСТАР

С А Й Ы С Ы

Slide 2

ТАНЫСТЫРУ

СӨЗ ТАПҚАНҒА

ОЙЛАН ТАП

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

КІМ ЖЫЛДАМ?

ТАНЫСТЫРУ

Сәлем берем жалпыңа,

Сәлем берем халқыма,

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына

Slide 3

ТАНЫСТЫРУ

СӨЗ ТАПҚАНҒА

ОЙЛАН ТАП

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

КІМ ЖЫЛДАМ?

1-тапсырма

2-тапсырма

Бұл кезеңде екі топқа 1 тапсырмадан беріледі.

Сайыстың шарты адасқан сөздерді өз орнына қойып, мақал-мәтел құрастырып мағынасын ашу. Тапсырма конвертке салынып топтарға үлестіріледі. Дұрыс тапқан топқа 10 ұпай беріледі.

СӨЗ ТАПҚАНҒА

Slide 4

Төр, әйел жақсы, еркек, көр, бас, жаман, сүйрейді.

«Жаман әйел жақсы еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді,

Жақсы әйел жаман еркектің көрдегі басын төрге сүйрейді» - деуінің өзінде үлкен астар жатыр. Себебі «төр» - қазақ халқының санасында аса жоғары, құрметті орын. Ал «көр» - өмірден қайтқанда адамды жерлейтін орын. Демек әйел затының қоғамдағы рөлінің жоғары болғаны, себебі ер адам екі халық дүниетанымында да ел басшысы, отбасының қамқоршысы, асыраушысы бейнесіне баланады. Ал әйел ер адамның өмірлік жолында оған күш-жігер, қайрат беріп отыратын ерекше бір қасиетке ие адам - отбасы ұйтқысы, жарының жартысы, бала тәрбиелеуші.

Жауабы

Slide 5

Әйел, жәрмеңке, үш, базар, екі

Жауабы

«Екі әйел базар, үш әйел жәрмеңке» - екі әйел қосылса базар дегені олар қосылып бір ауылдың өсек-аяңын, әңгімесін айтады, ал үш әйел қосылса жәрмеңке деп отырғаны олар үшеу болғанда бір ауыл емес бір аудан, аймақтың өсегін, әңгімесін сөз ететіні меңзеліп отыр. Жәрмеңке үлкен аймақта сауда-саттық жүретін жер. Ол жерге өз тауарын өткізу мақсатымен елдің әр жерінен саудагерлер келеді. Қызу әңгіме, сөз, өсек-аяң сол жерде болады.

Slide 6

ТАНЫСТЫРУ

СӨЗ ТАПҚАНҒА

ОЙЛАН ТАП

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

КІМ ЖЫЛДАМ?

1-тапсырма

2-тапсырма

Сайыстың бұл кезеңінде әр топқа үш суреттен слайдта көрсетіледі, осы суреттегі бейнелердің сипатына қарай мақал-мәтел құрастыруы шарт. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.

ОЙЛАН ТАП

Slide 7

Келесі

Slide 8

Келесі

Slide 9

ТАНЫСТЫРУ

СӨЗ ТАПҚАНҒА

ОЙЛАН ТАП

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

КІМ ЖЫЛДАМ?

5

10

15

5

10

15

Слайдта ұпай (5, 10, 15 сандары) бойынша нөмірленген 6 ұяшық орналасады. Әрбір ұяшықта ұпайларға сәйкес тапсырмалар бар. Слайдтағы нөмірленген ұпай сандарын таңдау арқылы оқушылар тапсырманы дұрыс тапса сол ұпайды иелененеді.

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

Slide 10

Жауабы

Тірек сөздер:

жігіт

қыз

Инабатты болса әйел көрікті,

Өнегелі болса . . . көрікті

бала

Slide 11

Жауабы

Еркекке жүрек керек

. . .

Әйелге тірек керек

Slide 12

Көшеде екі әкесі, екі баласы, бір атасы мен немересі кетіп бара жатыр. Көшеде қанша адам жүр?

Slide 13

Тірек сөздер:

қолына

басына

Ас таңдасаң . . . қара,

Қыз таңдасаң анасына қара

аяғына

Жауабы

Slide 14

Жауабы

Жақсы әйел үй дәулеті

. . .

Жақсы шапан той дәулеті

Slide 15

Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кім болғаны?

Slide 16

ТАНЫСТЫРУ

СӨЗ ТАПҚАНҒА

ОЙЛАН ТАП

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

КІМ ЖЫЛДАМ?

Бұл кезеңде әр топқа 3 тапсырма беріледі. Сайыскерлер параққа жазылған сөздерді жұмбақтап көрермендерге жеткізу керек. Ал көрермендер сол сөзді тауып мақал-мәтел айтуы шарт. Қанша мақал-мәтел айтылса сонша ұпай жазылады. Әр мақал-мәтелге 10 ұпай беріледі.

КІМ ЖЫЛДАМ?

Slide 17

Бүгінгі «Тапқыр достар»

сайысының қонақтары болғандарыңызға

мыңда бір алғыс!


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие сағаты: Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы және Тапқыр достар сайысы
Қазақ тілі мен әдебиеті: Тапқыр достар интеллектуалды ойынының сабақ жоспары
Тапқыр достар: жұмбақтар мен логикалық тапсырмалар
Тапқыр достар білім-танымдық сайысының бағдарламасы
Мың бір мақал: 5-сыныпта мақал-мәтелдерді оқыту арқылы ұлттық тәрбие мен әдеби талдау
Тапқыр достар: физикадан интеллектуалдық шоу бағдарламасы
Қазақ мақал-мәтелдері, жұмбақтары және өтірік өлеңдері: тарихы, құрылымы және тәрбиелік рөлі
Тапқыр достар: информатика пәні бойынша сұрақтар мен логикалық тапсырмалар
Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие: теориясы мен әдістемесі
Тапқыр достар: физика пәнінен мектептік интеллектуалдық шоу-сайыстың сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz