Үйкеліс күшінің формуласы



Пән мұғалімі: Игиликова Г. Е
Физика сабағына қош келдіңіздер!


Сабақтың тақырыбы:
Техникадағы үйкеліс әрекетін ескеру.
Үйкеліс күші.

а) табиғаттағы түрлі күштердің бірі болып табылатын- үйкеліс күшінің пайда болуының физикалық табиғатын түсіну. ә) техникадағы үйкеліс әрекетін ескере отырып, осы күшті көбейту және азайтудың қажеттіліктері, үйкеліс күшін есептеуді үйрену.
мақсаты:

Сабақтың жоспары:
1) Әртүрлі мысалдар арқылы үйкелістің табиғатын енгізу.
2) Үйкеліс күшінің анықтамасын тұжырымдау.
3) Үйкелістің түрлері және оларға мысалдар.
4) Үйкелістің пайда болу себептері.
5) Үйкелісті азайту және арттыру жағжайлары.
6) Жанасатын беттердің өңделу сапасының үйкеліске әсері.
7) Үйкелісті сандық жағынан сипаттау.
8) Тәжірибелік дәлелдемесі.
9) Нормаль қысым күшін тұжырымдау.
10) Үйкеліс күшінің формуласы.

11) Үйкеліс коэффициенті туралы түсінік.
12) Кесте туралы қысқаша түсініктеме.
13) Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.
14) Есептер шешу.
15) Қортынды физикалық диктант.
16) Дидактикалық материал.
17) Қортынды, үйге тапсырма беру.

Үйкеліс табиғатына мысалдар:
Шананы мұзбен сүйреу құм бетімен сүйрегеннен жеңілдеу,
а) тетік-бөлшектері майланбаған велосипедті тебу қиын,
ә) жиһаздарды еден бетімен жылжыту қиынға түседі,
б) жол бойымен келе жатқан көлік қозғалтқышын өшіргеннен кейін тоқтайды.


Бір дене екінші дене бетімен қозғалған кезде, қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болады екен.
Тәжірибелер мен мысалдардан шығатыны:
Бір дене екінші дене бетімен қозғалған кезде,
қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болады екен.
Тәжірибелер мен мысалдардан шығатыны:

Анықтама: Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш - үйкеліс күші деп аталады.


Шаңғышының қар бетінде сырғанауы(сырғанау үйкелісі)
Доңғалақтардың айналуы домалау үйкелісі
Тас-таудың беткейінде жатыр(егер дене бір-біріне қатысты тыныштық қалпын сақтаса ) тыныштық үйкелісі.

Үйкелістің пайда болу себептерінің біріне жатады:
Жанасатын беттердің
кедір-бұдыр болуы.
Мысалы: сансыз төмпешіктер сырғанауға кедергі туғызады.

Үйкелісті азайту үшін -беттерді жылтыр етіп өңдеу керек, Үйкелісті азайту үшін -үйкелетін беттерді майлау керек, Үйкелісті азайту үшін - сабын көпіршіктерін пайдалануға болады. Судан аулай салысымен, балықтардықолда ұстау қиындау себебі, сыртқы қабатында үйкелісі аз болғандықтан.

Үйкелетін материалдарды таңдау арқылы да үйкелісті реттеуге болады:
Резеңкенің -топырақ, ағаш, асфальт беттерімен ілінісуін болдырмау үшін үйкелісті азайту шараларын қарастырады.

Үйкелісті арттыру үшін- резеңке пайдаланамыз (бөлшектерді резеңкеден жасау, етігіміздің табанына резеңке жапсыру) Қыста мұз бетінде үйкелісті арттыру шараларын жасайды(жолдарға құм, тұз себу)

Сонымен, үйкеліс-жанасатын беттердің материалына, беттердің өңделу сапасына, бір беттің екінші бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.

Үйкеліс көп те, аз да болуы мүмкін - сондықтан, оны сандық жағынан сипаттауғаболады. Тәжірибемен түсінейік: Бұл жағдайда үйкеліс күші мен тарту күші бір-біріне тең болады, бірқалыпты қозғалады.

Тәжірибеден мынадай қортынды шығады: Динамометрдің көрсететін тарту күші-үйкеліс күшінің сан шамасын анықтайды. Үйкеліс күшін өзгерту үшін-білеуге жүк қойып, тақтайға түсіретін күшті өзгерту арқылы үйкеліс күшінің де шамасын арттыруға болады.

Анықтама: дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін -нормаль қысым күші деп атайды. Дене горизонталь бетте жатқанда нормаль күші -ауырлық күшіне тең болады. Ғүйкеліс-тура пропорционал нормаль күшіне. (µ-үйкеліс коэфф. )

Формуласы :
Fүйк=µN [H]

Қортындысында: Үйкеліс күші қысым күшіне пропорционал болады екен. µ -үйкеліс коэффициенті жанасатын беттердің күйіне, материалына, тегіне байланысты өңделу сапасына да байланысты болады.
F~N

Әртүрлі материалдар жұбы және сырғанау коэффициентінің мәндері 216-беттегі 4-ші кестеде көсетілген, бізге кейбір мысалдарға қажет кезінде осы сан мәндерден пайдалансақ болады.

Техникадағы үйкелісті ескеру: Үйкелістің пайдасы да, зияны да бар. Сондықтан біз қажет болса арттырамыз, кейде қажет жағдайымызға азайта да аламыз. Қыста аяғымыз таймауы үшін үйкелісті арттырамыз. Көлік доңғалағы мен жол арасындағы ілінісуді күшейту үшін жолдарға -бетон, асфальт, қиыршық тас төсейді.

Салыстыру: Үйкеліс коэффициенттері- Құрғақ асфальтта-0, 6; ал, ылғал асфальтта-0, 4 Құрғақ бетонда -0, 95; ал, ылғал бетонда -0, 85 Қара жолда -0, 5(0, 3) ; ал, құм төселген жолда-0, 7(0, 5) Мұздақ жолда -0, 15 -ке тең

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz