Тәуелсіздік шаһарына саяхат




Презентация қосу
Ашық сабақ

Тақырыбы:
Тәуелсіздік
шаһарына
саяхат”

4 сынып Теректі ауданы
Талпын ЖББОМ
4 сынып
бастауыш сынып мұғалімі
Кадыралиева Самиға Ақеділқызы
Мақсаты:Жазбаша көбейту және бөлу
тәсілдерін қорытындылау ,
бекіту,есептерді әртүрлі тәсілмен
шағару,есептеу дағдыларын
жетілдіру.Оқушылардың сабаққа
деген қызығушылықтарын арттыру.
Ұқыптылыққа,ой шапшаңдығына,
қазақстан қалаларына деген
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар қазір бізде математика сабағы.Біздің
бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп
отыр екен,олай болса дана халқымыз «Сөз
анасы-сәлем» дегендей келген қонақтармен
сәлемдесейік.
(оқушылар хормен сәлемдеседі)
Жаңа сабақ:
-Балалар биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 20
жылдығы.Осы 20 жыл ішінде Қазақстан мейлінше
дамып көркейді.Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз
осы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.
Тәуелсіз! Ерікті ел- Қазақстан,
Келді ақыры көп күттірген жыл алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
20 жылмен еңселі қазақстан!
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік
шаһарына саяхат»Балалар біз бүгін «Астана» қаласына
-Өте жақсы балалар міне біз билеттерді алдық енді
көзімізді жұмамыз,қане көзімізді ашайық.Көзді ашып
жұмғанша Астана шаһарына да келіп жеттік.Астана
қаласы күн санап өркендеп,көркейіп келе жатқан
қала.Онда биік аспанмен таласқан
үйлер,ғимараттар,түрлі демалыс
орындары,ескерткіштер бой түзеген.
- Балалар енді қаланың ішін аралау үшін біз автобусқа
отырамыз.Автобус жүргізушісі де бізге бір тапсырма
берген екен,қане соны орындап әрі қарай
саяхатымызды жалғастырайық.Кім шығар екен
тақтаға(бір оқушы тақтаға шығып оқулықтағы 2-
тапсырманы орындайды)
Дәптерлерімізді ашып,бүгінгі күннің жадын жазып
тақтадағы тапсырманы жазып алайық(тақтаға шыққан
оқушыларға тапсырма орындауына қарай
жұлдызша,төртбұрыш,үшбұрыш беріліп отырады)
Міне біз Астана қаласына көрік беріп тұрған Бәйтерек
монументіне келдік. Оның биіктігі 105 метр,салмағы
1000 тоннадан асады екен.
Астана қаласына келгеннен кейін балалар
елбасымыздың жұмыс орнын да көріп танысып
кетейік.Оған бару үшін мынадай тапсырмалар бар екен
соларды орындайық.Оқулықтағы 4- тапсырманың 1
және2 бағандарын тақтаға орындаймыз.Тақтаға кім
шығар екен?(екі оқушы тақтаға орындайды қалған
оқушылар орындарынан орындайды)
Міне балалармына үлкен ғимарат Астанадағы
президент үйі.Елбасымыз осы үлкен ғимаратта
отырып Қазақстанды басқарып отыр
екен.Ғимарат өте әдемі,айналасында зәулім
үйлер.
Балалар саяхатымызды әрі қарай Астана қаласындағы
жаңадан бой көтерген «Нұр Астана» мешітінде
жалғастырамыз.Онда да оңайлықпен
жетпейміз.Оқулықтағы 5-ші тапсырманы орындау
тапсырылыпты.Қане кім орындайды?
Тапсырманы дәптерлерімізге жазып алайық.Міне
балалар Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас
мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі
43 метр,одан өзге 25 кіші күмбезі бар,биіктігі 63 метрлік
төрт мұнарасы бар.Мұнда бір мезгілде 10 000 адам
намаз оқи алады екен.
Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер солай ма?
Астана қаласында сендер сияқты кішкентай
бүлдіршіндер үшін «Ертегілер әлемі»атты қалашық
орнатылған соны көргілерің келе ме?.Ол үшін мына 6-
тапсырманы орындауымыз керек.(бір оқушы тақтаға
орындайды)
Міне мынау ертегілер қалашығы.Мында Қаңбақ
шал,Мақта қыз,Күнекей қыз,Қожанасыр,Алдаркөсе
мүсіндері бар.Осылардың ішінен біз кімдерді білеміз?
(оқушылардың ойлары тыңдалады)
Балалар Астана қаласына сән беріп тұрған тағы бір ерекше көруге
болатын жер бар екен,сол жерге барғыларың келе ме?Олай болса
мына оқулықтағы 8-тапсырманы орындайық.(екі оқушы тақтаға
орындайды,қалған оқушылар орындарынан орындайды)
Міне балалар мынау Астана қаласындағы әуенді су
бұрқақ.Бұндағы бір ерекше нәрсе су аспанға атқылағанда түрлі
әуендер ойналады.Бұл су бұрқақ қалаға ерекше сән беріп
тұр.Оның айналасына адамдар демалуға келеді екен.
Қорытынды:
Балалар міне біздің саяхатқа берілген уақырымыз да аяқтала келді
олай болса қайтар жолымыздың билеттерін алып, тапсырмаларын
орындайық.
Өте жақсы көзімізді жұмамыз,көзімізді ашамыз.Міне өз
сыныбымызға көздіашып-жұмғанша қайта оралдық.Саяхат ұнады
ма?Енді балалар Астана қаласынан әкелген сыйлықтарымызды
қарап өз бағаларымызды алайық.(оқушылар бағаланады) Астана
қаласындағы қандай жерлер сендерге ұнады?Астана қаласы қалай
өзгерген екен,сендерге несімен ұнады?(оқушылардың пікірлері
тыңдалады.Міне біздің бүгінгі сабағымыз,саяхатымыз аяқталды
,үзіліске шығуға болады.

Ұқсас жұмыстар
Еуразия және Солтүстік Америка материктеріне салыстырмалы сипаттама
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Математика- ақыл,ойды ретке келтіретін ғылым
Белсенді және белсенді емес туризм
Әрбір сабақ
Кеңес Одағы жылдары қала атауы
Қазақстандағы экскурсиялық істің дамуы мен қалыптасуы
Алакөл туралы
Сабақтың жүрісі
Қала қорғанысы
Пәндер