Қазақ халқының материалдық мәдениеті


Slide 1

Қарағанды қаласы. №53 мектеп-лицей

Қазақ халқының материалдық мәдениеті.

Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер, сыныбы: 5

Пән мұғалімі: Калекина Бакытгуль Аманжоловна

Slide 2

Сұрақтар:

Дін дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам баласы алғашқыда неге табынған?

Қандай деректердің көмегі арқылы біз жерленген адамдардың нанымдарын анықтай аламыз?

Адам баласы табиғаттан тыс дүниені не деп атаған?

Құдайды адамдар қалай елестеткен? Оларды неден жасаған?

Ежелгі түркілердің негізгі нанымы не болған? Тәңір дегеніміз олардың ұғымында қалай аталды?

Б. з ҮІ ғ Қазақстан жерінде мекендеген түркі тілдес халықтардың арасында қандай діндер тарады? Будда, ислам діндері қай елдерден келді?

Қазақстан жерінен Азия елдеріне таралған діннің бірі:

Заратуштралық ілімді қола дәуірінде қай тайпалар қолданған? Ал дәл сол кезде арилермен бірге Орта Азия жерін мекендеген қай тайпалар осы ілімге қарсы шықты?

“Зайырлы” дегенді қалай түсінесіңдер?

Slide 3

Әлемдік беделге ие болған діндер:

Діндердің атауы

Негізін салушы

Қасиетті кітабы

Slide 4

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік:

Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылықтары екеніне көз жеткізу.

Б) дамытушылық:

Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу, қазақ халқының материаладық мәдениеті мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту, өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.

С) тәрбиелік:

Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру

Slide 5

Мұражайға хош келдіңіздер!

Қазақ халхының

баспанасы

Ұлттық

қолөнері

Қазақ халқының

ұлттық киімдері

кіру

шығу

Сабақтың ұраны:

“Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі,

Өткендерін ескерген -өскендіктің белігісі”

Slide 6

. «Қазақ халқының баспанасы» бөліміне хош келдіңіздер!

Slide 7

Алғашқы баспаналар

Slide 8 Slide 9

Киіз үй

Киіз үй көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді.

Киіз үйдің негізгі қаңқасын - киіз үйдің сүйегі деп атайды.

Slide 10

Кереге - киіз үйдің қабырғалары. Керегенің көктеліп

біткен әр бөлігін қанат деп атайды.

Қанат саны үй көлеміне қарй көбейе берді.

Slide 11

Шаңырақ - киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез.

Slide 12

Сықырлауық (жарма есік)

- кереге шеңберін тұйықтап, кіріп-шығу қызметін атқарады.

Slide 13

Уық - кереге басы мен шаңырақты бекітетін ағаш.

Slide 14

Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды.

Slide 15

Керегеден кейін бақанның көмегімен

шаңырақты көтереді.

Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21

Киіз үйдің қандай түрлерін білесіңдер?

Түрлері

Slide 22

Киіз үйдің түрлері

Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.

Алтын орда - 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.

Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

Ақ шаңқан -18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер,

Ақ ала орда - сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.

Ақ үй- 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.

Боз үй, қоңыр үй -4-5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.

Қараша үй- кедей үйі

Отау -жас жұбайлар үйі.

Slide 23

Киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, шиден құрастырылады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениет пен өнердің білімпаз сарапшылары, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне үлкен баға беріп отырған.

Slide 24

Мұражайға хош келдіңіздер!

Қазақ халхының

баспанасы

Ұлттық

қолөнері

Қазақ халқының

ұлттық киімдері

кіру

шығу

Сабақтың ұраны:

“Өткендерін жек көрген-өшкендіктің белгісі,

Өткендерін ескерген -өскендіктің белігісі”

Slide 25

“Қазақ халқының ұлттық киімдері” бөліміне хош келдіңіздер!

Қазақ халқының

ұлттық киімдерінің

түрі де, үлгісі де,

еш халықтан кем

болған жоқ.

Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық

мұражайларымен көрмелерінен

орын алған.

Slide 26

“Орнын тап!”

Ер адамның киімдері

Қыз баланың киімдері

Әйел адамның киімдері

Slide 27

Жаңа сөздермен жұмыс

Күлпара - жел, су, суық өткізбес үшін басқа жамылатын киімнің түрі


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану
Рухани мәдениеті
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ
Дәстүрлі қазақ мәдениеті
Материалдық мәдениет
Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері
Қазақ халқының мәдениеті
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
Қазақ халқының рухани мәдениеті
Материалдық мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz