Растрлық кескін
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы
Ашық сабақ
Компьютерлік графика
8 сынып
Сабақтың мақсаты
Графикалық ақпараттарды өңдеу технологиясын оқушыларға
меңгерту. Оқушыларды компьютерлік графика түрімен және оның
классификациясымен, компьютерде кескіндеу жолдарымен танысады.
Графикалық файлдарды өңдеудің шешілу жолдарын табады.
Оқушылар жаңа ұғымдарды тез қабылдауға, әсемдікке, ұқыптылыққа
тәрбиеленеді.
Әдіс –тәсілдер: Ішіне-сыртына, негізгі идеяны суреттеу
стратегиялары.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: «Сын тұрғысынан ойлау» жобасы бойынша
Көрнекі құралдар: Слайд-фильм, оқулық, үлестірме тапсырмалар.
Техникалық құрылғы: Проектор, экран, компьютер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі күн.
1. Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Журнал
толтыру.
2. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерін, барысын айтып өту.
І. Қызығушылықты ояту:
Ішіне сыртына стратегияны пайдалану
Калькулятор, Файлдық, информатика, мұрағаттау, принтер,
желілік қоршау, жүктейтін, амалдық жүйе, макровирустар,
бумалар, архив, компьютерлік вирус, декетор, полифагтар,
бірпайдаланушы, ревизорлар, архиватор, сығу, архивтеу
Ішіне Сыртына
ІІ. Мағынаны ажырату:
Негізгі идеяны суреттеу
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді,
сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды
қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Компьютерлік графика
Екі өлшемді графика Үш өлшемді графика
Растрлық графика Векторлық графика
Фракталдық графика
Растрлық графика
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан
тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе
пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады.
Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және
әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның
кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып
тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе
басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір
немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны.
Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде
– кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте
үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар
соғұрлым үлкен болады).
Векторлық графика
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты
геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор
дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын
жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы.
Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық
кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер
СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық
редакторларда жасалады.
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық
құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан
салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде,
дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен
қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді
пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика
құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Фракталды графика
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге
емес,программалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель),
ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық
графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып
табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін
тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
ІІІ. Ой толғаныс:
Сен білесің бе?
1. Растрлық кескіндердің базалық элементі ...
А) сызық
В) пиксель
С) графикалық қолданыстар
2. Векторлы кескіндердің базалық элементі ...
А) сызық
В) графикалық қолданыстар
С) пиксель
3. Фракталды кескін деп...
А) Дәл мозайка сияқты.
В) Математикалық есептеулерге негізделген
С) Бұл сызықтар мен нүктелер т.с.с
4. Пискель деген не?
А) Қара-ақ
В) Түрлі-түсті
С) Монитор экранындағы кескіннің минимал элементі
5. Қандай кескін үлкейтіп немесе кішірейткенде өзінің сапасын жоғалпайды:
А) Растрлық кескін
В) Векторлық кескін
С) Фрактальды
6. Растрлық кескінмен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар
А) Fotoshop, Paint
В) CorelDraw
С) AntiVirus
7. Растрлық кескін дегеніміз не?
А) геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескін
В) теңдік бойынша салынатын кескін
С) графикалық ақпараттың нүктелер жиыны мен пиксельдер түрінде ұсынылуы
8. Фракталдық графика дегеніміз не?
А) теңдік бойынша салынатын кескін
В) геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескін
С) графикалық ақпараттың нүктелер жиыны мен пиксельдер түрінде ұсынылуы
9. Векторлық кескін дегеніміз не?
А) геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескін
В) теңдік бойынша салынатын кескін
С) графикалық ақпараттың нүктелер жиыны мен пиксельдер түріндк ұсынылуы
10. Фракталдық графиканың базалық элементі не?
А) пиксель
В) математикалық формула
С)сызық
1. В
2. А
3. В
4. С 1 қате “5”
5. В
6. А
3 қате “4”
7. С 5 қате “3”
8. А
9. А
10.В
Практикум
Монитор экранының графикалық режімін тағайындаңыз.
1. Жіберу (Пуск) батырмасын басыңыз және негізгі менюден
Баптау→Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.
2. Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісіне екі
рет шертіңіз.
3. Пайда болған Қасиеттер: Экран диалогтік тақтада Баптау
қосымшасын таңдаңыз
4. Ашылған Түстік палитра (Цветовая палитра) тізімінің
көмегімен түс тереңдігін таңдаңыз.
5. Экран аймағы (Область экрана) сырғымасының көмегімен
экранның түсті ажырату мүмкіндігін таңдаңыз.
Түстік растрлық кескіндер RGB түстік модельге сәйкес
құрылады, оның негізгі (базалық) түстері болып Red (қызыл),
Green (жасыл) және Blue (көк) табылады. True Color (24 бит)
режімінде әр түс қолдануға ыңғайлы болу үшін он алтылық санау
жүйесінде жиі өрнектелетін 8-биттік екілік жүйедегі кодамен
беріледі. Бұл жағдайда RRGGBB жазба форматы пайдаланылады.
IV. Сабақты қорытындылау:
V. Үйге тапсырма:
л а рға
қ ушы -58
О
1 56
§6. Оқуға
.
бет
VI. Оқушы білімін бағалау
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz