Желтоқсан жастары



Ашық тәрбие сағаты
№ 107ортамектеп
10 “б”сынып жетекшісі: Қарақұлова Айсұлу Нұғыман қызы


"Тәуелсіздігі халқымның жарқырап
атқан алтын күн"
"Тәуелсіздігі халқымның жарқырап
атқан алтын күн"
"Тәуелсіздігі халқымның жарқырап
атқан алтын күн"

Мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін
ұғындыра отырып, оқушыларды отансүйгіштікке,
елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың тәуелсіздік алғаннан кейінгі
Жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейте түсу.
Тәрбиелік: елінің байлығын қорғауға, болашақта
Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар
керек екендігін түсіндіру.

Тәуелсіздікке
20 жыл

Тәрбие жұмысының түрі: Танымдық шығармашылық
жұмыс
Тәрбие жұмысының әдісі: пікіралысу, талқылау
Сабақтың көрнекілігі: буклет, суреттер, тірек-сызба, әдеби
кітаптар

І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Топпен жұмыс: І топ “Ту “тобы, ІІ топ “Елтаңба” тобы, ІІІ топ “Әнұран” тобы
IV. Мақал-мәтел аяқтау
V. Астана, Тәуелсіздік, ел, Бәйтерек сөздерін пайдаланып өлең құрау
V І. “Отан” сөзіне тірек сөздер жазу.
VІІ. Сурет салу: 1-топ Тәуелсіздік монументін, 2-топ Бәйтерек, 3-топ Елтаңба
VІІІ. Қорытынды
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Қазақстан қандай мемлекет (топтастыру)
IV”Ой додасы” (пікірлерін айту, жобаларын қорғату)
Қазақстан кеше, бүгін, ертең
-Кеше ( өткен тарихқа шолу)
-Бүгін 1. Біз кімбіз (таңбалау) 2. “Елдің жастарға жасауы”
-Ертең: Болашақ біздің көзімізбен ( ой толғау, сурет, өлең, шығарма т. б)
Даналар деген екен . . . Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер мақал-мәтелдер
Түйін.

Желтоқсан. Алматы. Алаң
Осы үш ауыз сөзді естігенде жүрегі дір етпейтін қазақ жоқ шығар. Желтоқсан отты оқиға болды. 1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихында өзінің жаңғырығымен өшпес із қалдарған Республика Орталық Комитетінің 5-ші пленумы болды Небәрі
18 минутқа созылған осы пленумда республиканы ширек ғасыр басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Г. В. Колбин сайланды. Бұл қазақ халқының ұзақ жылдар бойы жинаған намысын қозғап кетті. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Жастарымыз алаңға “Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған” елміз. Әрбір ұлттың өз көсемі басқарсын, Тәуелсіздік керек, Қазақстан жасай берсін деп ұрандатып алаңғы шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Жан түршігерлік оқиға болды. Қазақ халқының мәңгі есінде қалары сөзсіз. Иә, желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі, сөз жоқ, желкілдеп өсіп, келе жатқан қаншама ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жас құрақтай жапырып, өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі
Тарихқа тоқталу

Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. . Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып,
тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесімен Қ. Р Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Топтастыру: Қазақстан қандай мемлекет
Қазақстан
қандай мемлекет?

Қазақстан
қандай мемлекет?
Зайырлы
Көпұлтты
Біртұтас
Демократиялы
Құқықты
Әлеуметті

ІІ . Миға шабуыл
Желтоқсан
жастары
Желтоқсан

І. Миға шабуыл

Ләззат Асанова Алтынқызы
Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы
Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген.
Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп,
Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне
өз талантымен оқуға түскен.
Ләззат Асанова Алтынқызы қазақ жастарының ішінде көтеріліске
белсене қатысқандардың бірі. Ол республика алаңына «Қазақтар!
Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!”
деген ұранымен шықты.

Ләззат бауырларымен
бірге
Ләззат 10 жаста
1980 жыл
Ләззат
12 жаста 1982 ж
Ләззат музыкалық училищенің
студенті болған кезінде 1986 жыл

Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа қойылған ескерткіш
Ләззаттың анасы Алтынай Асанова
Алматыдағы Республика алаңында
қызының рухына тағзым етуде.
17 желтоқсан. 2007

Қайрат Рұсқұлбеков
Қайрат небәрі 21 жыл ғұмыр кешті.
Ол батыр ғана емес, ақын да еді.
Ол түрмеде көз жұмды.

Балалық шағы
Әскердегі кезі
Қайраттың
студенттік шағы
Қайраттың отбасы

ІІІ. Ой додасы (ой пікірлерін тыңдау, жобаларын қорғату)
Қазақстан кеше,
бүгін,
ертең

-Біз кімбіз?
Елдің
жастарға жасауы

V. Болашақ біздің көзімізбен
(Ой толғау, сурет, өлең, шығарма т. б)

VI. Даналар деген екен. . . Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер мақал-мәтелдер
Тәубенің бәрі тәуелсіздік болсын.
Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі тәуелсіздік
Тәуелді ұлт бұл байлықтың бәрінен айырылып, бейшара болады.
3. Тәуелсіздік -азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші
Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы-қаһарман
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz