Жұп сандар



математика мұғалімі:
Кәсенова Мәриям Нұржанқызы
Математикадан «Қызықты сағат» ойыны

Математикалық ойынның мақсаты :
Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу . Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру .
Әр оқушының шығармашылық ізденімпаздығын ояту, ойлау қабілеттерін дамыту, әр оқушының шығармашылығын жетілдіру.
Оқушылардың жан-жақты білімдерін, математикалық тілдерін және біліктілігін дамыту.

Ойын ережесі:
Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады. Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек. Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды.
Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе-ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе-шегеріледі.
Аукцион-сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі, ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.
Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе, сол команда жауап беру керек.

1 тур

Әдебиеттегі
сандар
Ойлан, тап
Төртінші
артық
100
100
100
100
200
200
200
200
300
300
300
300
400
400
400
400
Математикалық
калейдоскоп
Бөлшектер
100
200
300
400

Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді?
бір

Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады?
28 жылдан кейін

Сиқырлы қап

Арыстан 1 қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады. Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді?
бір

Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мереке келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған?
13 жігіт

Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?
Парсы математигі аль-Хорезми (787 - 850 б. з. )

Кімді математика королі атаған?
Карл Гаусс

Үнділіктер оны «Сунья», ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз?
Ноль

Сиқырлы қап

Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Айырмасы 2-ге тең жай сандар, мысалы:5 пен7

Алым. Бөлім
Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?
Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады?

Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?
Аралас сан

Сиқырлы қап

Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір.
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады. Мысалы. 1/2

Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады?
Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.

Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар.
Апта күндері

Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше?
8 сағат

АУКЦИОН-сұрақ

Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды. Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?
18 жас

Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан. Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ. алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған?
3 кәмпит

Төртінші артығын тап: 37; 19; 27; 29.
27

Төртінші артығын тап: қосынды, айырма, бөлінгіш, көбейтінді.
бөлінгіш

АУКЦИОН-сұрақ

Төртінші артығын тап: 381; 555; 265; 117.
265

Төртінші артығын тап: радиус, центр, төбесі, диаметр.
төбесі

2 тур

Балалар
Қызықты
сұрақтар
100
100
100
200
200
200
300
300
300
400
400
400
Сандар
Логика
100
200
300
400

Үлкен ағасында 2кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар. Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?
5 кәмпит

Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар. Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды. Неше шәшке табақшасыз қалды?
4 шәшке

Сиқырлы қап

Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп, 5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті, бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды?
12 тарақан

Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді. Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады. Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды?
14 минут

Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді?
40км

Сиқырлы қап

7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар. Отбасында барлығы неше бала бар?
8 бала

Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды?
15 бөлік

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz