Айбергенов жыр - көшімен сырласу


Slide 1

Құйма жырдың киесіндей ақын немесе Айбергенов жыр-көшімен сырласу

Slide 2

Кештің мақсаты: қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтың өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Slide 3 Slide 4

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ . . . Бірақ . . .

Ешкімді де билетпей қайтармаймын!

Қыз қуатын жігітке ат беремін,

Жаным деген жүрекке от беремін.

Мен, әйтеуір, бар жиған-тергенімді

Бір тамаша той қылып өткеремін?!

Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,

Мен сөйтіп рахаттанып бір күлемін.

Кім білсін, талай түнгі тілегім ед,

Мәңгілік тарқамауы мүмкін оның.

* * *

Slide 5

Аты-жөні: Айбергенов Төлеген Туған жылы: 3 наурыз 1937 жыл Қайтыс болған жылы: 28 тамыз

1967 жылы, Нүкіс қ. Ата-жұрты - ақтөбелік, қонысы -

қоңыраттық (Қарақалпақ), тегі -

Жетіру табын. Жеті атадан жалғыз ұл. Үш әпкесі болған - Үміт, Мақпалша,

Балқия. Ақынның жары - Үрниса. Балалары: Салтанат, Махаббат, Дәурен,

Хұсни мен Қорлан. Туған жері: Қарақалпақстанның

Қоңырат ауданы, Қоңырат кеңшарында

дүниеге келген.

Slide 6

Сен менің мәңгілікке өлмес атым, Атымды ап алыс жылға жалғасатын. Әкеде өсиет бар өмір жайлы, Балада қасиет бар алға асатын. Төлеген Айбергенов

Slide 7

Сендер менің ұшар басым биіктеген, Жолдарыңа тапқанымды үйіп-төгем. Сендер менің дүрсілдеген жүрегімсің, Қай нәрсе сол жүректен сүйікті екен!

Slide 8

Салтанат Айбергенова ақынның қызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Slide 9

“Әкем жеті атадан бері жалғыз ұл. Үш әпкесі болды. Үлкенінің аты - Үміт, кейінгілерінің аттары - Мақпалша, Балқия. Әжем Жібек кезінде мықты жоқтаушы болған екен. Өмірдің өзі солай келтірген болуы керек, 16 жасында 48-дегі ұлы жоқ Өтепберген деген бай кісіге ұзатылады. Жиырма бір жасында ол кісіден жесір қалады. Туған-туыстары қалған малды жеті бөлікке бөледі де, бір бөлігі әжеме тиеді. Сол бөліктің ішінде бір келеде 30-40 түйеден үш келе түйе түйекешімен, бір үйір жылқы, үш-төрт отар қой мен ешкі болады. Әжем алтын, күмістен де біраз үлес алады. Одан кейін әжемізді Өтепбергеннің Өтеген деген інісі баласы Абдуллаға алып береді. Ол жерден күндесі күн көрсетпейді. “Жесірді қорлау үшін алмайды, егер әмеңгерлікпен алатын болсаңдар бәйбішелеріңмен келісіп алыңдар” деген ауыл ақсақалдарының сөзінен кейін Өтегеннің туыс інісі әйелімен келісіп әжемізді алады, одан Мақпалша мен Балқия туады. Түкті атамның бәйбішесімен Жібек әжем тату болады. Бірақ сол жылдары елге колхоздастыру кезеңі келіп қуғын-сүргін басталып кетеді де “Ашаршылықта бір ауыл елді егін салдырып, балық аулатып аман алып қалған екен” дегенді естіп Түкті атам аталас інісі Айбергенді іздеп шығады. Тағдырдың салғанымен Түкті атам Қарақалпақстанда қайтыс болады. Бір күні Айберген атам түс көреді, түсінде “Қасыңа келіп қонған күннің қалтасында алтын қанжар бар” дейді. Түсін Теңге деген жеңгесіне жорытқанда, ол “Сен Жібекті ал, мүмкін ол саған ұл туып берер” дейді. Солай Айберген атам әжемді алып, одан біздің әкеміз дүниеге келеді. Одан бұрын Айбергеннің бес ұлы, Үміт деген қызы болған. Бес ұлы да өмірден өткеннен кейін “сол бесеуінің орнын төледің” деп, атын “Төлеген” қояды. Әкемнің “Апаларым” деп отырғаны Түкті атамнан туған Мақпалша, Балқия, Айберген атамның қызы - Үміт. Ал ер баладан жалғыз болған. Әкеміз де Дәурен деген жалғыз ұл көрді, оның да Алмат деген жалғыз ұлы бар. Әкем анама “Егер сен Дәуренге сыңар ұл туатын болсаң, онда біздің тұқымдағы жалғыздық жоғалар еді. Атын Мәулен қойып, үлкен той жасар едім” дейтін көрінеді. Бірақ ол айтқаны болмай, Дәуреннен кейін егіз қыз туылды”.

Slide 10

Арманыңды ақтармын ба, жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ, құдірет деп түсінем, Сендік қуат мыі есе артық, жердің тарту күшінен.

Slide 11

Мен де ақынмын!

Ақынға таңсық емен,

Таңсық емен де әншіге мен!

Келіп тұрған алдыңа Айбергенов!

Ал мынау Қалдаяқов Шәмші деген!

Slide 12

Төлеген Айбергенов әріптестерімен бірге

Slide 13

З. Асабаев және Үрниса мен Төлеген

Slide 14

Өле берсін күншілдер күйігінде, Өз ғасырым өзімнің иінімде . . . Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты Мен өлемін өзімнің биігімде?!

Slide 15

Енді жоқ азаматым, аймаңдайлым, Жоқ болды құмға сіңген айрандайын. Асығыс ылғи жортып жүруші еді, Бетпақтан су іздеген жайраңдайын . . . М. Мақатаев

Slide 16

Ақындар лебізі

“Амал бар ма, біз, қазақ әдебиеті, екі-үш дарыннан ерте айрылдық. Олар - Абдолла, Баубек, Төлеген”.

Ғабит Мүсірепов

Slide 17

“ . . . Біз поэзиямыздың тағы бір алтын тұтқасын аштық. Аштық та, Төлеген дүниесін көрдік”.

Әбділдә Тәжібаев

Slide 18

“ . . . Ақынның асқақ жырын ғажайып ғұлама жырлардың шежірелі беттерінде сөйлеп тұрған сырға балап, осынау сыр жылдар парағы аударылғанда жабылып кетуі мүмкін екенін тыңнан тауып айту арқылы өлімнің өзін сылқым образға айналдырған Айбергенов өлеңдеріндегі су жаңа нұсқалықты эпитет көлегейлеп, көрсетпей тұрған жоқ, қайта айқындап, аша түсіп тұр”.

Қуандық Шаңғытбаев

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Төлеген Айбергенов өмірі мен шығармашылығы
Төлеген Айбергеновтің өмірі
Жан еді өлең үшін дара туған атты Төлеген Айбергенов туралы естеліктер кітабы
Исәділ Әлем әдебиеті
Қос бәйтерек достығы
Алғашқы функция және интеграл
Махамбет Өтемісұлы ( 1803 – 1846 ) туралы
Әлібек Қаңтарбаев шығармашылығына зерттеу
ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ГИМАЛАЙЫ
Комбинаторика мен Ньютон биномы және олардың ықтималдықта қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz