Қан ұйытатын факторлар




Презентация қосу
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: «Гемостаз»

Орындаған: Акимбаева А.
Тобы: ФКБ-01-18
Қабылдаған: Жакипбекова Ғ.С.

2018-2019 оқу жылы
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қан ұйытатын факторлар
2. Гемостаз түрлері
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Гемостаз (гр.haemo-қан, stasis-
тоқтау) деп қанның сұйық қалпын
және эндотелийдің бүтіндігін,
тамырдағы қан ағысының
сақталуын, сондай-ақ сыртына
шықпауын не ағып тұрған қанның
тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі
биохимиялық және биофизикалық
үрдістерді айтады.
Бұл ілімнің негізін салған физиолог
Александр Шмидт(1872-1895).
Плазмалық қан ұйытатын факторлар
I – фактор. Фибриноген - үлкен молекулалы глобулин. Плазмада 0,3-0,4% фибриноген бар. Қан ұйығанда ол
зольден гельге айналып, ұйыған қан негізін құрады.
II – фактор. Протромбин- гликопротеид. “К” витамин қатысуымен бауырда түзіледі.Бұл пасивті фермент, қан
ұюы кезінде белсенді тромбинге айналыды.
III – фактор. Тіндік тромбопластин мен қан тромбопластині- жасуша мембрана құрамына кіреді,
протромбиназа түзілуіне қажет.
IV – фактор. Кальций ионы-коагуляциялық, гемостаздық кезеңдердің үшеуіне де қатысады.
V – VI – фактор. Проакцелерин, акцелерин-глобулин. Екі фактордын біреуі белсенді, екіншісі пассивті
болғандықтан соңғысы көбінесе қолданылмайды.
VII – фактор. Проконвертин- “К” витаминнің қатысуымен бауырда жасалады,тіндік протромбиназа түзілуіне
қажет зат.
VIII – фактор.Антигемофилдік глобулин “А”.
IX – фактор. Кристмас факторы-антигемофильдік глобулин “В”. “К” витамин қатысуымен жасалады.
X – фактор. Стюарт-Проуэр факторы, “К” витаминнің қатысумен жасалады, тіндік және қан
протромбиназасын түзуіне керек.
XI – фактор. Тромбопластиннің плазмадағы негізі-глобулин бауырда түзіледі,ол жеткіліксіз болса,
гемофилия “С” ауруына әкеледі.
XII – фактор. Хагеман факторы- қан тамыры,жасушалары жарақаттанған кезде әрекет етеді, ол үшін қан
бұзылған жасушаның бетімен түйісуі қажет. Сондықтан оны жанасу факторы дейміз.
XIII – фактор. Фибринді тұрақты ететін фактор- плазма,тін,қан жасушаларында кездеседі, ерімейтін
фибрин түзілуіне қажетті зат. Бұл фактор жеткіліксіз болса жаралар көпке дейін жазылмайды.
XIV – фактор. Флетчер фактор-белок , плазминогенді және жоғары молекулалы кининогенді белсендіруге
қатысады.
XV – фактор. Фитцджеральд-Фложе факторы-XI,XII факторларды және фибринолизді белсендіреді.
Тамырдағы тромбоциттік гемостаз

• Зақымдану адгезия және агрегация

тромбтың тығыздалуы, ретракциясы
Коагуляциялық гемостаз
Сыртқы және ішкі механизмдері болады. Сыртқы механизімі
5-10сек созылады, тіндік протромбиназа әсерінен аз ғана
тромбин пайда болады. Ішкі механизм протромбиназаның
Протромбиназа қанда қалыптасуы 5-10 мин созылады.Ол жарақаттанған қан
пайда болуы тамыры эндотелиінің астындағы коллаген тінінің түйісуінен
басталады. Кальций комплексі белсенділігі күшейеді,
жиынтық кұралады да, тромбопламтиннен қан
протромбиназасы аяқталады.

Протромбиназаның бетіне адсорбцияланған
протромбин факторлар және калиций ионының
Тромбин пайда болуы
қатысуымен тромбинге айналады. Тромбин қан
ұйытатын ең маңызды, әсерлі фермент.
Тромбин әсерінен алдымен фибриногеннен золь тәрізді
фибринопептидті фибринмономер түзіледі. Одан кейін
калиций ионы қатысуымен полимерлену процесі
басталады. Фибринмономер еритін фибрин полимерге, ал
еритін фибрин- полимер плазмалық, қан жасушалары мен
Фибрин пайда болуы жасуша фибриназа ферментінің қатысуымен ерімейтін
фибринге айналады. Сонымен қан тромбасы пайда болады
да ұюы аяқталады. Сосын фибринолиз процесі жүреді.
Қан ұюын шапшаңдататын әдістер:
1. Ыдысқа құйылған қанның қызуын
37 С дейін көтеру қажет
2. Қанға кальций тұзы ерітіндісін
құйса немесе желатин қосса
3. Денеде “К” витамин көбейсе
4. Қан ағып тұрған жараға тромбин
ерітіндісіне малынған тампон
басса немесе адреналин қосса
5. Қан қабырғасы бұдырлы ыдысқа
құйылса
6. Белгілі бір тідерді қатайтып
нығыздайтын заттар, амин капрон
қышқылы, марганец қышқыл
калий, йод қан ағуын тез
тоқтаттады
Қанды ұйытпайтын әдістер:

Қан ұюына жол бермейтін заттар
антикоагулянттар деп аталады.
1. Қанға лимон қышқылды натрийдің 5%
ерітіндісін қосса. Бұл қанды цитратты қан
деп атаймыз.
2. Қымыздық қышқылды натрий ерітіндісін
қосып, оксалаты қан аламыз.
3. Қан құрамындағы фибринді алып
тастайды(дефибриндеу).
4. Медициналық сұліктің сілекейінде қанды
ұйытпайтын ги-рудин дейтін зат болады.
5. Гепарин қосылған қан ұйымайды.
6. Жасанды синаитрин заты, жасанды
антикоагулянттар қанды ұйытпайды.
7. Фибринолизин құйса қандағы тромбалар ери
бастайды.
Кроссворд
Г
Е
М
О
С
Т
А
З

1. Медициналық сұліктің сілекейінде болатын қанды ұйытпайтын зат?
2. Тромбоциттер жабысуын қалай атаймыз?
3. Гемостаздың екінші кезеңі?
4. Қан ұйымайтын ауру қалай аталады?
5. Қымыздық қышқылды натрий ерітіндісі қосылған қанды не деп айтамыз?
6. Қан ұюының ең соңғы кезеңі?
7. Қанға лимон қышқылды натрийдің 5% ерітіндісін қосғандағы атауы қандай?
8. Фибрин ыдырайтын үрдіс қалай аталады?
Кроссворд
Г И Р У Д И Н
А Д Г Е З И Я
Т Р О М Б И Н
Г Е М О Ф И Л И Я
О К С А Л А Т
Р Е Т Р А К Ц И Я
Ц И Т Р А Т
Ф И Б Р И Н О Л И З

1. Медициналық сұліктің сілекейінде болатын қанды ұйытпайтын зат?
2. Тромбоциттер жабысуын қалай атаймыз?
3. Гемостаздың екінші кезеңі?
4. Қан ұйымайтын ауру қалай аталады?
5. Қымыздық қышқылды натрий ерітіндісі қосылған қанды не деп
айтамыз?
6. Қан ұюының ең соңғы кезеңі?
7. Қанға лимон қышқылды натрийдің 5% ерітіндісін қосғандағы атауы
қандай?
8. Фибрин ыдырайтын үрдіс қалай аталады?
Глоссарий
• Гиперкоагуляция-ұйытатын заттардың шектен тыс көбеюіне
байланысты.
• Гипокоагуляция- қай ұйытатын түрткілердің азаюынан болады.
• Фибрин- оған қанның ұю үрдісінде тромбиннің әсер етуінен
туындайтын, суда ерімейтін ақуыз (белок).
• Протромбин - күрделі ақуыз, қан коагуляциясының күйін
сипаттайтын коагулограмманың маңызды көрсеткіштерінің
бірі.
• Глобулиндер - тұздардың сұйық ерітіндісінде еритін, бірақ
суда ерімейтін глобулалы протеиндер
• Антикоагулянттар (грек. antі — қарсы және coagulans немесе
coagulantіs — ұю, ұйыту) — қан ұю процесін
тежеп, тромб пайда болуын жоятын дәрілік заттар.
Қорытынды
Гемостаз - ол бір жағынан қан ағымында қанның сұйық
күйде ұстап тұру, ал екінші жағынан қан тамыры
зақымданғанда қан кетуді тоқтатуға және қан жоғалтуды
азайтуға жауап беретін ағзаның маңызды қызметі.
Гемостаз жүйесінің жұмыс істеу механизмі күрделі
болуына қарамастан, оның нәтижесі қарапайым - "жүйе
зақынданбаса қан ұю болмайды, ал зақымданған
жағдайда қан кетуді тоқтату үрдісі іске қосылады".
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сәтбаева Х. Қ., Өтепбергенов А. А., Нілдібаева Ж. Б. Адам
физиологиясы. (Оқулық). – Алматы. Издательство “Дәуір” , 2005.
2. Рахытжанова С. О., Сайдахметова А. С., Төкешева Г. М. “Физиология
анатомия негіздерімен”: Оқу құралы. – қарағанды: ЖК “АҚНҰР
баспасы” , 2014.
3. Бабский Е.Б., Бабская Н.Е. Адам физиологиясы: оқулық 1,2,3 том.-
Эверо, 2015.
4. Қалыпты физиология:оқулық. – М.: ГЭОТАР-Медиа,2015.
5. https://kk.wikipedia.org/wiki/Гемостаз_жүйесі
6. https://kazmedic.org/archives/6213
7. http://www.mykaz.kz/meditsina/gomeostaz-turalyi-referat-aza-sha/

Ұқсас жұмыстар
Қан ұюына қарсы жүйе
Қанның ұюы
Қанды ұйытатын қан жасушалары
ҚАН АУРУЛАРЫ
ТРОМБОЦИТТЕРДІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Кәдімгі жұмыршақ Пастушья сумка обыкновенная
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер
Сүттіген тұқымдастар
Ақжелкек
Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары
Пәндер