Хромосомалық мутациялар




Презентация қосу
Хромосомалық мутациялар

Орындаған:Унгаров Ш.
Био 16-3
Жоспары:
1. Спонтанды және индукциялық мутациялар

2.Химиялық мутагенез

3.Радиациялық мутагенез
Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе
қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның
белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды.

1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді.

Генетикалық ақпараттың өзгеруіне байланысты мутацияның:
-геномдық;
-хромосомалық түрлері бар.
Геномдық мутация – клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі.

Оның бірнеше түрі бар:

1) полиплоидия – хромосома жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі;

2) анеуплоидия – хромосома жиынтығының еселенбей өсуі;

3) гаплоидия – диплоидты (екі еселенген) хромосома жиынтығының кемуі.
Хромосомалық мутация – микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы
өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына, қосарланып кетуіне
немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына байланысты.

Делеция — хромосома ішіндегі өзгерістердің бір түрі, мұнда генетикалық материалдың
бір бөлекшегі түсіп қалады. Делецияның өлшемі әр түрлі болады — бір-екі нуклеотидтен
бірнеше ген үзінділеріне дейін.

Дупликация — хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.

Транслокация— мутацияның бір түрі. Онда ДНҚ кесіндісІ басқа бір жаңа, әдеттегіден өзге
жерге немесе басқа молекулаға көшіріледі

Инверсия дегеніміз — бір хромосоманың ішкі бөлігінің 180° өзгеруі.
Мутациялардың табиғи жағдайда немесе лабораториялық жағдайда пайда
болуын спонтанды (лат. "спонтанеус" —өздігінен) дейді.
Жасанды жолмен әр түрлі мутагендік факторлармен әсер ету арқылы адамның тікелей
басшылығымен алынған мутацияларды индукциялық (лат. "индукцио" —қоздыру)
мутациялар деп атайды.

Индукциялық мутагенез селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді.
Мутациялардың пайда болу процесін мутагенез, ал мутациялардың пайда болуына алып
келетін физикалық не химиялық факторларды мутагендер деп атайды.

Физикалық радиациялық мутагенез дегеніміз - әр түрлі физикалық факторлардың -
иоңдаушы сәулелердін, ультракүлгін сәулелерінің т.б. әсерінен пайда болатын
мутациялар. Иондаушы сәулелердің мутацияларды туғыза алатындығын алғаш рет 1925
жылы орыс ғалымдары Г.Надсон және С.Филиповтар ашқан. 1927 жылы Г.Меллер
рентген сәулелерінің әсерінен дрозофилаларда (жеміс шыбыны) көптеген
мутациялардың пайда болатындығын тәжірибе жасап анықтаған.
Химиялық мутагендер, радиация сәулелері сияқты, мейоздың бұзылуына алып келіп,
хромосомалардың дұрыс ажырасуын болдырмайды не хромосомалардың үзілуіне алып
келеді. Кейбір химиялық мутагендер тікелей ДНҚ молекуласына әсер етпей, оның
репликациялану механизмін өзгертеді, осының салдарынан ДНҚ синтезінде қателіктер
пайда болады.

Химиялық заттардың мутагендік механизмі әлі толық анықталған жоқ, дегенмен,
олардың кейбіреулері жасушаның бөлінуі кезеңінде ахроматин жіпшелерін үзіп,
олардың кызметін жояды, ал екінші біреулері, мысалы 5-бромурацил ДНҚ молекула-
сының репликациялануыңда азоттық негіздердің орнын ауыстырып транзициялар мен
трансверсияларды туғызады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Мутацияның заманауи жіктелуі
Жарық репарациясы репарация репарациясы
МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
ДНҚ репарацияның түрлері
Мутация туралы
Хромосомалық аурулар. Этиологиясы және жіктелуі. Онтогенезде хромосомалық ақаулардың байқалуы
МУТАЦИЯ
Тұқым қуалайтын белгілер
Хромосомды аурулар
ХРОМОСОМАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДІК АУРУЛАР
Пәндер