Аталық жыныс безі




Презентация қосу
Семей Мемлекеттік Медициа Университеті
Қалыпты физиология кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:Эндокриндік функцияны эндокриндік емес функциялармен
қатар атқаратын дене мүшелерінің физиологиясы және олардың организм
әрекеттеріне әсері.

Дайындаған: Болатқызы Б.
233 -топ
Тексерген: Арипбаева А.Н.

Семей, 2018ж
Жоспар:
*Кіріспе
*Негізгі бөлім:
1. Эндокриндік функцияны эндокриндік емес
функциялармен қатар атқаратын дене
мүшелері
2. Ұйқы безінің физиологиясы
3. Жыныс бездерінің физиологиясы
4. Плацента
*Қорытынды
*Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам денесіндегі көптеген жасушалар арнаулы
тіндер, мүшелер мен жүйелердің дағдылы қызметі,
олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі
қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен
реттелуі арқылы іске асады. Қызметтердің
гуморальды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс
бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады.
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде
маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу
дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және
минералдық заттардың әсерлері арқылы организм
қызметінің реттелуі.

Бездер

Ішкі Сыртқы
секреция секреция

Аралас
секреция
Эндокриндік жүйенің қызметі

Ағзаның гуморальды реттелуіне
қатысады және барлық мүшелер мен
жүйелердің қызметін бақылайды.
Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды
қамтамасыз етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен және
жүйке жүйесімен бірігіп ағзаның
қызметтеріне әсер етеді.
Басты ішкі секреция
бездері (сол жақта —
еркек, оң жақта — әйел
): 1. Эпифиз 2. Гипофиз
3. Қалқанша без 4.
Тимус 5. Бүйрек үсті
безі 6. Ұйқы безі 7.
Аналық без 8. Аталық
без
Негізгі бөлім

Эндокриндік
функцияны эндокриндік
емес функциялармен
қатар атқаратын дене
мүшелеріне:
гонадалар(жыныс
бездері — жұмыртқа
жасушасы мен ұрық),
плацента, ұйқы без.
Ұйқы безінің физиологиясы

Ұйқы безі — сыртқы
және ішкі секрециялы
ағза.

I. Экскреторлық қызметі:
асқорыту сөлін өндіру

II. Инкреторлық қызметі:
Лангерганс
аралшықтарының қанға
гармондарды(инсулин,
глюкагон, липокаин)
бөлуі.

Ұйқы безінің эндокриндік функциясын Лангерганс аралшықтары
атқарады.Олар бездің жалпы 0,01% құрайды. Аралшықтың гормон
түзетін 4 түрлі жасушасы бар:

Альфа-жасушалары 20-25% — глюкагон;

Бета-жасушалары 75-80% — инсулин;

Дельта-жасушалары — соматостатин;

РР-жасушалары — панкреатиттік полипептидтің өндірілуі.
Инсулин гормоны

Инсулин — ақуызды-пептидті гормон, ұйқы безінің
Лангерганс аралшаларының бета-клеткаларынан
бөлінеді.

Инсулиннің метаболизмі бауыр мен бүйректерде
глютатион-инсулин-трансгидролаза ферменті
әсерінен болады.

Негізгі нысана-жасушалар болып гепатоциттер,
миокардиоциттер, миофибриллдер саналады, яғни
гормон өзінің әсерін тек қана бауыр, жүрек, қаңқа
бұлшық ет пен май тіндерінде көрсетеді.
Жыныс бездері

Жыныс бездері — гонадалар
аралас сөлініс бездері болып
есептеледі.
Оларға әйел жыныс
гормондары
эстрогендер(эстрон,эстради
ол, эстриол ), прогестиндер,
аталық жыныс гормондары
— андрогендер кіреді.
Аталық жыныс безі

Аталық жыныс гормондары ұрық жолының
интерциалды тіндерінің ерекше — Лейдиг
жасушаларынан жасалады. Бұл гормондар
андрогенді деп аталады. Нағыз еркек жыныс
гормоны — тестостерон. Бұдан басқа белсенділігі
сәл төмен гормондар бар — андростерон,
эпитостерон. Андрогенді гормондармен қатар,
эстрогендерде жасалынып, бөлініп шығарылады.
Аналық жыныс безі

Жыныс жұмыртқаларының
негізгі құрылымы —
фолликула, оның ішінде
жұмыртқа жасушалары пісіп
жетіледі.Пісіп жетілгеннен
кейін жарылады одан
жұмыртқа жасушасы шығады.
Бұл овуляция деп аталады.
Плацента

Адам плацентасы
бірқатар гормондар
бөледі -
эстроген, прогрестерон
және гонадотропин.
Қорытынды

Қорытындылай келе, эндокриндік
функцияны эндокриндік емес
функциялармен қатар атқаратын
дене мүшелеріне: гонадалар(жыныс
бездері — жұмыртқа жасушасы мен
ұрық), плацента, ұйқы бездері
жатады. Олар бөлетін гормондар
ұлпаларға немесе мүшелерге тікелей
әсер етіп, олардың қызметін
күшейтеді немесе тежейді.
Пайдаланылған әдебиеттер

Адам физиологиясы — Х.Қ.Сәтбаева,
А.А.Өтепбергенов, Ж.Б.Нілдібаева —
Алматы,2005

Қалыпты физиология: оқулық
/Л.З.Тель, Н.А.Агаджанян,
К.М.Хамчиев,В.И.Циркин; Мәскеу,2015

Https://kk.m.wikipedia

Ұқсас жұмыстар
АТАЛЫҚ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
Аталық жыныс жүйесі
Еркек жыныс бездері
Аралас бездер
Жыныс мүшелері
Аналық жыныс гормоны
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары
Қан айналым иннервациясы Жыныстық гормондар және олардың қызметі
Гормондар туралы
Пәндер